Реферат Тақырыбы: Турбодиметрия Орындаған: Рахимова Аружан Рамазанова Назлы Нуркенқызы Аружан Толқын Арна Жұмағазы Назерке Эрикова Анель 6В01507 «Химия-биология»



бет1/6
Дата22.11.2023
өлшемі398,14 Kb.
#192941
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
физ хим-1


«Сәрсен Аманжолов атыңдағы Шығыс Қазақстан университеті»
IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі
Химия кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Турбодиметрия
Орындаған: Рахимова Аружан
Рамазанова Назлы
Нуркенқызы Аружан
Толқын Арна
Жұмағазы Назерке
Эрикова Анель
6В01507 «Химия-биология» 4-курс
Қабылдаған:Кабдысалым Күнайгүл

Өскемен қ.


2023 ж

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
1.Турбидиметрияның теориялық негіздері
2. Турбидиметрия. Жұмыстың орындалуы
3. Турбидиметрияның аспаптары.Турбидиметриялық титрлеу
4. Турбидиметрияның практикада қолданылуы
2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
1.Ерітіндідегі сульфаттарды аңықтау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША



КІРІСПЕ
Турбидиметрия (лат. turbidus — лай және грек. metre'o - өлшеймін) — лай ортада сіңірілетін жарық интенсивтілігін өлшеуге негізделген химиялық сандық талдаудың оптикалық әдісі. Өлшеу зерттелетін және стандартты ортада жарықты сіңіру интенсивтілігін салыстыру арқылы жүргізіледі. Турбидиметрияның бір түрі — турбидиметрлік титрлеу. Онда анықталатын зат тұндырылатын ерітіндімен титрленеді және лайланудың максимумы бойынша эквиваленттілік нүктесі белгіленеді. Т. сульфаттарды, фосфаттарды, хлоридтерді, цианидтерді, қорғасынды, мырышты анықтау үшін қолданылады.Турбидиметрлік талдау әдістері газды, қатты немесе сұйық, жүзгін күйдегі көбінесе коллоидты жүйеде кездесетін бөлшектердің электромагниттік сәуле шығаруды сіңіру немесе шашырату процесіне негізделген.Турбидиметрлік әдісте спектрофотометриядағыдай, нақты осы бөлшектердегі жарық ағынының абсорбциясын, басқаша айтқанда, эмульсия, суспензия коллоид, жүзгін арқылы өткен жарық ағынының интенсивтігін өлшейді. Олардың негізін калаушылар Рэлей, Тиндаль және Ми. Гетерогенді жүйедегі бөлшектер арқылы жарық ағыны өткенде және ол шашырағанда, жарықтың толқын ұзындығы өзгермейді. 1871 жылы Рэлей кішілеу мөлдір бөлшекке электромагниттік сәуле шығару түскенде оның жиілігімен бірдей тербелетін электромагниттік диполь индукцияланатының, дипольдің өзі соңында өзгеше интенсивтігі бар, бірақ бірдей жиілікпен барлық бағытта таралатын сәуле шығаратын энергияға айналатының тапқан. Теория бойынша кіші бөлшектердің шашырауы толқын ұзындығының төртінші дәрежесіне кері пропорционал. Химиялық жүйелер үшін бұл дәреже көрсеткіші 4-тен 2-ге дейін өзгереді, өйткені онда молекулалық өлшемдегі бөлшектермен қатар одан да үлкендері кездеседі. Мұның өзі шашыратудан Тиндаль шашыратуға біртіндеп ауысуды көрсетеді. Жоғарыда көрсетілгендей, оптикалық әдістердегі өлшеулердің бәрі дерлік көрінетін жарықпен байланысты, мұндайда әуелі сынаманы интенсивті жарық ағынымен І0 жарқыратады да, содан кейін сынама арқылы өткен сәуле шығару интенсивтігін I өлшейді немесе сәуле шығаруды белгілі бір бұрышпен (айталық 90°), шашыраған І90 интенсивтікті өлшейді. Суспензиядағы бөлшек саны көбейген сайын І/Іо қатынасының мәні азаяды, ал І90/ Іо қатынасынікі артады. Аса сұйытылған суспензия үшін бұрыш жасай өлшеу нәтижесінің сезімталдығы 0° бұрышпен өлшеуге қарағанда, едәуір жоғары болады, соңғысында қараңғы фондағы әлсіз шашырау байқалады.Түзу сызықты жағдайда өлшеуді турбидиметрия әдісі деп атайды. (1)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет