Амикацин қабылдап жүрген емделушілер аминогликозидтердің отоуыттылығына және нефроуыттылығына көңіл бөле отырып, дәрігердің қатаң бақылауында болуы тиіс.
Препаратты 14 күннен артық қабылдау ұсынылмайды, өйткені оны осы мерзімнен артық қолданудың қауіпсіздігі анықталған жоқ.
Бұрыннан бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар, немесе вестибулярлы және есту аппараты зақымданған емделушілерде препаратты сақтықпен қолданған жөн.
Емделу кезеңінде бүйрек функциясын, есту жүйкесін және вестибулярлы аппаратты бақылау аптасына 1 реттен сирек болмауы қажет.
Бүйрек функциясы бұзылған науқастарда, препараттың жоғары дозаларын қолданғанда отоуыттылық және нефроуыттылық қаупі жоғарылайды, сондай-ақ ұзақ емделгенде – мұндай жағдайларда бүйрек функциясына (сарысудағы креатинин концентрациясының немесе креатинин клиренсінің мәндері) күн сайын бақылау жүргізу ұсынылады.
Жоғары дауыстарды қабылдамау әдетте кереңдіктің дамуының алғашқы белгісі болып табылады және аудиометриялық тестімен ғана анықталуы мүмкін.
Бас айналу байқалуы мүмкін, ол вестибулярлы аппараттың зақымданғанын айғақтайды.
Ұю, терінің шаншуы, бұлшықеттердің тартылуы және құрысулар сияқты нейроуыттылықтың басқа да көріністері болуы мүмкін.
Егер бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерде препаратпен емдеу 7 күнге және одан көпке созылса, немесе бүйрек функциясы қалыпты емделушілерде 10 күнге созылса, емдеу кезінде аудиограмма жүргізу қажет.
Амикацинмен емдеу құлақта шуыл пайда болғанда немесе жоғалғанда, немесе егер кейінгі аудиограммалар жоғары жиіліктерде едәуір жоғалуды анықтаған кезде тоқтатылуы тиіс.
Аминогликозидтердің парентеральді инъекциясынан кейін, пероральді түрде қолданудан кейін, сондай-ақ құрсақ және плевральді қуысқа жергілікті енгізгенде, ортопедияда қолданғанда жүйке-бұлшықет бөгелісі және тыныстық тоқтап қалу жағдайлары тіркелді.
Аминогликозидтік антибиотиктерді myastenia gravis немесе паркинсонизм сияқты бұлшықет бұзылулары бар науқастарда сақтықпен қолданған жөн, өйткені антибиотиктердің бұл тобы, жүйке-бұлшықет беріліміне кураре тәріздес әсері болатындықтан, бұлшықет әлсіздігін қосымша күшейтуі мүмкін.
Жүйке-бұлшықет бөгелісі дамыған кезде кальций тұздарын енгізген, өкпеге жасанды желдетуді іске қосқан жөн.
Анестезиялық дәрілерді, тубокурарин, сукцинилхолин, декаметоний сияқты миорелаксанттарды қабылдап жүрген емделушілерде, немесе жаңа цитратты қан құйғанда тыныстың тоқтап қалуы мүмкін екендігін тексеру керек.
Препараттың құрамында натрий бисульфиті бар, ол бейім адамдарда анафилаксияны және өмірге қауіп төндіретін демікпелік ұстаманы қоса, аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.
Сульфиттерге осы аллергиялық реакциялар жалпы популяцияда сирек кездеседі, сульфиттерге аса жоғары сезімталдық бронх демікпесі бар емделушілерде жиі байқалады.
Амикацинді сыртартқысында аминогликозидтерге аллергиясы бар немесе бұдан бұрын препаратты енгізуден туындаған, клиникалық симптоматикасыз, VIII жүйкенің немесе бүйректің зақымы бар емделушілерге қолдану ұсынылмайды.
Басқа аминогликозидтік антибиотиктерді, сондай-ақ басқа да нейроуытты және нефроуытты препараттарды (стрептомицин, дигидрострептомицин, гентамицин, тобрамицин, канамицин, неомицин, полимиксин В, колистин, цефалоридин, виомицин) бір мезгілде немесе кейін қабылдау ұсынылмайды.
Егде жас және дегидратация да препараттың уыттылық қаупін арттыруы мүмкін.
Амикацинді қабылдау басқа да антибиотиктер сияқты, резистентті микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкеп соғуы мүмкін, ол тиісті ем тағайындауды қажет етеді.
Педиатрияда қолданылуы
Аминогликозидтерді 12 жасқа толмаған балаларға тағайындау ұсынылмайды.
Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері
Емделу кезінде бас айналу, ұйқышылдық, бұлшықеттің тартылуы, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы сияқты жағымсыз реакциялар даму қаупіне байланысты, автокөлікті және зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті механизмдерді басқарғанда сақтық таныту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |