Тағамдық заттардың қызметі
Біріншіден – тағамдық заттар адам ағзасындағы тіршілігін жойған жасуша құрылымдарының орнын басады. Оны тағамның құрылыстық қызметі дейді.
Екіншіден – тағам құрамындағы күрделі ағзалық заттар ыдырағанда энергия бөлінеді де, энергияның басқа түріне (жылу, механикалық және т.б.) айналады. Мұны тағамдық заттардың энергетикалық қызметі дейді.
Органикалық компоненттер
Органикалық компоненттер – құрамында негізгі элемент ретінде әрдайым көміртек атомы болатын химиялық қосылыстар (көміртек оксидтері, көмір қышқылы және оның тұздарынан басқалары).
Барлық минеральдық элементтер ағзада иондар түзуші қосылыстар түрінде(катиондар мен аниондар) кездеседі.
Минеральдық заттар(кальций, фосфор) дәнекер тканьдерін құруға пайдаланылады.
Минеральды элементтер биоэлектрлі, осмостық, құрылымдық, реттеуші, тасымалдаушы, энергетикалық, дәнекер және синтетикалық қызметтер атқарады.
Кальцийдің биологиялық рөлі
Кальций сүйек жүйесіндегі басты құрылымдық элемент, қанның ұю үрдісіне қатысады, бірқатар ферменттердің активтілігін арттырады, қабынуға қарсы әсері бар. Сондай-ақ, кальцийдің жүрек еттерінің қалыпты қызметі мен жүйке жүйесінің қалыпты қозғыштық қызметі үшін маңызы үлкен.
Фосфордың биологиялық рөлi
Фосфор — аралық зат алмасу процесінде маңызды рөл атқарады. Оның қатысуымен көмірсулардың фосфорлану процесі жүреді, қанның қышқыл-сілігілік тепе-теңдігі қамтамасыз етіледі, бұлшық еттің жиырылуын қуаттандыратын биохимиялық процестер атқарылады.
Фосфор ақуызы мол ет, сүт өнімдерінде кездеседі.
Қорытынды
Адамның күнделікті қоректік заттарының және солармен дұрыс тамақтану адам өміріне пацдасын әкеледі. Адам ең алдымен өзінің Денсаулығын ойлап организмге зиянды заттарды қабылдамай, мөлшерін асырып жібермей дұрыс тамақтану қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.«Биохимия» Е.С. Севериннің ред. басшылығымен, «ГЭОТАР, Медиа», 2014ж; 10. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия –Алматы, 2011
2.Сейтембетов Т.С. Биологиялық химия-Алматы 2011
3.Сеитов З.С., Биохимия, – Алматы, 2012;
4.Сағатов К.С., Биохимия,оқулық, Алматы-2007г;
5.Комов В.П., Биохимия, учебник для вузов, М-2008;
6.Кенжебеков П.К. Биологиялық химия – Шымкент, 2005
Достарыңызбен бөлісу: |