Екінші кезең (1941-1945)
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ киносы
ІІ-ші Дүниежүзілік соғыс жылдарында "Мосфильм" мен "Ленфильм" киностудияларының бөлімшелері Алматыға көшірілді. Бұл студиялар Алматыда өзара бірлесіп, ЦОКС (Біріккен орталық киностудия) деген атпен өзінің қызметін бастады. Мұнда "Антенна Рыбкин" (реж. К.К. Юдин), "Жауынгер ұлы" (режисері В.П. Строева), "Біздің қаланың жігіті" (режисері А.Б. Столпер), "Ауком секретары" (режисері А.М. Файнциммер), "Отан үшін" (режисері Пудовкин), "Иван Грозный" (1-сериясы, режисері Эйзенштейн), т.б. кеңестік фильмдер түсірілді. 1941 ж. Алматыда көркем фильмдер шығаратын киностудия ұйымдасып, 1944 жылы ол Алматының көркем және деректі-шежірелік фильмдер студиясы (1960 жылдан "Қазақфильм") деп аталды. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап 100-ден астам көркем фильм және 500-дей деректі фильм шығарды.
Үшінші кезең (1946-1960)
Ұлы Отан соғысынан кейінгі қазақ киносы
2-дүниежүзілік соғысынан кейінгі жылдарда халық батырлығы туралы, заманауи тақырыпқа арналған картиналар шықты (мыс., "Абай әндері" (1946), "Махаббат туралы аңыз" (1954), "Оның уақыты келеді" (1957), "Қыз Жібек" (1972), "Ботакөзде" (1957), "Атаманның ақыры" (1971), "Орман балладасы" (1972), "Біздің сүйікті дәрігер" (1957), "Менің атым Қожа" (1963), т.б.). Қазақ киносын дамытуға режисері Ш.Айманов, Е.Е. Арон, М.Бегалин, О.Әбішев; А.Қарсақбаев, С.Қожықов; актерлер Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, Н.Жантөрин, Қ.Байсейітов, С.Қожамқұлов, К.Қожабеков, Ә.Өмірзақова; операторлар М.Аранышев, Ф.Әбсәлемов, М.Беркович, т.б. мол үлес қосты.
Бесінші кезең (1980-1990 жылдары)
1980 жылдары республиканың деректі киносына И.Вовнянко, С.Әзімов, О.Рымжанов, В.Рерих, С.Махмұтов, В.Тюлькин, т.б. қосылды."Құмшағыл оқиғасы" (1987), "Аралды жоқтау" (1988), "Жоқтау. Өлі теңіз шежіресі" (1989 - 1990), "Полигон" (1990) фильмдері арқылы экранға қоршаған ортаның шынайы әлеуметтік қарама-қайшылықтары шығарылды. Кеңестік қоғамдағы демократиялық жаңартулар Қазақстанның көркем фильмдерінің эстетикасына да әсерін тигізіп, қазақ "жаңа толқын" өкілдерінің шығуына жол ашты. Осы кезде Қ.Салықовтың "Балкон" (1988), Р.Нұғмановтың "Ине"(1988), С.Апрымовтың "Қиян" (1989), Т.Теменовтың "Адамдар арасындағы бөлтірік" (1988), А.Әмірқұловтың "Отырардың күйреуі" (1991), Ә.Қарақұловтың "Әзәзіл қыз" (1991), Е.Шынарбаевтың "Сұр ұшбұрыштағы орын" (1993), С.Нарымбетовтың "Көзімнің қарасы" (1994) фильмдері түсіріліп, ұлттық кино шетелдерге таныла бастады. Халықаралық қинофестивальдарда жүлделі орындарға ілікті. Бұл кезеңдегі Қазақ киносында бірнеше көркемдік-стильдік бағыттар айқындалды: әлеуметтік авторлық фильмдер - С.Апрымов, Д.Өмірбаев; бейнеклиптік эстетика, көпшілік қауымға бет бұру - Р.Нұғманов, А.Қарпықов; ретро фильмдер - С.Нарымбетов; "халықтық кино" - Б.Шәріп, А.Әмірқұлов, Т.Теменов, Д.Манабай. Жалпы алғанда 1990 жылдардағы фильмдер кеңестік идеологияны жоққа шығаруға бағытталды.
Киноиндустрияның әйгілі актрисаларының бірі Әмина Өмірзақова
Қазақ ССР-ның Халық артисі Әмина Өмірзақова өнер сүйер қауымның ыстық ілтипатына бөленген қазақ киносының алғашқы экран жұлдыздарының бірі. Ол өзінің шығармашылық ғұмырының шабытты шақтарын театр және кино әлемінде әр алуан характерлі кесек кейіпкерлерді сомдауға арнады. Актриса, әсірсе, ана образын өзіндік табиғи болмыс-бітімімен бейнелей білуде айрықша қабілет танытты.
Өмірзақова Әмина Ерғожақызы 1919 жылы Наурыздың 8 күні Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. 1938 жылы Ленинградтың мемлекеттік сахна өнері техникумын, кейіннен театр, музыка және кинематография институтын бітірді. Жас Әминаның кинодағы алғашқы эпизодтық ролі С.Герасимовтың «Комсомольск» фильміндегі (1938ж) пионер қыздың ролі болды. Ленинградтағы театр училищесінде оқып жүрген кезінде қай жерде көпшілік көрініс қажет болса, соның барлығына мүмкіндігінше қатысуға құмар болатын. Соның арқасында талай белгілі актерлардың ойынын көріп, тәлім-тәрбие алуына мүмкіндік болды. Бұдан кейін де Әмина Өмірзақова Моисей Левиннің «Амангелді», Ефим Аронның «Ақ гүл» фильмдеріндегі эпизодтық рольдерді сомдайды. 1938-1940 жылдар аралығында ол Шымкент облысы драма театрының, 1940-1942 жылдарда қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрының труппасында, ал 1942-1949 жылдар тұсында «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарады. 1945 жылы экранға шыққан «Абай әндері» фильміндегі Ажардың ролі Әмина Өмірзақованың кинодағы тұңғыш көлемді ролі болды. Бұдан кейін ол 1956 жылы «Қанатты сыйлық» фильмінде - мұғалима, 1960 жылы «Бір ауданда» фильмінде – Айша, рольдерін сомдайды. Қазақ киносының тарихында Әмина Өмірзақованың сомдауындағы аса терең ашылған экрандық бейнелерінің қатарында, әсіресе, «Ана туралы аңыз» (1963ж) фильміндегі ананың ролі. Осы аталып отырған фильмдегі Ана ролі үшін Әмина Өмірзақова 1964 жылы Қазақстан және Орта Азия республикаларының кино өнері бойынша өткен жарыс байқауының 1-ші сыйлығының иегері болады. 1966 ж. ҚазССР-і Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды. 1968 жылы «Тақиялы періште» фильмінде Тана ролі үшін Қазақстан және Орта Азия республикаларының 8-ші кино өнері байқауының сыйлығымен марапатталды.
Әмина Өмірзақованың есімі кино экраны мен театр сахнасында аналар бейнесін шынайы, әрі шебер бейнелегенімен белгілі.
2001 жылы Әмина Өмірзақова «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды. Отан, Еңбек Қызыл Ту орденімен және медалімен марапатталды.
Қорытынды: 1940-1980 кеңестік жылдары КСРО ның қол астында болсақта, өзіміздің Отандық мәдениетімізді дамыттық. Осыған үлесін қосқан көптеген зиялыларымыз тер төккен.
Достарыңызбен бөлісу: |