Pa
MRS = ¾
Pb
Біз тұтынушылық таңдаудың моделін (үлгісін) қарадық: берілген бюджеттік шектеуде пайдалылықтың көбеюі (жоғары деңгейі) оңтайлы таңдау тудырады. Енді бағаның өзгеру барысында тауарға деген сұраныстың өзгеруін зерттейік. Бұл үшін салыстырмалы статика пайдаланады. Статика – 2 тепе-теңдік жағдайды салыстыру процесі. Салыстыру үшін 2 статикалық тепе-теңдік алынады. Енді тұтынушының тепе-теңдік үлгі графигі бойынша табыс өзгерген жағдайда қандай өзгерістер болатынын көрейік. Тұтынушының табысы өскенде, бюджеттік сызық жоғарыға және оңға жылжиды, яғни тұтынушы талғаусыздықтың ең алыстау қисық сызығына көшеді. Табыс өскен сайын тұтынушы тепе-теңдігі жылжып тұрады: 11 – 12 , 12 – 13 , 13 (тең) – 14 (ке) және т.б. тұтынушының тепе-теңдік нүктелерін қосып, біз «табыс – тұтыну» қисық сызығын, тұрмыс жағдайының (өмір сүру деңгейінің) қисық сызығын саламыз. Ол табыстың әр түрлі (кез келген) деңгейлерінде сұранысқа ие болатын тауар жиынтықтары. Егер Х және Y тауарларының сапасы дұрыс, жақсы болса, «табыс – тұтыну» қисық сызығында оң еңкіштік пайда болады, сапасыз тауарлар үшін еңкіштік теріс.
31 сурет. «Табыс –тұтыну» қисық сызығын салу.
«Табыс – тұтыну» қисық сызығының негізінде Энгельдің жеке тұтыну қисық сызығын салуға болады (Энгель қисық сызығы) (32 сурет). Ол тұтынушының табыс деңгейінің өзгеруіне байланысты тауарлардың әр түрлі топтарын тұтыну тәуелділігін талдауға мүмкіндік береді. ХІХ ғасырда неміс статистигі Э.Энгель табыс деңгейі өзгеруінің тұтыну құрылымына тигізетін ықпалын зерттей отыра, бір заңдылықты тапты, ол кейін Энгельдің тұтыну заңы деп аталды. Энгель заңы: халықтың тамақ өнімдеріне шығындар үлесі бойынша жоғары дәрежедегі дәлдікпен халықтың әл-ауқатының деңгейі жөнінде айтуға болады: ол неғұрлым жоғары, соғұрлым халық кедей. Табысы жоғары болған сайын адамның сұраныстары да жоғарылайды. 33 суретте Энгель заңы жақсы көрсетілген: ең алдымен азық-түлік (тамақ) өнімдерімен қанығу орын алады, сонан соң өнеркәсіп тауарларымен (стандартқа сай сапасы бар), ең соңында – жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетулер.
Қорытынды
Қорытындылай келе,тұтынушы– соңғы игіліктер мен қызметтерді тұтынатын кез-келген экономикалық агент (индивид, жеке фирма, мемлекеттік кәсіпорын)болып табылады. Әдетте экономистер өздігінен шешім қабылдайтын тұтынушыны жеке индивид немесе ұйым ретінде емес жанұя (үй шаруашылығы) ретінде қарастырады.Тұтынушы қылығының теориясы тұтынушы таңдауының (мінез-құлқының) негізгі принциптерін зерттейді, оның негізінде игіліктің пайдалылығы, оның бағасы, тұтынушының табысы сияқты түсініктер қарастырылады.Ал,пайдалылық – белгілі бір игілікті тұтынуда одан оның ерекше бір қасиеттерін сезіну мен ләззат алу мүмкіндігі. Ал аса қатаң мағынада (маржиналистік тұжырымдамада), пайдалылық – бұл тұтынушының игілік туралы қалыптасқан ой-пікірі немесе сол қажет игілікті саралауы және бағалауы. Экономистер игіліктің пайдалылығын (мысалы, судың немесе алмаздың пайдалылығын) емес, сол игіліктің белгілі бір мөлшерінің пайдалылығын қарастырады. Сондықтан тұтынушы игіліктің өзін қажетсінбейді, ол сол игіліктің белгілі бір көлемін тұтынуды қажет етеді, яғни тұтынушының қажеттілігі қажеттіліктердің қанағаттанушылық заңы арқылы қанағаттандырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |