Шетелдерде қалған түркістан лигионерлерінің тағдыры.
Кеңес эмиссарлары ұйымдастырған үгіт -насихат жұмыстарына қарамастан Мұстафа Шоқайдың ұлт – азаттық қозғалыс жөніндегі идеяларымен жақсы таныс болған Түркістан легионерлерінің көпшілігі үгіт - насихатқа сенбестен шетелдерде қалуды ұйғарды. Мұстафа Шоқай құрған түркістан ұлт – азаттық қозғалысы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де өз жалғасын тапты, осы Жекеленген идеяларға сенген адамдар коммунистік идеологияға қарсы болды. Солардың бірі Карис Қанатбай. Мұстафа Шоқайдың идеялары «суық соғыс» кезеңінде «Еркіндік» радиосы редакциясы бағдарламасының негізі болды, оның хабарламалары кеңестік Орталық Азия республикаларында бірнеше тілде беріліп тұрды.
Шет елдерде өмір сүруді жалғастырып жатқан түркістандықтардың өмір тарихы мен қызметтері әлі толық зеріттеліп біткен жоқ. Ол, біздің пікірімізше, жеке кітап тақырыбы болуы тиіс, және осы зерттеудің келесі бөлімі болары хақ, келесі зерттеу тақырыбы түркістандық саяси 7 миграцияға арналады.
Шетелдерде қалған түркістан легионерлерінің тағдыры. Кеңес эмиссиялары ұйымдастырған үгіт насихат жұмыстарына қарамастан Мұстафа Шоқай ұлт азаттық қозғалыс жөніндегі идеялармен жақсы таныс болған Түркістан легионерлерінің көпшілігі үгіт насихатқа сенбестен шетелдерде қалуды ұйғарды. Мұстафа Шоқай құрған Түркістан ұлт азаттық қозғалысы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де өз жалғасын тапты, Осы жекеленген идеаларға сенген адамдар коммунистік идиологияға қарсы болды. Солардың бірі Карис Қанатбай. Мұстафа Шоқайдың идеалары “Суық соғыс” кезеңінде “Еркіндік” радиосы редакциясы бағдарламасының негізі болды, оның хабарламалары кеңестік Орталық Азия республикаларында бірнеше тілде беріліп тұрады.
Шет елдерде өмір сүруді жалғастырып жатқан түркістандықтардың өмір тарихы мен қызметтері әлі толық зерттеліп біткен жоқ.
Соғыс тұтқындарының Кеңес одағына оралғаннан кейінгі тағдыры да өте ауыр болды М.Геллеер мен ненристің Лондонда Н.Толстойдың Парижде басылған зерттеулерінде мынадай мәліметтер берген. 1943 47 жылдары кеңес одағына бес жарым миллионға жуық соғыс тұтқыны мен Германияға жұмысқа айдалған азаматтар қайтарылған. Солардың 20 % атылған немесе 25 жылға айдалған, 15-20 % 5-10 жылға лагерлерге жіберілген. 10 % Сібірдің соғыс аудандарына жер аударылды. Соғыста қиратылған аудандарда ауыр жұмысқа салынды, 15-20 % ғана тұрған жеріне оралды, бірақ оларға жұмысқа орналасуға тұтқын болған “айыбы” үшін үнемі кедергі жасап отырған. Ал 15-20 % тағдыры белгісіз мүмкін қашқын болар мүмкін түрмеде болар. Демек, соғыс тұтқындарын кеңестік “отанын” екі рет сатты. Әуелі неміс тұтқынында жүргенде қорғаудан бас тартты, ал кейін елге қайтқанда ауыр жазаға ұшыратты. Егер бүгін сол апат соғысты бастан кешірмегенде ұрпақ, шындықты іздемей, соғыс тұтқындарына “сатқын” ретінде қарайтын болса, бұл оларды үшінші рет сату болар еді. Ресейде аталған мәселені жан жақты зерттеу басталды.
Достарыңызбен бөлісу: |