Реферат Тақырыбы. Усіктер, Күйіктер, Электро жарақаттар. Орындаған : Мұқанова Ә. Ж тексерген: Куздавлетова А. Т


Жүрек-өкпе реанимациясының негізгі ережелері



бет3/3
Дата22.10.2022
өлшемі28,22 Kb.
#154651
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
000 хирургия 7 Муканова

 Жүрек-өкпе реанимациясының негізгі ережелері
ЖҮРЕК-ӨКПЕ РЕАНИМАЦИЯСЫНЫҢ
НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Науқасты тегіс жерге жатқызып, басын барынша шалқайтып, аяқ жағын көтеріңкі етіп қою керек. Массаж
жасаушы адам алақандарын бірінің үстіне, бірін қояды. Алақанның негізі төс сүйегі мен семсер тәрізді
шеміршектің қиылысқан жерінен екі саусақ қиғаш жоғары тұруы керек. Қолды тік, шынтақ буынында бүкпей
ұстап, дене салмағымен омыртқаға қарай 4-5 см ығыстырып, ырғақпен басады. Төс сүйегін омыртқаға қарай
жаншудың ұзақтығы, жаншу аралығындағы уақытпен бірдей болуы тиіс,оның жиілігі минутына 90 рет. Массаж
жасаушы қолын төстен алмауы керек. Өкпені жасанды желдендіру үшін Сафардың үш әдісін қолданамыз олар:
науқастың басын барынша шалқайтып, астыңғы жағын алға қарай жылжытып, аузын ашу. Науқастың ауыз
қуысын толық қарап, жасанды тістері немесе бөгде заттар болса, саусақтармен алып тастау керек. Науқастың
аузына дем жіберу үшін, мұрнынан қысып, аузынан ауа үрлейді. Әр 5 массаждық қимылға, ауа үрлеудің жиілігі
минутына 1 реттен келеді. Жүрекке тікелей емес массаж дұрыс жасалу үлгісі Электроимпульсты терапия.
Бастапқы разряд 200 Дж. Әсер болмаған жағдайда қуатты біртіндеп 200-300-360 Дж дейін жоғарылату.Тыныс
жолдары өткізгіштігін қалыптастыру. Жасанды тыныстандырудың тиімді болуына тыныс жолдары
өткізгіштігінің таза болуы өте маңызды орын алады.Мүмкіндігінше 100% оттегіні қолдану керек және кеңірдек
интубациясын жүргізу қажет. Асқазандағы сұйықтықтардың өңеш арқылы ағып, тыныс жолдарына кетіп
қалмауы үшін Селлик әдісі қолданылады. Реанимациялық шаралардың әсерін үнемі бақылап отыру керек. Оны
тері жабындылары мен шырышты қабаттардың түстерінің өзгеруінен, қарашықтардың тарылуынан және
жарыққа реакциясының пайда болуынан, кенеттен тыныстың пайда болып, оның реттелуінен және ұйкы
артериясында пульстің пайда болуынан білуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет