Реферат Тақырыбы: «Тірек-қимыл аппаратының алдын-алудағы дене шынықтыру.»



бет1/4
Дата19.03.2022
өлшемі23,33 Kb.
#136251
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
реферат 6апта физра


«Астана медициналық университеті» КЕАҚ
Оңалту бөлімі, спорттық медицина және дене шынықтыру
Реферат
Тақырыбы: «Тірек-қимыл аппаратының алдын-алудағы дене шынықтыру.»
Орындады:Асылбаева Ақмарал
Факультет: жалпы медицина
Топ: 107
Қабылдады: Болғанбай Дәулет

Нұр-Сұлтан


2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.........................................................................................................5
1). Тірек-қимыл аппараты ауруларының алдын-алуға және емдеуге арналған
жаттығулар ................................................................................................................5
2) . Тірек -қимыл аппаратының қандай аурулары жиі
кездеседі............................................................................................................6
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................10
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................11 КІРІСПЕ
Тірек – қимыл аппаратының бұзылуы емдік дене шынықтыру жаттығулары кезінде қанайналым қызметін, демалысты, зат алмасу, нерв жұмысын, ішкі секреция бездердің және бұлшықеттер жұмысын жақсартады. Емдік дене шынықтыру жергілікті жерге әсер етіп қана қоймай, бүкіл ағзаға әсер етеді. Емдік дене шынықтыру қай жерде жасалынатыны маңызды. Мысалы таза ауада, күн астында немесе жабық бөлмеде. Жабық бөлмелерде өткізілетін болса сол жердің санитарлық – гигеналық ережесін қатаң сақтау қажет. Сонымен қатар, Емдік дене шынықтыру жаттығулары құралмен және құралсыз жасалынатын болады. Құралдарға – таяқ, гантель, доп, жаттығу жасайтын қабырға, орындық жатады. Бұлар жүрісті дұрыстайды, ауып кетпеуді қадағалайды. Тірек – қимыл аппараты бұзылған балаларға қолданылады.
Адам өміріндегі тірек-қимыл аппараты үнемі жүктемене ұшырап, уақыт өте келе жоғалады. Буындарда және сүйектерде теріс өзгерістер, атрофия және организмнің бұлшық еттерін, шеміршек пен байланыстарды әлсіретеді. Өзгерістердің басты себептері – қартаю, дене салмағының шамадан тыс болуы, механикалық зақымдануы, адам ағзасына ыңғайсыз болатын позаның ұзаққа созылуы. Тірек-қимыл аппаратының денсаулығын сақтау үшін диетаны бақылап, жеткілікті минералдар мен витаминдерді қолданып, физиотерапия жаттығуларын өткізіп тұрады.
Физикалық жаттығулар жаттығудың белгілі бір деңгейімен орындалатын жаттығулар болып табылады. Олар белсенді бола алады – жаттығу динамикалық деп аталады. Егер элемент орындалуы кезінде көп мөлшерде энергия шығып кетсе және қозғалыс амплитудасы болмаса немесе салыстырмалы түрде кішкентай болса, онда ол статикалық деп аталады. Мұндай жаттығулар артериялық қысымның артуымен сипатталады, сондықтан қарттарда бұл жаттығудың түрі қарсы.
Тірек-қимыл жүйесін нығайту үшін барлық организмге, әсіресе жүрекке, тыныс алу органдарына және қанайналым жүйесіне оң әсер ететін динамикалық жаттығулар қолданылады.
Кальций тапшылығы адамның жалпы жағдайының төмендеуіне, сүйек ұлпасының жұмсаруына, сүйек буындарының сырқырауына, тіс ауруларына, остеопорозға әкеп соғуы мүмкін. Остеопороз – бұл қанқаның жүйелі ауруы, сүйек салмағының төмендеуі мен сүйек ұлпасының құрылысының бұзылуы.
Остеопороз сүйектің морттығын күшейтеді, сыну мүмкіндігін өсіреді.
Остеопороз дамуының үдеуіне келесі қатерлі мәнбірлер: тұқым қуалаушылыққа бейімділік, темекі шегу, маскүнемдік, тиімсіз тамақтану, аналық бездерінің қалыпты жұмысының әлсіреуі, дәрумендермен ақуыздардың шамадан аз болуы, жалпы зат алмасу бұзылыстары себеп болады.
Біріншілік алдын алуға ағзаның физиологиялық жағдайын күшейту, және физикалық күш түсуіне бейімдеу, дұрыс тамақтануда маңызды роль атқарады (көп мөлшерде ас тұзын қолдану буын ауруларының негізгі себебі болады). Сонымен бірге ағзаға суық тигізбеу, дымқыл жерде болмау, ошақты жұқпаны уақытында жою керек.
Екіншілік алдын алу аурудың қозуын болдырмау, қауіпті мәнбірлерді жою және де мерзімді ем қабылдап отыру. Көктемде және күзде пациенттерге қабынуға қарсы антибиотиктер және стероидтық емес гормондар тағайындалынады. Пациент темекіден және ішімдіктен бас тарту керек. Жыл сайын тұмауға қарсы иммунизация жүргізеді. Салмақты төмендетуге кепілдемелер беріледі.
Үшіншілік алдын алу буын функцияларын қалпына келтіру. Санаторлықкурортты ем кеңінен қолданылады: минералды су, климаттық ем, тәулік бойы таза ауада серуендеу, ауа және сәулелік ванналар. Дене шынықтыру, емдік жаттығулар әр пациентке буынның функциясына байланысты тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет