Карл Маркс Генрих (нем. Karl Heinrich Marx; 1818, Германия, Трир қаласы — 1883 Англия, Лондон) — 19-шы ғасыр немістің экономист ғалымы, саяси экономист, революционер, философ, саясаттанушы, әлеуметтанушы, тарихшы, ғылыми коммунизм теориясының іргетасын қалаушы.
Британдық "The Penguin Dictionary of Sociology" сөздігі Mаркстің еңбегі әлеуметтанудың дамуы үшін маңызды болып табылатын бес саланы көрсетеді:өзінің алғашқы еңбектершде Маркс иеліктен айыру ұғымына ден қойды; бұл тақырып оның кейінгі көптеген еңбектерінде кездеседі;ол өзінің экономикалық өмір мен басқа да әлеуметтік институттар байланысты деген көзқарастарымен кеңінен танымал;ол ең алдымен әлеуметтік таптарға ұйымдасқан қоғам тіршілігіне талдау жасауға мүдделі болды;әлеуметтік өзгеріс теориясы Маркстің еңбектерінде таптық күрес теориясынан соншалықты көрініс табады. Таптық күрес, оның тұжырымдауынша, "тарихтың қозғаушы күші" болып табылады; бұл идея Маркстің шығармашылығын терең баурап алғаны сонша, батыс әлеуметтануында маркстік теорияны кейде "жанжалдар теориясы" (conflict theory) деп атайды;Маркс негізінен капиталистік қоғамның теоретигі болды.
Макс Вебер (нем. Max Weber; 21 сәуір 1864, Эрфурт — 14 маусым 1920, Мюнхен) — неміс әлеуметтанушысы, әлеуметтік философ, тарихшы. Альфред Вебердің ағасы.
Вебер 1864 жылы 21 сәуірде Эрфурт қаласында дүниеге келген.
1893—1896 жж. Фрайбург университетін, 1896—1898, 1902—1918 жж. Гейдельберг университетін, 1919—1920 жж. Мюнхен университеттерінде дәріс берген. Теориялық әлеуметтану, әлеуметтік дін, саяси әлеуметтану, ұйымдастыру әлеуметіне арналған еңбектері бар.
Ғылыми қызметі
Вебер әлеуметтік теориясында себептілік пен «түсіну» біртұтас болу принципіне үлкен мән берген. Вебер алғаш рет капитализм тек батыста протейантизм және кальвинизмнің тарауымен байланысты пайда болды дейді. Вебер бойынша идеалдық тип өмір шындығын бейнелейді. Бұл жалғыз жарым фактілерді жүзеге алу түсінудің құралы. Мазмұны жағынан Вебер идеялары қоғамдық-экономиқалық формациялар туралы маркстік ілімге қарсы бағытталған.Вебердің «Идеалдық тип» теориясы, тарихи факторлардың «көптігі» концепциясы және «рационалдық» идеясы мемлекеттік институттар қызметінің негізі ретінде қазіргі әлеуметтануға, саясаттануға зор ықпал етті. «Протестанттық этика және капитализмнің рухы» (1904—1905) еңбегінде В. өркендеп келе жатқан капитализм мен XVII ғасырдың протестанттық құндылықтары арасындағы байланысты көрсетеді.
Негізгі еңбектері «Түсіністікті әлеуметтанудың кейбір белгілері жөнінде» (1913);
«Әлемдік діндердің шаруашылық этикасы» (1915);
«Шаруашылық және қоғам» (1921—1922).
Фридрих Энгельс (1820 жылғы қарашаның 28-і – 1895 жылғы тамыздың 5-і) — неміс революционері және пәлсапашысы. Ол өзінің көбірек белгілі досы және әріптесі Карл Маркспен бірге коммунизм теориясын дамытып, Коммунистік партияның манифесі атты еңбекті жазды (1848). Сонымен бірге Енгелс Маркстың қайтыс болғанынан кейін Капиталдың екінші және үшінші томдарын өңдеп, баспаға әзірледі.
Толкотт Парсонс (ағылш. Talcott Parsons; 13 желтоқсан 1902, Колорадо-Спрингс — 6 мамыр 1979, Мюнхен) - американдық социолог, теоретик, функциональдық мектептің жетекшісі, американдық белгілі әлеуметтанушылардың бірі болып келеді. Қазіргі заманғы социологиядағы "жалпы теорияның іздестірілуін Парсонстың есімімен байланыстырады. Оның әкесі дінге жақын адам болған. Парсонс биология мен философияны алған рет Ахмерсте оқыған, кейін Лондондағы экономикалық мектепте білімін жалғастырды да Гейдельберг университетінде білім алды. 1927-1973 жылдар аралығында Гарвард университетінде сабақ берді. 1979 жылы 6 мамырда Мюнхен жерінде қаза тапты. Парсонс 76 жыл жасады. Оның артында өшпестей еңбектері қалды.