Реферат Тақырыбы: «Түркістан»



бет1/9
Дата31.01.2022
өлшемі271 Kb.
#116599
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
«Түркістан» леги-оны. М.Шоқай соғыс жылдарындағы әрекеті. Адаман Мерей 1505-10 Реферат




Реферат

Тақырыбы: «Түркістан» легионы. М.Шоқай соғыс жылдарындағы әрекеті.

Орындаған:М.Е.Адаман

Қабылдаған:Б.С.Айтай



Жоспар.

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1. Түркістан легионының құрылуы.

2. Легионшылардың соғыс қимылдарына қатысуы.

3. Батыс зерттеушілерінің Түркістан легионы.

4. Отанына оралған легионершылар

5. М. Шоқай және Түркістан легионы



ІІІ Қорытынды

Пайдаланған әдебиет
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан тарихының кеңестік кезеңі бүгінгі мемлекет өмірімен де ұрпақ өмірімен де тікелей байланысты болғандықтан, бұл салада объективтік пікір әлі тыңғылықты түрде қалыптасып біткен жоқ. Ол, әсіресе, кеңестік тоталитаризм тарихында ХХ ғасырдың 40 жылдарындағы тарихи оқиғалар мен саси қайраткерлер қызметіне байланысты. Кеңес үкіметі тұсында, коммунистік – тоталитарлық идиология үстемдік құрған кезде Түркістан легионы тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеуді былай қойғанда көпшілікке арналған әдебиет, тіпті ой қозғау, оның бетпердесін ашу мүмкін. еместін.

Екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі тұтқындардың жағдайы туралы айта келе жалпы кеңестік тарихнамада өз дәрежесінде зерттелмеген. Ал Қазақстанда бұл мәселені тек заманымыздың аса білікті қайраткері М.Шоқайдың есімін қаралау мақсатында Түркістан легионымен байланысты ғана сөзболды. Қазақ топырағында дүниеге келіп, әлемдік ауқымды саяси қайраткер дәрежесіне көтерілген М. Шоқай есімін халық зердесінен өшіру үшін “сатқын”, “пантюркизм ” насихаттаушы деген айдарлар тағылды. Азамат атын ақтау үшін соғыс тұтқындары, Түркістан легионы туралы мәселені жалпы кеңестік тоталитарлық жүйенің идиологиясымен іс -әрекеттеріне балта шауып объективті, шынайы зерттеу жұмысын жүргізу жұмысының негізгі өзекті мәселесі. Легионерлердің қилы тағдыры мен қызметін жан жақты зерттеу. Бұл мәселе жөнінде жазылған еңбектерді талдау. Бұл жерде назар аударатын нәрсе – сол жарияланған материалдардың көпшілігін жазғандар кәсіби тарихшы мамандар емес. Әрине, біз оларды бұл үшін кіналаудан аулақпыз. Негізгі мәселе сол жарияланған дүниелердің объективтік тұрғыдан қалай жазылуында. Жоғарыда айтылғандардан біріншіден Түркістан легионы тақырыбы көп жылдар бойы ғалымдардың назарынан тыс қалғаны, екіншіден, бұл тақырыптың тарих ғылымында теориялық және практикалық зор маңызы бар зерттеулерді күтіп тұрған мәселе деген қорытынды жасауға болады. Бұл зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігінің айғағы.



Тарихнамасы: Түркістан легионы тарихы туралы көптеген зерттеулер жүргізіліп бірқатар еңбектер жарық көрді. Кеңкестік кезеңде 1970 жылдары Х.Әміровтың “Легионның күйреуі” оның алдында шыққан С. Шәкібаевтың “Үлкен Түркістанның күйреуі” зерттеулерінің ерекшелігі бұрынғы коммунистік идеология тұрғысыныан емес, екінші бір жағына ауытқушылық тұрғысынан жазылған. Мысалы соғыс тұтқыны болып легионға кірген бір жауынгер жақсы бір қызмет лауазымына жеткендей , партизан қозғалысын басуға қатысқан Еуропа елдерінде саяхатта жүргендей етіп жазады. Э. Хоскенстің “История советского союза” еңбегінде Түркістан легионына енген жауынгерлердің ұлттық құрамы туралы көптеген деректер береді. Бұл жөнінде біздің Туркиядағы әріптестеріміз де зерттеулер жариялап жүр. Солардың бірі Әбдіуақап Қараның жазбаларында шығыс министірі Розенберг бұйрықтарымен М. Шоқайдың легионшылармен қарым – қатынастарын көрсетеді.

Бақыт Садыкованың “История Туркестанского легиона в документах” деген еңбегінде түркістан легионынының құрылуы мен легионшылардың қызметін құжаттар негізінде баяндайды. И. Гилязов “Пантюркизм пантуранизм және Германия:этнографиялық шолу” мұнда Германияның екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы түрікшілік идиология тұрғысынан жазылған. Амантай Какен “Түркістан легионы ” еңбегінде немістер түрік тектес және басқа халықтар есебінен шығыс легиондарын құруын, солардың бірі Түркістан легионы құрылымының қалай өмірге келгені оның себеп салдары сол әскери құрамда болған боздақтардың қилы тағдыры туралы мәліметтер береді. 1998 жылы “Түркістан” № 21, 22 санында Бакыт Садыкованы “Түркістан легионы: Жазылмайтын жарасы” атты мақаласында Гитлердің түріктік легиондарды құру туралы анықтамалық құжаттар жайлы деректер береді.

История Казахстана: белые пятно Алматы 1991, 301 бетінде тарихшы ғалым Беланның советтік республикалар есебінен мұсылман пантүріктік мемлекеттік құрылымды ұйымдастырудың белгілері туралы жазған.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде антифашистік Германияның шығыс легиондары оның ішінде “Түркістан легионын” құрудың басты себептерін мақсатын ашып көрсету және тұтқындар есебінен легиондар құру, легионшылардың қилы тағдырын құжаттар негізінде көрсеттім, шетелдерде қоныстануындағы қиындықтар мен “соғыстан кейінгі соғыстың” яғни коммунистік идиологияның ықпалынан қайта қысым көруінің басты себептерін ашу. Күрделі тарихи кезеңнің оқиғаларын қазіргі заман талаптары тұрғысынан жаңа методологиялық әдіс арқылы объективті және субъективті пікірлердің факторларын толық ашып көрсету. Мұстафа Шоқайды Түркістан легионын құрушы деген пантүріктік және пантуранистік көзқарастардың дәлелсіз ешбір құжаттарға сай келмейтінін ашып көрсету. Осы мақсаттарды іске асыру мақсатында мынадай міндеттер қойылды.

- Екінші дүниежүзілік соғыс қаурсаңындағы фашистік германияның

түрлі шығыстық легиондарды құру себептерін анықтау.

- Легионерлердің соғыс қимылдары мен екі державаның арасындағы

саяси байланыстарды құжаттар негізінде талдау.

- Легионерлердің соғыстан кейінгі тағдырына қорытынды жасау.

- Осы кездегі М.Шоқайдың қоғамдық -саяси қызметін айқындау, оның

шығыс легиондарын құруда ешқандай қатысы жоқ екендігін деректер

арқылы дәлелдеу.

С. Шәкебаевтың “Үлкен Түркістанның күйреуі” екі томдық кітабында неміс авторының кітабы – рейх мұрағаттарынан алынған. Деректі мәліметтермен екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың куәліктеріне сүйене отырып объективті түрде жазылған ғылыми зерттеу жұмысы. Екінші кітапқа келсек автор тарихи деректерге сүйене отырып жазған болғанымен, большевиктік идиологияның саясатына икемделіп



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет