Реферат тақырыбы: «Сумен емделу»



бет1/2
Дата28.11.2019
өлшемі1,37 Mb.
#52643
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Сумен емделу

МФ «Даналық» колледжі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:

«Сумен емделу»



Орындаған: 4ЛД-ВК тобының студенті
Тексерген:

2019-2020 оқу жылы

Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Сусыз өмір жоқ. Ағзада су болмаған жағдайда жасушалар жұмысын тоқтатып, ағза уланады. Дәрігерлер мен салауатты өмір салтын ұстанатындар күніне 2 литр су ішуге кеңес береді.

Бірақ адамдар судың емдік функциясы жайлы біле бермейді. Ағзаны сумен тазартып, сауықтыру ең қымбат және сирек дәрі-дәрімектердің күшімен бірдей болуы мүмкін.

Су – табиғи дәрі

Жапонияның дәстүрі бойынша олар таңертең ояна салып су ішеді. Бұл зәр шығару жүйелері, энергетика, дененің барлық функциялары мен жүйелерін оятуда оң әсерін тигізеді.

Бүкіл әлем бойынша ғылыми тәжиірбелер, көптеген медицицналық орталықтардағы сау адамдар үшін, сондай-ақ ауыр аурулардан зардап шегетін адамдар үшін осы әдістің мәні дәлелденген.

Сумен емдеу көптеген жерлерде оң нәтижесін берген, кейбір ауруларды 100% емдеген. Сумен жүрек-қан тамырлары, артрит, семіздік, бронхит, астма, туберкулез, менингит, бүйрек, асқазан аурулары т.б. көптеген ауруларды емдеуге болады.



Физиотерапия (гректің physіs – φύσις - табиғат және θεραπεία - емдеу)

Физиотерапия — табиғи және жасанды түрде жасалынатын физикалық факторлардың физиологиялық пен емдік әсерін тигізетін және профилактикалық, емдік мақсаттармен жасалатын медицина саласы


Минералды сумен емдеу, бальнеотерапия (лат. balneum – монша, суға түсу және грек. therapeіa – емдеу) – курорттық және курорттан тыс емдік - профилактикалық мекемелерде әр түрлі ауруларды табиғи және жасанды жолмен дайындалған минералды сумен емдеу. Минералды сумен емдеу ішкі сыртқы ем үшін пайдаланылады. Сонымен бірге ауызды шаю, ингаляция жасау, асқазан мен ішекті шайып тазарту үшін пайдаланылады. Минералдық сулардың құрамында көмірқышқыл газдың, күкіртті сутектің, азоттың, тез ыдырайтын радиоактивті заттар емдік әсер береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет