Реферат тақырып: Адам ағзасы үшін минералдың мәні


Тағам құрамындағы минералдық заттар



бет2/3
Дата27.10.2023
өлшемі80,15 Kb.
#188779
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
срс 1

Тағам құрамындағы минералдық заттар 

  • Нәруыздар адам ағзасында өздігінен түзілмейді, тек тағаммен бірге қабылданады. Адамның күнделікті қалыпты тіршілігі үшін тәулігіне орта есеппен 100-120 грамм нәруыз қажет. Нәруыз, әсіресе еттің, балықтың, жұмыртканың, асбұршақтың, жаңғақтың және т.б. тағамдардың құрамында мол болады.

Май  сүт өнімдерінің, жұмыртқаның және т.б. тағамдардың құрамында молынан кездеседі. Адам тәулігіне орта есеппен 70-100 г май пайдалануы керек.
Көмірсулар
Адам күнделікті пайдаланатын көмірсулар негізінен крахмал және қант. Крахмал түрлі жармалардың, ұнның, картоптың құрамында көбірек кездеседі. Қант көбіне қант қызылшасында, сәбізде мол болады.
Витаминдер дегеніміз – адам ағзасында синтезделмейтін төмен молекулярлы органикалық заттар, бірақ кейбір тағаммен аздаған мөдшерде ағзаға түскенде қалыпты метаболизм мен клеткалардың сәйкес физиологиялық қызметтерін атқаруын қамтамасыз етеді.
Адам ағзасында витаминдер жетіспеген кезде патологиялық жағдайлар – гиповитаминоздар, авитаминоздар болуы мүмкін.
Физико – химиялық қасиеттері бойынша витаминдер 2 топқа бөлінеді: майда еритін және суда еритін. Майда еритіндерге А, Д, Е, К витаминдері, суда еритін витаминдерге В1, В2, В3, РР, В5, В6, В9, В12, Н, С, В15 витаминдері жатады.
Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам тәулігіне 5-6 грамдай ас тұзын пайдаланса, жеткілікті.
Су – тірі ағзаларда кең тараған минеральдық зат. Ағзада судың керекті мөлшері оның тағаммен түсуі арқылы қамтамасыз етіледі, тәулігіне шамамен 2,0-2,2 л.
Тағамның міндетті құрамы ретінде су мынадай биологиялық қызметтер атқарады:
– еріткіш және биомолекулалар мен иондарды – тұрақтандырғыш болып табылады;
– ағзаның жылу балансын реттеуші болып таабылады;
– тасымалдау қызметін қамтамасыз етеді;
– клеткаішілік қысымның сақталуына әсер етеді, клетканың – формасын, тканьдердің тургорын сақтап тұрады;
– клеткалалық мембраналардың және клеткааралық – матрикстің құрылымдық компоненті болып табылады;
– биомолекулалар синтезі үшін пайдаланылады;
– гидролиз реакциясы арқылы биомолеклалар катоболизмін – қамтамасыз етеді;
– биологиялық тотығу мен тканьдік тыныс алу – реакцияларында электродонорлық және – протонакцепторлық қызмет атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет