РЕФЕРАТ Тақырыбы: Заң психологиясының практикалық және теориялық байланысы
Орындаған: Сағынаев Дәулет
ПиП-907
Семей – 2022
Құқық саласының ажырамас бір бөлігі болып танылатын заң психологиясының пәніне қатысты туындаған сұрақтарды жекелеген психологтар, заңгерлер және өзге ғылым саласындағы ғалымдар шешуге тырысқан. Заң психологиясының алғашқы даму кезеңдері құқық ғылымы аясында туындаған сұрақтарды шешу үшін психологияға жүгінуге қажеттіліктің туындауымен байланысты. Заң психологиясы өзге де көптеген психология салалары тәрізді ұзақ ғылыми тұжырымдамалар мен ғылыми экспериментальді зерттеуге дейінгі жолдардан өтті. Адамзат білімінің әртүрлі көзқарастарының негізінде пайда болған көптеген жаңа ғылымдар тәрізді заң психологиясы да өзінің алғашқы даму кезеңдерінде тұрақты жеке болып қалыптаспаған және ғалымдардың арнайысы болмаған. Заң психологиясының дамуына ерекше үлес қосқандардың бірі ретінде И.Т. Посошковтың (1652–1726) еңбектері ерекше маңызға ие, онда айыпталушы мен куәлардан жауап алуға қатысты, қылмыскерлерді топтастыруға қатысты психологиялық нұсқаулар берілген. Гуманизм идеясымен сот психологиясының аспектілерін қарастырған алғашқы авторлардың бірі болып М.М. Щербатов (1733–1790) танылады. Ол өзінің еңбектерінде тұлғаның жеке ерекшеліктерін ескере отырып заңдардың әзірленін талап етті. Сонымен қатар, жазадан шартты түрде жазадан босатуды қолдаушылардың бірі болды. Қылмыскерді қайта тәрбиелеуде еңбек факторын бағалай білді, қолдады. Негізінен қылмыскерді қоғамнан оқшаулап қана қоймай, оны қайта тәрбиелеу идеясының кең тарау мәселесі психологияға осы мәселені ғылыми тұрғыда негіздеу үшін жүгінуге алып келді. Аталған мәселені шешу үшін XiX ғ. Басында Ресейде В.К. Елпатьевский, П.Д. Лодий, Л.С. Гордиенко, Хр. Штельцер және т.б. еңбек етті. Дегенмен де, сол кезде метафизикалық сипатқа ие психологияның өзі, тіпті қылмыстық құқықпен біріккеннің өзінде де жеткілікті түрде жеке тұлғаны оқып танудың әдістерін толық зерттей алмады.
Заң психологиясы бойынша маңызды көлемдегі жұмыстар Ресейде XiX ғ. үшінші жартысында пайда болды. Олар: И.С. Баршева «Взгляд на науку уголовного законоведения», К.Я. Яновича-Яневского «Мысли об уголовной юстиции с точки зрения психологии и физиологии», А.У. Фрезе «Очерк судебной психологии», Л.Е. Владимирова «Психические особенности преступников по новейшим исследованиям» және т.б. Аталған еңбектерде психологиялық білімдерді нақты сот және тергеу органдарының қызметінде пайдаланудың таза прагматикалық тұрғыдағы идеялар көрініс тапқан. Сонымен, И.С. Баршевтің пікірінше, егер судья психологияны білмесе, онда ол әділсоттылықты атқарған процесс «тірі емес, өлген адамдарға қатысты жүргізілген процесс» болып танылады. Неміс ғалымдары И. Гофбауэра «Психология в ее основных применениях в судебной жизни» (1808) және И. Фридриха «Систематическое руководство по судебной психологии» (1835) еңбектерінде психологияны қылмыстық тергеуде пайдалану бойынша талпыныс жасалған. Куәнің жауабын бағалау бойынша қолданылатын психологиялық сұрақтар атақты француз математик ғалымы Лапластың еңбегінен көруге болады. 1814 жылы Францияда жарық көрген «Опытах философии теории вероятностей» деген еңбегінде (орысша аудармасы Москвада 1908 ж. шықты), Лаплас куәнің берген жауаптарының мүмкіндігін шығарылатын сот үкімдерінің мүмкіндіктерімен қатар зерттеп, оған математикалық есептеу арқылы баға беруге тырысқан.