Реферат Тақырыбы: Тұтынушы қылығының теориясы Орындаған : Калменова Э. А тобы: мен 20-1



бет1/8
Дата03.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#134277
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
микроэконом (копия) (копия)


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 
Қарағанды техникалық университеті 
Реферат 
Тақырыбы: Тұтынушы қылығының теориясы
Орындаған : Калменова Э.А
Тобы: МЕН 20-1
Жетекшісі: Магзумова Л.К


Қарағанды 2022
Жоспар:
1.Кіріспе
2. Тұтынушының талғамы және оған әсер ететін факторлар.
3. Игіліктің пайдалылығы және оның түрлері. Кардиналистік көзқарас. Шекті пайдалықтың төмендеу заңы. Госсен заңдары.
4. Талғамсыздық қисығы. Бюджет шектеулілігі және бюджет сызығы.
5. Тұтынушының тепе-теңдігі. «Баға-тұтыну» және «табыс-тұтыну» қисықтары.
6. Қорытынды.
7.Пайдаланған әдебиеттер


1.Кіріспе
Тұтынушы теориясы тұтынатын тауарлар мен кӛрсетілетін қызметтер нарығында сатып алушы тәртібінің ұтымды принциптерін зерттейді және оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті нарықтық игіліктерді таңдау қалай жүзеге асыратындығын түсіндіреді. Тұтынушы сұранысына мыналар әсер етеді:
1. Тұтынушы талғамы және басымдықтары;
2. Сатып алушы табысының деңгейі;
3.Тауарлар және кӛрсетілетін қызметтер жинағының
ж
иынтық пайдалылығы.


1.1-сурет - Сұраныс түрлерін жіктеу
Тұтынушы таңдауы - бұл ресурстарды шектеу жағдайында ұтымды тұтынушы пайдалылығының функциясын барынша кӛбейтудегі таңдауы.
Функционалдық сұраныс - тауардың өзіне тән сапаларына байланысты тауарға деген сұраныс.
Функционалдық емес сұраныс - тауардың өзімен байланысты емес факторларға сүйенген сұраныс. Алыпсатарлық сұраныс - қоғамда болашақта бағаның өсу қаупі тауарды қазіргі уақытта қосымша тұтынуда ынталандыруды жоғары инфляциялық күтулермен байланысты пайда болады.
Ұтымсыз сұраныс – бұл бір сәттік калаудың, кӛңіл-күйдің, іске аспайтын тілектің, қыңырлықтың күрт ӛзгеруінің әсерінен пайда болатын жоспарланбаған сұраныс, ол тұтынушының ұтымды тәртібі туралы алғы шартты бұзады.
Көпшілікке қосылу эффектісі - тұтынушы жалпы қабылданған нормаларға сәйкес бақылап сатып алатын тауарды сатып алумен байланысты тұтынушылық сұраныстың ӛсуі эффектісі.
Еліктегіш эффектісі - басқа адамның осы тауарды тұтынуының салдарынан болатын сұраным ӛзгерісінің эффектісі.
Веблен эффектісі - тауардың неғұрлым жоғары бағасы болуымен байланысты тұтынушылық сұраныстың ӛсу эффектісі.
Егер әрбір тұтынушының сұранысы белгілі болса, онда әр түрлі тауарларға деген жалпы нарықтық сұранысты табу керек. Бұл үшін бағаның әрбір мәні кезінде сұраныс қисығының абсцисстерін қосу қажет. Жеке сұраныс қисығының тәртібі қажеттіліктерді қалай қанағаттандыра- тындығына, осы немесе басқа тауарлар немесе кӛрсетілетін қызметтер қандай пайда әкелетіндігіне байланысты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет