Реферат Тақырыбы: «Түркістан»



бет9/9
Дата31.01.2022
өлшемі271 Kb.
#116599
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
«Түркістан» леги-оны. М.Шоқай соғыс жылдарындағы әрекеті. Адаман Мерей 1505-10 Реферат

Қорытынды
М.Шоқай Қоқан қаласынан большевиктердің оғынан қашып шығып, Иргаш құрбашы қарақшыларының жасақтарының қолына түседі. Осы кезде ол санасы төмен өзбек нәсілдеріне кектенбей басынан өткен қиыншылықтары туралы былайша қорытындылайды: “Жеке жүрген бауырларыңның дос тұт қан халқынан дұшпандық көріп, көңілі қапа болып тұр. Сөйтсе де үнбастаудан басқа жер көрмеген, сарттан басқа ел көрмеген адамдардың маған қылған жаман шылығын бүкіл сарт халқына жапсырғым келмейді” [7]. Мұстафа Шоқай өзі үшін көптеген халықтың қырылып кетпеуін, оларға өзінің зияны тимейтін жағын ойластырды. Мұстафа Шоқай негізін қалаған Қоқан автономиясы бар болғаны екі ай, төрт күн ғана өмір сүрді. Олардың не офицері, не ақшасы, не әскері болған жоқ. Пошта, телеграф, темір жолдардың бәрі де жау қолында болатын. Осындай қиын кезде дүниеге келіп, қысқа ғана ғұмыр кешкен Қоқан үкіметінің Түркістан халқының ұлттық талаптарын қанағаттандыру жолында көзге көрінерлік ешқандай жұмыс тындыра алмауы заңды еді. Тіпті, бұл үкіметтің осындай жағдайда құрылып, 64 күн өмір сүре алуының өзі таңқаларлық құбылыс деуге болады. Ал Мұстафа Шоқай Кеңес үкіметінің ықпалы күшейіп, Қоқан автономиясы құлағаннан кейін, саяси пікірі қарама-қайшы болғандықтан, Түркістаннан асып кетуге мәжбүр болды. Әуелі Грузияға (1919-1920), 1920 жылы Түркияға қоныс аударады. Алайда ол жерде көп тұрақтай алмайды. Баспасөз еркіндігін аңсаған ірі тарихи тұлға енді Еуропаға қарай бет алып, саяси мұғажыр эмигрант ретінде большевизммен күресте қаламын қару етті және сол арқылы шетелдегі түркістандық саяси мұғажырлардың көсеміне айналды. М.Шоқай да және атамекенді тастап кеткен басқа мұғажырлар да тек шетелде Кеңес өкіметінің содыр саясатын әшкерелеумен ғана шектелген жоқ. Олар Ресейдің пролетарлық диктатурасынан Түркістанның азат болуын күтті. М.Шоқай сынды жүздеп, мыңдап саналған мұғажырлардың арманы да осы еді. Олар өз атамекендерін жанындай сүйіп, шетелде жүргенде де оның тұтас мүддесіне қызмет етуге дайын екендіктерін дәлелдеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Туркестанский вестник, 1917.- 9 декабря.

2.Шілдебаев С. Түрікшілдік және Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс -3.Алматы: Ғылым, 2002.


4.https://ikaz.info/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет