Реферат тақырыбы: tqm тұжырымдамасы және модельдері Орындаған: Алпысбайқызы Ж. Тексерген: Жамурова В. Алматы,2023



бет5/5
Дата06.03.2023
өлшемі119,56 Kb.
#171177
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сапа жүйесі Жанна

Қорытынды


Сапа менеджмент жүйесі ұғымы өте терең. Мұндай жүйені құру көптеген ғалымдардың, қоғамның күшін, уақыттың ұзақтылығын талап етті. Бұл жұмыста қарастырылған сұрақ бойынша, біз сапаны басқарудың қалыптасу кезеңдеріне және сапаны басқарудың модельдеріне тоқталдық. Сапа менеджментінің даму кезеңдеріне тоқтала келе, әр кезеңнің өз атауы, өз негізін салушылары бар екенін білдік. Жүйелердің мән-мақсатын, уәждеу және оқыту жүйелерінің ерекшеліктерін талқыладық. Сапа менеджменті жүйесінің дамуын 6 кезеңге бөлінгенін, олардың уақыт аралықтарын қарастырдық. Келесі бөлімде біз сапаны басқарудың Кеңестік жүйелері немесе модельдеріне тоқталдық. Бұл бөлімде КСРО заманындағы басқаруға қандай бағытта, қандай мақсатта көңіл бөлінгендігі айтылады. Ол кездегі модельдер сапаны жақсартуға, оны әрі қарай дамытуға үлесін барынша, толық түрде тигізе алмады. Өйткені, олардың экономиканы дамытуға аса үлкен қызығушылықтары болмады, адам факторын, адам еңбегін тиісінше пайдаланбады, басқарушылар мен қызметкерлердің біріге жұмыс атқарулары мүлдем қарастырылмады. Дәл осындай қөптеген факторлар себебінен Кеңкстік жүйелер өз істерін тоқтаты. Осыған орай сапаны басқару ісіне қазіргі заманғы, шетелдік жүйелер кіре бастады. Келесі бөлімде дәл осы жүйелерге тоқталып кеттік. Бұл жүйелердің басы Жапониядан таралған. Олар, ең алдымен, тұтынушыларды қанағаттандыруды алға тарту мақсатында, өндірілетін өнімдердің сапалы болуын қадағалады.Персоналмен біріге жұмыс атқаруды, сапалы өнім шығаруды, басшылар мен персонал арасындағы сыйластықты, персоналдың өмір бойы өз жұмысына адал қызмет атқаруын, тұтынушылар талабын мүлтіксіз орындауды, ақаулы өнімдерді шығарылуын басынан тоқтатуды және тағы да осы сияқты сапаны басқаруға оң әсерін тигізетін жұмыстарды атқаруды алға тартты.Осындай жүйелерге өз үлесін қосқан көптеген ғалымдардың ұстанымдар да бар.

Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Маркушина, Е.Г. Менеджмент качества: журнал для руководителей и менеджеров. /Е.Г. Маркушина // Конвергенция наук в модели организационного совершенства предприятия - 2011. - №6 (40) – 40 б.

  2. Мендебаев, Т.М. Стандарттау, метрология және сертификаттау: оқулық. / Т.М. Мендебаев, Е.С. Асқаров, А.Ө. Ермекбаева, И.Ж. Жаханова // Алматы, 2011. – 252 б.

  3. Молдашев, Ғ.Қ. Сапа менеджмент жүйесі пәні бойынша дәрістер. /Ғ.Қ. Молдашев// Орал, 2014. 1-дәріс

  4. Қаржаубаев, К.Е. Стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару: оқу құралы /К.Е. Қаржаубаев // Алматы, 2011. – 76 б.

  5. http://www.peoples.ru/ Сапа менеджменті жүйесінің негізін салушылар туралы ақпарат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет