Қорадағы микроклиматтың құс организміне әсері температураның, ауаның ылғалдылығы мен оның қозғалу жылдамдығының, сондай-ақ ондағы техникалық құралдар арқылы байқалады. Жабық қораларда ауа күрт нашарлап кетуі мүмкін, бұл құстың өнімділігі мен өсімталдығын төмендетеді, еңбек шығыны көбейіп, мал өнімдерінің өзіндік құны қымбаттап, сапасы.
Құс қораларында қолайлы климат болуы үшін, оларда ауа температурасының, оның ылғалдылығының, қозғалу шапшаңдығының, ауа құрамының зоогигиеналық нормативке сай келуінің, сондай-ақ қораларды құстың түріне, жасына, бағу технологиясына сәйкес жобалаудың, техникалық нормаларда көзделген басқада жағдайлардың болуын қамтамасыз ету керек.Құс қораларындағы микроклимат жағдайы сыртқы ауа-райына, азықтандыру тәсілдеріне, қоршаулардың түрлеріне, желдеткіш және канализация жүйелерінің жұмысына құс саңғырығының дер кезінде тазаланып тұруына байланысты.Құстардың жылу алмасу процесінің нашар дамуы себебінен ол сыртқы ортаның өзгеруіне тез бейімделе алмайды. Мысалы, төмен температура жағдайында құстар азықты шамадан тыс мөлшерде қабылдап, организмде өтетін жылу алмасу процесін нашарлатып, организмнің салқындауына себепші болып, түрлі ауруларға шалдықтырады. Олар жоғары температура жағдайына да сезімтал (құстардың суды көп мөлшерде пайдалануы құс саңғырығы арқылы бөлінетін амииак мөлшерінің көбейюі).Ауадағы жоғарғы ылғалдылық организмнің зат алмасу құбылысын нашарлатып, тотығу-тотықсыздану процесін тежейді. Мның өзі құстың тәбетін төмендетіп, азықтың сіңімділігін нашарлатып, түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін, әрі ауа қозғалысының жылдамдығы жылу бөлу қабілетіне әсерін тигізеді, сондықтан да оның мөлшері гигиеналық жағдайға сай болуы керек.Микроклиматтың тағы бір көрсеткіші ретінде құс организміне жарықтың маңызы зор (4-кесте). Құс қораларына табиғи жарықпен бірге жасанды жарықты пайдалану қажет, ал терезелері жоқ қораларда тек күндізгі жарық беретін люминесцентті немесе қызу беретін лампалар қолданылады.
Жасанды жарықтың көзі қораның ішіне бірқалыпты мол жарық түсіріп тұруы қажет. Құстарды еденде баққанда оның жарықтылығы шамамен 15-20 лк болуы керек, бұл қызулы шамдардың қуаттылығы бір шаршы метр көлемге дегенде 4-5 Вт есебімен алынады.
Құс қораларының ауа тазылығының көрсеткішін көмірқышқыл газының көлемімен бағалайды. Құс қорада бұл газдың көп болу себебінен құстардың тыныс алу жиілігі артпай, керісінше құстарда тыныс алу жиілігі кеміп, кейбір жағдайда тоқтауға әкеліп соғады.
Құс организміне аммиак пен күкіртсутек әсерінен құс денесіндегі оттегінің құлдырауына әкеп соғады. Сондықтан да олардың мөлшері белгіленген қалыптан аспауы керек (5-кесте).
Ірі құс шаруашылықтарында құс санының көп болу себебінен және құрғақ азықпен азықтандырылуы салдарынан ауада механикалық, бактериялық қоспалар болуы мүмкін. Мысалы: 720-1000 мың басқа арналған құс фермаларында желдеткіш жүйесі арқылы 1 сағат ішінде сыртқы ортаға 13 кг аммиак, 1490 м2 СО2, 40 кг шаң-тозаң, 174,8 млрд микроорганизмдер шығарылады. Мұның өзі құс арасында түрлі өкпе, көз ауруларының себепкері болады.
Микроклиматты жетілдіру мақсатында ауаның физико-химиялық көрсеткіштерін реттеумен қатар оның биологиялық белсенділігін жоғарылату керек. Ал құстың төзімділігін арттыру үшін жүйелі түрде ауаны тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу орынды.
Қазіргі кезде ауадағы шаңды азайту мақсатында және зарарсыздандыру үшін әрі оның биологиялық белсенділігін арттыратын тиімді тәсілдер бар. Олар, атап айтсақ: ауа сүзгіштерін қолдану, ионизациялау, қысқа толқынды УК-радиацияны қолдану, зарарсыздандыру (құстың барында). Ауаны зарарсыздандыру үшін (аэрозольды тәсілмен) қолданатын препараттар: резорцин, триэтиленгликоль, сүт және янтарлық қышқылдар. Осы мақсатта құс қораларында бактерицидтік шамды да (ДБ-30) қолданған тиімді (0,5-0,6 ВТ/м2).
2.4 Тауықтар гигиенасы
Тауықтардың денсаулығы және олардан алынатын жұмыртқаның сапасы көп жағдайда қора-жайдың микроклиматына, азықтандыру жағдайына,орна-ластыру тығыздығына және басқа да экологиялық факторларға байланысты болады.
Тауықтарды ұстаудың негізгі екі әдісі қолданылады: еденде және торда. Климаттық және экономикалық жағдайға, шаруашылықтың жүйесіне және өндірістің мамандандырылуына байланысты жоғарыда айтылған екі әдістің бірі таңдалады.
Қазіргі кезде жұмыртқаның негізгі массасын тауықтарды торда ұстау арқылы алады. Дегенмен тауықтарды торда ұстағанда жұмыртқаның жарылуы және шытынауы (пайыз) жоғарылайды, ал еденде ұстау барысында жұмыртқа қабығының ластануы 40-50 пайызға дейін жетеді.
Тауық қораларында қолайлы микроклимат жасау керек. Жылдың суық мезгілінде құс қорасының ауа температурасы 16-180С, салыстырмалы ылғалдылығы 60-70 пайыз болуы керек. Бұл кезеңде құс қорасының ауа температурасы 40С-тан төмен болмауы керек, ал жазда ысып кетпеу керек.Тауық қораларының жарықтандырылуы да тауықтардың өнімділігі айтарлықтай әсер етеді. Тауық өнімділігі үшін қызыл сәулелі жарықты қолдану тиімді, сонымен қатар ол тауықтардың бірін-бірі шұқып тастауын болдырмайды. Ал көк жарық қойғанда тауықтар қараңғыда жүргендей болады, сондықтан ла оны тауықтарды ұстау үшін қолданады.Тауық қораларындағы төсеніштің жағдайын үнемі қадағалап отыру керек. Ол үшін құрғақ ағаш үгінділері қолданылады. Зеңденген, мұздаған, ылғал, шіріген төсенішті қолдануға болмайды.
Тауықтарды торда ұстаудың артықшылықтары:
- қалың төсеніште ұстаумен салыстырғанда (5-6 бас/м2), орналастыру тығыздығы жоғары болады – 30 бас/м2;
- тауықтарды аздан орналастыру және саңғырығының бөлек түсуі санитариялық-гигиеналық жағдайды жақсартады;
- еденде ұстаумен салыстырғанда азық 10 пайызға үнемделеді;
- еңбек өнімділігінің жоғарылауы.
Бұл әдістің кемшіліктері:
- санитариялық-гигиеналық және технологиялық қондырғылардың қымбатшылығы және мамандандырылған техникалық қызметтің қажеттігі;
- тығыз орналасудың салдарынан созылмалы стрестің дамуы және қозғалыстың шектелуінен әртүрлі технологиялық аурулардың пайда болуы.
Тауықтарды торда ұстау тиімділігі көп жағдайда торлы батареялардың түріне байланысты болады, олар көптеген функцияларды орындайды (азықтандыру, суару, жұмыртқа жинау, саңғырықты тазалау).
Зоогигиеналық тұрғыдан барлық торлы батареялар үш топқа бөлінеді:
- вертикальді түрі, ярустары сатылы түрі, тігінен орналастырады;
- сатылы немесе жартылай сатылы түрі, ярустары баспалдақ тәрізді орналасады;
- көлденең түрі, бір және екі ярусты болады.
Асыл тұқымды және өнеркәсіптік тауықтардың толыққұнды азықтануы, белгілі кезеңдерде жас мөлшерінің зооинженерлік көрсеткіштерге сәйкес келумен бақыланады.
Тауық рационында жұмыртқа жасауға керекті белоктың жетіспеушілігі-нен олар өз денесіндегі белоктан толықтырады, мұндай кезде тауықтардың салмағы азаяды және арықтайды. Сонымен қатар белокты шамадан тыс беруге де болмайды.
Тауықтар жұқпалы, паразитті және жұқпалы емес аурулардан таза болуы керек. Инфекциялық ауру қоздырғыштары жұмыртқаны қалыптасу кезінде, сондай-ақ жатырдан, қынаптан және клоакадан өткенде сырттай зақымдайды. Мұндай жұмыртқалар үшін қауіпті және олар инкубацияға жарамайды.
Тауықтарды құнарлы азықпен азықтандыру – олардың жақсы өсіп жетілуінің, өнімділігінің арта беруінің басты шарты.
Құс азығының сапасына малдәрігерлік-санитариялық бақылауды азық қорын сырттай қарап көру немесе кез-келген малдәрігерлік зертханада санитариялық-гигиеналық және химико-токсикологиялық зерттеу жолымен жүзеге асырады. Тауықтарды азықтандыру оның жасына, өнімділігіне, тұқымына және ерекшеліктеріне байланысты.
Оларға берілетін азықтың 60-70 пайызы астық тұқымдастар, дәнді дақылдар болуы тиіс. Тауықтар белгілі бір уақытпен азықтандырылып, оларға берілген азық сапасы гигиеналық талапқа сай болуы керек. Бұл ережені сақтамау салдарынан, құс арасында түрлі аурулар болуы мүмкін. Мысалы: мақта шротының құрамындағы госсипол улы затымен немесе құрама жемдегі шамадан тыс тұз мөлшері құстарды уландыруы мүмкін.
Қоректі азықпен тиімді аықтандырумен қатар дер кезінде және қандыра сауру құстың өнімділігін арттыра берудің қажетті шарты. Құстарға арналған су жарамды, мөлдір, иіссіз болуы және оның құрамында түрлі механикалық жәе бактериялық қоспалар болмауы тиіс.
2.5 Балапандарды өсіру
Жас балапандарды дұрыс күтіп-бағудың өзі келешекте ересек құстардың өнімділігін арттыруда маңызы зор, сондықтан да құс балапандарын жасына жақсы азықтандырып, күтіп-бағу қажет.Балапандарды күтіп-бағудың ең жауапты кезеңі алғашқы 3 апта уақыты. Жоғарыда көрсетілгендей балапандарды күтіп-бағу жүйелері әртүрлі болады. Соңғы уақытта ірі құс шаруашылықтарында балапандарды торда ұстау әдісі қолданылады. Бұл жағдайда тор батареясының жоғарғы қабаттарында әлсіз балапандарды, ал төменгі қабаттарында тіршілікке бейімдеу балапандар орналастырылады. Балапандар үшін микроклиматтың ерекшелігі оның негізгі көрсеткіштерінің жоғары деңгейде болуында. Атап айтқанда, ылғадылық 60-70 пайыз, ал жарықтылықтың ұзақтығы 17-24 сағат аралығынла ауытқу керек. Балапандарды өсіруге арналған қораларда арнайы жабдықтар (брудер) арқылы олар орналасқан шектеулі жерді жылытып, алғашқы күндері температура 33+370С аралығында ұсталып, микрокиматтың басқа көрсеткіштерін реттеп отыру үшін қора ауасы жиі желдетіліп тұруы қажет. Мысалы: тәуліктік балапандарға қажетті ең төменгі температура 29+300С, ал 6 күннен кейін температура көрсеткіші 260С-қа төмендетіліп және әр апта сайын 30С-қа төмендетіліп, ақырында айдың аяғында оның көрсеткіші 180С болуы тиіс.
Ауадағы жоғары ылғалдылық организмнің зат алмасу құбылысын нашарлатып,тотығу тотықсыздану процесін тежейді.Мұның өзі құстың тәбетін төмендетіп,азықтың сіңімділігін нашарлатып,түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін,әрі ауа қозғалысының жылдамдығы жылу бөлу қабілетіне әсерін тигізеді,сондықтан да оның мөлшері гигиеналық жағдайға сай болуы керек.
Микроклиматтың тағы бір көрсеткіші ретінде құс организміне жарықтың маңызы зор. Құс қораларына табиғи жарықпен бірге жасанды жарықты пайдалану қажет, ал терезелері жоқ қораларда тек күндізгідей жарық беретін люминесцентті немесе қызу беретін қолданылады. Құс қораларының ауа тазалығының көрсеткішін көмірқышқыл газының көлемімен бағалайды. Құс қорада бұл газдың көп болу басқа малдардай құстар да тыныс алу жиілігі артпай, керісінше құстарда тыныс алу жиілігі кеміп, кейбір жағдайда тоқтауға әкеліп соғадыҚұс организміне аммиак пен күкірттісутек әсерінен,құс денесіндегі оттегінің құлдырауына әкеліп соғады.Сондықтан да олардың мөлшері белгіленген қалыптан аспауы керек.
Ірі құс шаруашылықтарында құс санының көп болу себебінен және құрғақ азықпен азықтандырылуы салдарынан ауада механикалық,бактериялық қоспалар болуы мумкін .Мысалы:720-1000мың басқа арналған құс фермаларында желдеткіш жүйесі арқылы 1 сағат ішінде сыртқы ортаға 13кг аммиак,1490м3 СО2 ,40кг шаң-тозаң ,174,8млрд микроорганизмдер шығарылады.Мұның өзі құс арасында түрлі өкпе ,көз ауруларының себепкері болады.
Микроклиматты жетілдіру мақсатында ауаның физико-химиялық көрсеткіштерін реттеумен қатар оның биологиялық белсенділігін жоғарылату керек.Ал құстың төзімділігін арттыру үшін жүйелі түрде ауаны тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарын жургізу орынды.
Қазіргі кезде ауадағы шаңды азайту мақсатында және зарарсыздандыру үшін әрі оның биологиялық белсенділігін арттыратын тиімді тәсілдер бар. Олар,атап айтсақ:ауа сүзгіштерін қолдану,ионизациялау,қысқа толқынды УК-радиацияны қолдану,химиялық зарарсыздандыру (құстың барында).
Тауықтар гигиенасы.
Тауықтардың денсаулығы және олардан алынатын жұмыртқаның сапасы көп жағдайда қора-жайдың микроклиматына,азықтандырылу жағдайына, орналастыру тығыздығына және басқа да факторларға байланысты болады.Тауықтарды ұстаудың негізгі екі әдісі қолданылады:еденде және торда. Климаттық және экономикалық жағдайға, шаруашылықтың жүйесіне және өндірістің мамандандырылуына байланысты жоғарыда айтылған екі әдістің бірі таңдалады.
Қазіргі кезде жұмыртқаның негізгі массасын тауықтарды торда ұстау арқылы алады.Дегенмен тауықтарда торда ұстағанда жұмыртқаның жарылуы және шытынауы(10%)жоғарылайды,ал еденде ұстау барысында жұмыртқа қабығының ластануы 40-50%-ға дейін жетеді.
Тауық қораларында қолайлы микроклимат жасау керек.Жылдың суық мезгілінде құс қорасының ауа температурасы 16-180С,салыстырмалы ылғалдылығы 60-70% болуы керек.Бұл кезеңде құс қорасының ауа температурасы 40С-тан төмен болмауы керек,ал жазда ысып кетпеуі керек.Тауық қораларының жарықтандырылуы да тауықтардың өнімділігіне айтарлықтай әсер етеді.Тауық өнімділігі үшін қызыл сәулелі жарықты қолдану тиімді,сонымен қатар ол тауықтардың бірін-бірі шұқып тастауын болдырмайды.Ал көк жарық қойғанда тауықтар қараңғыда жургендей болады,сондықтан да оны тауықтарды ұстау үшін қолданады.
Тауық қораларындағы төсеніштің жағдайын үнемі қадағалап отыруы тиіс. Ол үшін құрғақ ағаш үгінділері қолданылады. Зеңденген, мұздаған, ылғал, шіріген төсенішті қолдануға болмайды.
Тауықтарды торда ұстаудың артықшылықтары:
- қалың төсеніште ұстауменсалыстырғанда(5-6 бас/м2),орналастыру тығыздығы жоғары болады-30 бас/м2
- тауықтарды аздан орналастыру және саңғырығының бөлек түсуі санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсартады;
- еденде ұстаумен салыстырғанда азық 10%-ға үнемделеді;
- еңбек өнімділігінің жоғарылауы.
Бұл әдістің кемшіліктері:
- санитариялық-техникалық және технологиялық қондырғылардың
қымбатшылығы және мамандандырылған техникалық қызметтің қажеттігі;
- тығыз орналасудың салдарынан созылмалы стрестің дамуы және қозғалыстың шектелуінен әртүрлі технологиялық аурулардыңпайда болуы.
Тауықтарды торда ұстау тиімділігі көп жағдайда торлы батариялардың түріне байланысты болады,олар көптеген функцияларды орындайды(азықтандыру суару,жұмыртқа жинау,саңғырықты тазалау).
Зоогигиеналық тұрғыдан барлық торлы батареялар үш топқа бөлінеді:
- вертикальды түрі, ярустары бірінің үстіне бірі,тігінен орналастырады;
- сатылы немесе жартылай сатылы түрі, ярустары баспалдақ тәрізді орналасады;
- көлденең түрі ,бір және екі ярусты болады.
Асыл тұқымды және өнеркәсіптік тауықтардың толық құнды азықтануы, белгілі кезеңдерде жас мөлшерінің зоотехникалық көрсеткіштерге сәйкес келумен бақыланады.
Тауық рационында жұмыртқа жасауға керекті белоктың жетіспеушілігінен олар өз денесіндегібелоктан толықтырады,мұндай кезде тауықтардың салмағы азаяды және арықтайды.Сонымен қатар белокты шамадан тыс беруге де болмайды. Тауықтар жұқпалы,паразитті және жұқпалы емес аурулардан таза болуы керек. Инфекциялық ауру қоздырушылары жұмырқаны қалыптастыру кезінде,сондай-ақ жатырдан,қынаптан және клоакадан өткенде сырттай зақымдайды. Мұндай жұмыртқалар адам үшін қауіпті және олар инкубацияға жарамайды. Тауықтарды құнарлы азықпен азықтандыру – олардың жақсы өсіп жетілуінің ,өнімділігінің анықтайды.
Құс азығының сапасына малдәрігерлік-санитарлық бақылауды азық қорын сырттай қарап көру немесе кез келген малдәрігерлік лабораторияда санитариялық-гигиеналық және химико-токсикологиялық зерттеу жолымен жүзеге асырады. Тауықтарды азықтандыру оның жасына, өнімділігіне, тұқымына және ерекшеліктеріне байланысты.
Оларға берілетін азықтың 60-70%астық тұқымдастар,дәнді дақылдар болуы тиіс.Тауықтар белгілі бір уақытпен азықтандырылып,оларға берілген азық сапасы гигиеналық талапқа сай болуы керек.Бұл ережені сақтамау салдарынан,құс арасында түрлі аурулар болуы мүмкін.Мысалы:мақта шротының құрамындағы госсипол улы затымен немесе құрама жемдегі шамадан тыс тұз мөлшері құстарды уландыруы мүмкін.
Қоректі азықпен тиімді азықтандырумен қатар дер кезінде және қандыра суару құстың өнімділігін арттыра берудің қажетті шарты.Құстарға арналған су жарамды,мөлдір,иіссіз болуы және оның құрамында турлі механикалық және бактериялық қоспалар болмауы тиіс.
.4 Балапандарды өсіру гигиенасы.
Жас балапандарды дұрыс күтіп-бағудың өзі келешекте ересек құстардың өнімділігін арттыруда маңызы зор,сондықтан да құс балапандарын жасынан жақсы азықтандырып,күтіп-бағу қажет.
Балапандарды күтіп-бағудың ең жауапты кезеңі алғашқы 3 апта уақыты.Жоғарыда көрсетілгендей балапандарды күтіп-бағу жүйелері әртүрлі болады.Соңғы уақытта ірі құс шаруашылықтарында балапандарды торда ұстау әдісі қолданылады.Бұл жағдайда тор батареясының жоғарғы қабаттарында әлсіз балапандарды,ал төменгі қабаттарында тіршілікке бейімдеу балапандар орналастырылады.Балапандар үшін микроклиматтың ерекшелігі оның негізгі көрсеткіштерінің жоғарғы деңгейде болуында.Атап айтқанда,ылғалдылық 60-70%,ал жарықтылықтың ұзақтығы 17-24 сағ. аралығында ауытқу керек.Балапандарды өсіруге арналған қораларда арнайы жабдықтар(брудер) арқылы олар орналасқан шектеулі жерді жылытып,алғашқы күндері температура 33+370С аралығында ұсталып,микроклиматтың басқа көрсеткіштерін реттеп отыруы үшін қора ауасы жиі желдетіліп отыруы қажет.Мысалы:тәуліктік балапандарға қажетті ең төменгі температура 29+300С, ал 6 күннен кейін температура көрсеткіші 180С ьолуы тиіс.
Технологиялық жобалауға байланысты балапандарды торда ұстағанда олрдың жастарына байланысты орналасу тығыздығы, азықтандыру және суару фронттары нормативке сәйкес болуы маңызды.
Күркетауықтар гигиенасы.
Күркетауық шаруашылығының негізгі өнімі – күркетауық еті. Күркетауықтардың аналық тобын солярийі бар қораларда ауыстырылмайтын қалың төсеніште ұстайды. Еденде ұстағанда қораны секцияларға бөледі және әр секцияға 250-500 бастан аналықтарды орналастырады. Қораларға 4-5 аналыққа 1 ұя сәйкес келетіндей есеппен ұялар орналастырады.
Балапан басатын күркетауықтарды төсеніште немесе торлы батареяда ұстайды. Торлы еденде оларды 14 аптадан артық ұстамайды. Күркетауық балапандарын бағуды ересектеріне арналған қораға ауыстырғанға дейін төсеніште жалғастырады.
Балапан басатын күркетауықтарды орналастыру тығыздығы: төсеніште – 1-17аптада 3-4 бас/м2; 18-30аптада 2-3 бас/м2; торда- 1-8аптада 20 бас/м2; 9-14аптада 8-9 бас/м2. Етке арналған балапандарын жабық қораларда реттелетін микроклиматпен еденде өсіреді.Балапандарды тәуліктік жасынан сойғанға дейін терең төсеніште ұстайдыБалапандарды торлы батареяларда ұстағанда қора-жай сыйымдылығы 2-3 есеге,балапандардың тірі салмағы 7-11%-ға артады,ал азық шығыны 11,2-15,2 %-ға және өнімнің өзіндік құны 12,6-16,1%-ға төмендейді.Бірақ торда ұзақ ұстаудың нәтежесінде көп жағдайда балапандардың бұғанасы сынады және гематома пайда болады.
Күркетауық балапандары тауық балапандарына қарағанда төменгі температураға өте сезімтал келеді.Сондықтан да күркетауық балапандарын алдын ала жылытылған қора-жайға орналастырады.Алғашқы 5 аптада ауа температурасын брудерде 37-210С ,ал қорада 30-190С шамасында ұстайды және оны біртіндеп 160С –қа дейін төмендетеді. Қораны алғашқы күндері тәулік бойы жарықтандырады,бұл балапандардың азық пен суды тез табуы үшін қажет.Жарықтандыру ұзақтығы алғашқы күндері 24 сағатты құрайды,кейіннен оны 17 сағатқа дейін қысқартады,ал келесі кезеңде бұл шама 7 сағатқа сәйкес келеді.30 апталық жасынан бастап жұмыртқалау соңына дейінжарықтандыру ұзақтығын 7-8 сағаттан 14 сағатқа дейін созады.Жарықтандырылу интенсивтілігі алғашқы күндері 50лк,4 тәуліктен 20 тәулікке дейін 30лк,ал одан ары қарай 15лк болады.
Алғашқы күндері күркетауық балапандарынжалпақ астаушада азықтандырады.Балапандарды алғашқы ретжұмыртқаны жарып шығысымен 12-16 сағаттан кешіктірмей,яғни брудерге немесе торға ауыстырғаннан кейін бірден азықтандырады.
Күркетауық балапандарыназықтандыруды ұйымдастыру барысында олардың биологиялық ерекшеліктеріне көңіл аудару керек.Басқа құс балапандарыменсалыстырғанда күркетауық балапандары азықты бірден жемейдіжәне олардың азықтың ауысуынасезімтал келеді,сонымен қатар азық сапасын талап етеді.
Қортынды Тауықтардың өнімділігін арттыру үшін оның азығы, қора жайлар, су, ауа температурасы нормаға сай болу керек.