Реферат Тақырыбы: Волейбол ойынының шығуы және даму тарихы Мамандығы: Автоматтандыру және басқару



бет2/3
Дата22.12.2021
өлшемі73,51 Kb.
#127722
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Аманқос Аманжол AУк-21-3



Волейбол ережесі


1897 жылы АҚШ-та алғашқы волейбол ережесі пайда болды. Алаң өлшемі 7,6 х 15,1 м, тор биіктігі 198 см, доп салмағы 340 г және диаметрі 63,5-68,5 см болу керек.Басында  алаңдағы ойыншылар саны мен допқа тиген тимегенді санаған жоқ.  Ойында ұпай саны 21 болды. Бұл спорт дами келе оның техникасы, ережелері мен тактикасы дамыды. ( даму кезеңі 1915-1925 жж.) 

1917 жылдан бір партия 15 ұпаймен тоқтап, тор биіктігі 243 см болатын болды. 1918 жылы ойыншылардың нақты саны  алтау болды. 1922 жылдан бастап, бір команда ойыншылары 3 рет қана тигізуге рұқсат берілді. 1925 жылы  қазіргі заманауи талаптар орнатылады. Бұл ережелер Африкада, Америкада және Еуропада қолданылған. Ал Азияда 1960 жылдарға дейін басқа ережелермен ойнаған. Олар  командада тоғыз немесе он екі ойыншы болуы және алаң өлшемі 11×22 метрден аспауы. Матч кезінде ойыншылар арасында позициялар өзгерген жоқ.

Қазірге таңда волейбол ойыны 18х9 метрлік алаңда өтеді, тордың жоғарғы жағы ерлер үшін 243 см биіктікке, әйелдер үшін 224см. жоғары тірекке байланады.

Қазіргі кезеңде кіші волейбол ойыны да үлкен беделге ие болып келеді. Олар: 9х4,5 немесе 9х6 метрлік спорт алаңы, егер ойнаушы командалар құрамы 4:4 болса, онда алаң көлемі 12х6 метрден аспауы керек. Волейбол ойыны үшін дайындалған доптың салмағы туралы бәсеке көптеген уақытқа созылып, олар 260-280гр. салмаққа пәтуаласты.



Волейбол тарихы
Волейбол ойынының кіндік кескен ортасы – Американың Гелиоке қаласы. Бұл 1895 жылы болған оқиға еді. Колледж оқытушысы Вильям Морган сабақ кезінде теннис орнын екі сырыққа бойлап жоғары көтеріп қойып, оқушыларға допты екі жаққа допты алма-кезек лақтырып ойнауды көрсетіп, оны оқушылардың да қайталауын талап етеді.

1896 жылы волейбол ойыны көпшілік назарына ұсынылды, ал 1897 жылы бұл ойынның ережесі жасалынды. Волейбол ойынының Европа мемлекетіне таралуы ХХ ғасырдан басталған. 1967 жылы Чехословакияда тұңғыш рет алғашқы жарыс ұйымдастырылды да, Франция, Румыния, Ауғанстан, Индия, Қытай, Корея, Жапония және Россияда волейбол ойынын қалаушылардың арнайы клубтары ашылды. 1947 жылы халықаралық волейбол федерациясы (ФИВБ) ұйымдастырылды.

Европа мемлекеттерінің алғашқы біріншілігі 1948 жылы дүние жүзінің біріншілігі 1949 жылы өткізілді.

Адам баласының ойлап тапқан әрбір пайдалы әрекеттерінің өміршеңдігі оның қоғам мүшелерінің ортақ қазынасына, өмірлік салтқа айналуынан көрінетін шындық. Олай болса біз әңгіме етіп отырған волейбол спорт ойыны – бар ұлт үшіно ртақ қазына, өйткені оны өмірге құштар жандар ойлап тауып өмір нәріне енгізген ғой.

1964 жылы Токио олимпиадасынан бастап волейбол ойыны олимпиадалық спорт түрі ретінде танылды. Ал дүние жүзінің кубогы үшін күрес 1965 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Волейбол ойыны тарихында, оның ережесі туралы көптеген жылдар бойы алауыздықтар болғаны бұл спорт түрінің тарихынан белгілі. Мысалы, 20-жылдарға дейін дүние жүзінде волейбол ойынының екі жүйесі қатар жүріп отырды. Олар европалық жүйе, яғни алаңға 6-ойыншыдан тұратын команда шығару және азиялық жүйе, алаңға 9-адамнан түратын командалар шығару. Бірақ екі контингент өкілдерінің өзара түсінушілігі – дүниежүзілік 6-жүйелі ойын өрнегін қалыптастырды





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет