Реферат Тақырыбы: Тұтынушы қылығының теориясы Орындаған : Калменова Э. А тобы: мен 20-1



бет5/5
Дата17.02.2022
өлшемі428,13 Kb.
#132287
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ðåôåðàò Òà?ûðûáû Áîëìûñ æ?íå ñàíà. Îðûíäà?àí Á?øêåí À. Á

I >* А + Pв * В.
Бұл теңсіздік жазықтықта жартылай жазықтыққа сәйкес келіп, ол жартылай жазықтықтың шекарасы
I = Pа * А+ Pв * В
түзуімен анықталады. Бұл бюджет сызығы деп аталып , А, В тауарларын сатып алуға бюджеттің толық жұмсалатынын, яғни ақшалай табыстың тұрақты көлемінде алуға болатын екі өнімнің әр түрлі комбинацияларын көрсетеді. Жазықтықтағы бюджет сызығының бейнесі суретте келтірілген.Соңғы теңдеуді былай деп жазуға болады:
I Pa
B = ¾ - ¾ * A
Pb Pb
Бұл жердегі (Pa / Pb) – бюджет сызығының бұрыштық коэффициентін бейнелейді.
Табыс және бағада болатын өзгерістер.
Табыс және бағада болатын өзгерістер бюджет сызығының қозғалысына әкеледі. Табыстың өсуі тұтынушыға бұрын қолы жетпеген жиынды сатып алуға мүмкіндік береді. Сондықтан ол бюджет сызығын координат осімен жоғары жылжытады. Бұл уақытта, бюджет сызығының көлбеуі өзгертпейді. Табыстың азаюы бюджет сызығын координаттар осіне жақындатып, параллель жылжытады. А тауарына бағаның арзандауы осы тауарға сұранысты арттырады , бұл кезде В тауарының бағасы тұрақты деп есептейміз.



Тұтынушылар талғамы дұрыс қалыптасуы үшін, олар бюджеттерінің шектеулі екендігін ескертіп, ең көп пайдалылық алып келетін тауарлар құрамын анықтаулары қажет. Бұдан ең ұтымды тауарлар құрамы бюджет сызығы мен талғамсыздық қисықтарының жанама нүктесінде екенін білеміз.
Бұл қиылысу нүктесінде талғамсыздық қисығының иілуі коэффициенті бюджеттің сызықтың бұрыштық коэффициентіне тең . Талғамсыздық қисығының иілуін MRS, ал бюджет сызығының иілуі Pb / Pa білдіретіндіктен, тұтынушы тепе-теңдік жағдайға келесі шарт орындалған кезде жетеді.
Pa
MRS = ¾
Pb

.

Қорытынды
Тұтынушы – соңғы игіліктер мен қызметтерді тұтынатын кез-келген экономикалық агент (индивид, жеке фирма, мемлекеттік кәсіпорын). Әдетте экономистер өздігінен шешім қабылдайтын тұтынушыны жеке индивид немесе ұйым ретінде емес жанұя (үй шаруашылығы) ретінде қарастырады.Тұтынушы тәртібінің теориясы тұтынушы таңдауының (мінез-құлқының) негізгі принциптерін зерттейді, оның негізінде игіліктің пайдалылығы, оның бағасы, тұтынушының табысы сияқты түсініктер қарастырылады.
Пайдалылық – белгілі бір игілікті тұтынуда одан оның ерекше бір қасиеттерін сезіну мен ләззат алу мүмкіндігі. Ал аса қатаң мағынада (маржиналистік тұжырымдамада), пайдалылық – бұл тұтынушының игілік туралы қалыптасқан ой-пікірі немесе сол қажет игілікті саралауы және бағалауы. Экономистер игіліктің пайдалылығын (мысалы, судың немесе алмаздың пайдалылығын) емес, сол игіліктің белгілі бір мөлшерінің пайдалылығын қарастырады. Сондықтан тұтынушы игіліктің өзін қажетсінбейді, ол сол игіліктің белгілі бір көлемін тұтынуды қажет етеді, яғни тұтынушының қажеттілігі қажеттіліктердің қанағаттанушылық заңыарқылы қанағаттандырылады.


4.Пайдаланған әдебиеттер
1. Микроэкономика. Құдайбергенова К.С. Оқу құралы. – Көкшетау: 2005 – 224 б.
2. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М. Є. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2004. – 418 б.
3. Нуреев Р. М. Курс микроэкономики: Учебник для вузов – 2-е изд., изм. – М.:Издательство НОРМА, 2002. – 572с

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет