Монша – адам жуынуы үшін арнайы жабдықталған орын. Монша ғимараттары ежелгі Грекияда, Римде, Мысырда, Үндістанда салынған. Мұндай Моншалар жуынып, денені тазарту орны ғана емес, сонымен қатар демалу, кездесу, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданатын орын болған. Осы әдет орта ғасырларда түркі елдерінде де орын алған. Әсіресе белгілі температурамен жылытылған мәрмәр тасына жатып қыздырыну – шығыс елдерінде ежелден жиі қолданылады. Қазақ жерінде Монша 11 ғасырдан белгілі. Моншаның адамға ең негізгі әсер ететін факторы – ыстық бу. Жоғары температура әсерінен адамның қан тамырлары кеңейеді, ішкі органдар, тері, бұлшық ет, буындар қанмен қамтамасыз етіледі, жүректің жиырылу саны жиілейді, зат алмасу процесінің қарқындылығы, организмнің оттекті сіңіріп, көмір қышқыл газын шығаруы артады. Өте көп мөлшерде тер бөлінеді. Тер шығаратын және май бездерінің жұмысының жақсаруы теріні тазартып қана қоймай, зат алмасу процесі өнімдерінің организмнен тез шығарылуына мүмкіндік жасайды. Монша процедуралары әсерінен жүрек және өкпе қызметінің жақсаруы жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйелеріне жаттықтыр-ғыш әсер береді. Бу Моншасы (орыс Моншасы), финдік құрғақ ыстық ауа (сауна) Моншасы және шығыс Моншасы деген түрлері кеңірек тараған. Бұлар бір-бірінен бу бөлмесінің темп-расымен және ылғалдылығымен ажыратылады. Орыс Моншасын 55 – 60ӘС-қа кейде 70ӘС-қа дейін ысытса (ылғалдылығы 80 – 90%), ал саунада температура 70 – 90ӘС (ылғалд. 5 – 15%) болады. Көптеген емдік әсері болғанымен Монша барлық адамға бірдей пайдалы емес. Жүрек ауруы, гипертония, атеросклероз, аневризма, көз бен құлақтың жедел аурулары бар адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдерге, жас балаларға ыстық Моншада қатты қыздырынуға болмайды.
Санаторий (лат. Sano — емдеймін, айықтырамын) — науқасты негізінен табиғи шипалы емдермен (минералды су, емдік балшық, климат), физиотерапия, диета, емдік дене шынықтырумен және режиммен емдейтін емдеу-сауықтыру мекемесі. Санаторилар көрсететін қызмет түріне қарай: бір бағытты (белгілі бір ауруды ғана емдеу) және көп бағытты (бірнеше ауру түрін емдеу) болып бөлінеді. Санаториларде негізгі емдік факторлар: минералды су (тұз мөлш. 0,5 — 15,2 г/л), атап айтқанда, радон, йод, бром, темір, азот, кремний аралас ыстық су; шөгінді балшық, күкірт қышқылды балшық (сульфид); шипалы климат. Санаторида емделу мерзімі — әдетте 21 — 24 күнге созылады. Қазір Қазақстанда 100-ге жуық Санаторилар мен аурудың алдын алу мекемелері (профилакторийлар) бар.
Минералды ванналар алдымен жүрек - қан тамыр және жүйке жүйесіне әсер етіп, олардың жұмысын реттейді, организмдегі зат алмасу процесі мен ішкі секреция бездері жұмысының қалыпты жүруін қамтамасыз етеді.
Минералды сумен емдеуді дәрігер белгілейді және оның бақылауымен жүргізіледі. Қазақстанда Минералды сумен емдейтін “Алмаарасан”, “Ақжайық”, “Қапаларасан”, “Жаңақорған”, “Көктем”, “Мерке”, “Мойылды”, т.б. курорт, санаторийлер жұмыс істейді.
Сумен емдеу емшаралары
Сумен емдеу мақсатында табиғи сулармен (өзен, көл, су құбыры) қатар дәрілік заттар қосылған сулар қолданылады
Судың емдік әсерін оның жылулық (термиялық) және механикалық (гидростатикалық) факторлары қамтамасыз етеді
Судың жылу әсері дәрежесі оның температурасына байланысты
Сумен емдеу емшаралары суық (200 С дан төмен) салқын (20-330 С) индифференті (талғаусыз) (34-360 С), жылы (37-390 С) және ыстық (400 С тан жоғары) болып бөлінеді.
Суық емшаралар рефлакторлы механизмі бойынша вегетативті жүйке жүйесінің зат алмасу қарқындығын өзгерте отырып, ішкі ағзалар қызметін реттейді, организмді шынықтырады.
Индифореренті су емшаралары организмді тыныштандырады, қан қысымын төмендетеді, жүрек соғуын баяулатады.
Жылы және ыстық су алдымен терідегі қан тамырларын қысқа уақытқа тарылтады, сонан соң кеңейтіп гиперемия пайда болады, тер бөлінуі күшейеді, тамыр соғу мен тыныс алу жылдамдайды қан қысымы төмендейді. Ішкі ағзалардың бұлшық еттері босаңсыйды, бездердің секреторлы қызметі жоғарылайды, орталық жүйке жүйесін тыныштандырады.
Ішкі режим - күнделікті суды тұтынудың ең ұтымды тәртібі, оның көлемін және жиілігін, сондай-ақ адам қызметінің түрін, экологиялық климаттық жағдайларын және дененің күйін ескере отырып, сұйықтықтардың химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерін ескереді. Дұрыс ішу режимі қалыпты су-тұз алмасуын қамтамасыз етеді, дене үшін қолайлы жағдай жасайды.
Ас-су режимі тамақ режимімен тығыз байланысты. Сұйықты ретсіз, артық қабылдау ас қорытуды нашарлатады, жүрек-қан тамырлары жүйесіне және бүйрекке қосымша күш түсіреді, организм ге қажетті заттардың бүйрек және тер бездері арқылы шамадан тыс көп бөлініп шығуына әкеліп соқтырады. Тіпті уақытша ғана мөлшерден көп су ішудің өзі бұлшық еттің жұмыс істеу жағдайын бұзады, тез шаршатады. Суды жеткіліксіз ішу де организмнің қалыпты қызметін бұзады: дененің салмағы азаяды, қанның тұтқырлығы көбейеді, дене қызуы көтеріледі, тамыр соғуы мен тыныс алу жиілейді, шөл қысып, жүрек көтереді, адамның жұмыс істеу қабілеті кемиді.
Организмнің қалыпты қызметін қолдап тұруға қажетті судың ең аз мөлшері негізінен адамның жас шамасына, белсенді дене еңбегіне, тамақ рационына, климат жағдайына байланысты. Балаларға тәулігіне 80—160 мл су беру керек. Орталық аймақтарда тұратын, дене еңбегімен барынша аз айналысатын ересек адамдар үшін ас-су нормасы 2,5 л (дене салмағының 1 кг-на 35—40 мл); бала емізетін әйелдер тәулігіне 1 л-ге жуық қосымша су ішуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |