Реферат тақырыбы: Топырақтың радиоактивті элементтері. Экологиялық факторлардың топырақтың химиялық құрамына әсері


Антропогендік жағдайдан пайда болған радиоактивтік ядролық жарылыс, атом өндірістерінің қалдықтары, т.б. себептермен топыраққа радиоактивтік изотоптарды əкеледі



бет4/6
Дата24.10.2023
өлшемі46,33 Kb.
#187925
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
реферат шаблон
ТЖБ 7 сынып, lungs, lungs, phonetic, КТЖ 7 сынып алгебра, Simple Red and Beige Vintage Illustration History Report Presentation, White Modern Clean Minimalism Presentation, Dental Clinic Logo Tooth abstract design vector template Linear style. Dentist stomatology medical doctor Logotype, Green minimalist professional Business Proposal Presentation, Simple Red and Beige Vintage Illustration History Report Presentation
Антропогендік жағдайдан пайда болған радиоактивтік ядролық жарылыс, атом өндірістерінің қалдықтары, т.б. себептермен топыраққа радиоактивтік изотоптарды əкеледі.
Атом жарылыстарынан пайда болған радиоактивтік заттар ауамен таралып, жауын-шашынмен жерге түсіп, топырақты жəне табиғи суларды радиоактивтік заттармен ластайды. Антропогендік радиоактивтік изотоптар туралы айтқанда Қазақстан жерінің басым бөлігінде олардың көп тарағанын ескергеніміз жөн. Оның басты себебі қазақ жерінде уранның негізгі кендері табылды. Одақ кезіндегі атомдық сынақ жарылыстары да осында жүргізілгені белгілі. Биологиялық айналымға қосылып, жануарлар денесіне, олар арқылы адамның денесіне еніп, жайылып радиоактивтік сəуле тигізеді.
Ең қауіптісі стронцийдің изотопы (90Sr) цезиидікі (137Сs), өйткені олардың жартылай ыдырау уақыты өте ұзақ (90Sr - 28 жыл, І37Сs - 33 жыл) жəне олардың сəуле шығару күші үлкен болғандықтан, биологиялық айналымға белсенді қатысады. Сондықтан бұл изотоптардың топыраққа сіңіру заңдылықтарын олардың топырақта жылжу тəртібін жақсы білу керек. Бұл изотоптардың екеуі де топырақтың қатты бөлігіне толық сіңіріледі, сол себептен 80-90% топырақтыңжоғарғықабатынажиналады. Оның ішінде гумустың тұнба фракциясы мен монтмориллонитке, гидрослюдалы балшықты минералдарға бай топырақтарға мол сіңіріледі. Стронцийдін көп қасиеттері кальцийге, ал цезийдің қасиеттері калийге жақын, сондықтан бұл радиоактивтік элементтердің топырақтағы тəртібі осы айтылған элементтердің тəртібіне ұқсас келеді.
Радиоактивтік элементтердің топырақта таралуы. Топырақтағы жəне тау жыныстарындағы радиоактивтік элементтер мөлшерлерінің арасында корреляция бар екені анықталды. Топырақтағы радиоактивтік элементтердің мөлшеріне əсер ететін жағдайдың бірі – топырақ түзілу процесінде аналық тау жынысының өзгеру деңгейі.
Мысалы, элювиалды карбонатты жыныстардан түзілген топырақтарда ТРЭ мөлшері, топырақ түзуші басқа жыныстарға қарағанда бірнеше есе көп болады, себебі топырақ түзілу процесіндегі карбонаттардың үгілулері ТРЭ-нің көбеюіне əкеледі.
Топырақ құрамы өзі түзілген жыныстардан айырмашылығы көп болса, топырақтағы жəне жыныстардағы радиоактивтік элементтердің мөлшерлері өте алшақ болады, мысалы, шымтезекті топырақтарды алсақ, ТРЭ-нің топырақ қабаттарында тереңдеген сайын өзгеруі топырақ түзілу процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Карбонатты топырақтардың жоғарғы гумус қабатында ТРЭ мөлшері жоғары болып келіп, төмендеген сайын азаяды. Күлгіндеу, сортаңдану, балшықтану процестері нəтижесінде ТРЭ эллювиалды қабаттарына немесе глей қабаттарына ауысады. оның; мөлшері 1,5-3 есе артады.
5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет