Реферат тақырып: "Белгісіз жылдар" кезеңі. 1652-1680 жж. Сайрам соғысы. Орындаған : Оразбек Мөлдір Гиму 22-11



бет1/2
Дата26.09.2023
өлшемі15,86 Kb.
#182595
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Реферат тақырып 2


Реферат тақырып: "Белгісіз жылдар"

«Алматы технологиялық университет»


РЕФЕРАТ

Тақырып: "Белгісіз жылдар" кезеңі. 1652-1680 жж. Сайрам соғысы.


Орындаған :Оразбек Мөлдір ГиМУ 22-11

Тексерген :Алдекен Айнур


Жоспары:
I . КІРІСПЕ
1) XV-XVIII ғaсырлaрдaғы тaрихи дәуірдің кезеңделу мәселелері
II .НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1)Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
2) Қазақ хандығын нығайту жолындағы Тәуке ханның қызметі
3)Ішкі саясаты және сыртқы саясаты..
III .ҚОРЫТЫНДЫ
IV . ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Қaзaқстaн тaрихындa дa осы кезеңдеу мәселесі ерекше орынғa ие. Біз бұл мaқaлaмыздa ортaғaсырлaрдaғы Қaзaқстaн тaрихының мaңызды бір бөлігі болып тaбылaтын XV-XVIII ғaсырлaрдaғы тaрихи дәуірдің кезеңделу мәселелерін қaрaстыруды жөн көріп отырмыз. Отaн тaрихындa XV-XVIII ғaсырлaр – кейінгі ортaғaсырлaр кезеңі деп aтaлынып, Қaзaқ хaндығының өмір сүрген уaқытынa сәйкес келеді. Сол себепті де бұл кезең тaрихи әдебиеттерде – Қaзaқ хaндығы дәуірі немесе хaндық дәуір деп aтaлaды. Төрт ғaсырдaй уaқытқa созылғaн хaндық дәуірді шaртты түрде екі үлкен кезеңге бөліп қaрaстыруғa болaды. Бірінші кезеңді – біртұтaс хaндық кезең десек, aл екінші кезең – бытырaңқылық хaндық кезең деген aтaуғa әбден ие. Уaқыт жaғынaн aлғaндa, біртұтaс хaндық кезең Қaзaқ хaндығы құрылғaн XV ғaсыр ортaсынaн бaстaлып, Тәуке хaн қaйтыс болғaн XVIII ғaсыр бaсынa дейін созылaды. Aл бытырaңқылық кезеңге XVIII ғaсыр бaсынaн XIX ғaсырдың бірінші ширегі aрaлығынa дейінгі, яғни осы жылдaры хaндық бaсқaру жүйесінің жойылғaн кезіне дейінгі aрaлық жaтaды.
Негізгі бөлім
Тәуке хан – XV –XVIII ғасырлардағы қазақ хандары әулетінің өкілі, оның арғы шыққан тегі Шыңғыс ханнан, Жошы ханнан бастау алады. Біз бұған дейінгі Есім хан, Жәңгір хандардың тарихи рөліне арналған жұмыстарымызда қазақ хандарының шыққан тегі жөнінде біршама толығырақ айтып өткендіктен бұл жерде оның бәрін қайталап жатпай, тек олар туралы өте қысқаша түрде атап өтуді жөн көріп отырмыз. Тарихи әдебиеттердегі материалдардың бәрі Тәуке ханды 1680 жылдан бастап хан болған деп жазады. Оның билікке қандай жолмен келгені белгісіз, ол туралы ешқандай деректе айтылмайды. Соған қарамастан ол жөнінде мынадай болжамдар айтуға болады. Егерде 1650 жылдардың басында Тәуке хан билік ету үшін өте жас болса, ал 1680 жылға таман оның жасы 40 пен 50- дің орта тұсында болатын. Бұл жас – ер адамның нағыз кемеліне келіп, ақылойы толысқан, өмірлік тәжірибесі жетерліктей жас екені белгілі. Тәукенің ақылдылығы мен шешендігі, кемеңгерлігі мен данышпандығы сияқты ерекше қасиеттері оны билеуші әулет өкілдері арасында айрықша көзге түсіртеді. Сондай-ақ, бұған дейін айтып өткеніміздей, оның ата-бабаларының хан тағын үзбей иеленуі, Жәңгір ханның тікелей ұрпағы болуы, жастайынан мемлекеттік істерге араласуы – оның тақты иелену мүмкіндігін арттырады. Біздің ойымызша, 1652-1680 жылдары өзара таластар мен қырқыстардан әбден титықтап шаршаған қазақ қоғамы, қоғамның алдыңғы қатарлы тобы мен өкілдері: кейбір сұлтандар, билер мен батырлар, дін басылары және тағы басқа әлуметтік топтың өкілдері Тәуке жағында болып, оны қолдаған дейміз. Сөйтіп олар Тәукені 1680 жылы хан тағына отырғызады.
Қазақ хандығын нығайту жолындағы Тәуке ханның қызметі Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1718) тұсында Қазақ хандығының күш-қуаты өсіп, бірлігі артты. Тәукенің туған жылы белгісіз, ал қайтыс болған жылына байланысты ғылыми зерттеулердегі пікірлер де әр түрлі. Жәңгір ханның ұлы және мұрагері Тәуке 1680 жылы Қазақ хандығының тағына отырды. Ол асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсады. Хандық билікті күшейтуге бағытталған реформалар жүргізді. Тәуке хан өзінің даналығы арқасында ел арасында «әз-Тәуке» деген атқа ие болған. Қазақ жеріне орыс елшілігін бастап келген М.Тевкелев 1748 жылы жазған құжатта: «Тәуке хан өте ақылгөй кісі болған, оны қырғыздар (қазақтар) үлкен 5 құрметпен еске алады», – деп көрсетеді. Халық зердесінде Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман», «алтын ғасыр» деп еске алынады. Орыстың белгілі тарихшысы А.И.Левшин Тәукені көне Спартаның ақылгөй заңгері Ликургпен теңеген. Тәуке ханның билік құрған алғашқы жылдарында оның билігін қазақтың барлық рулары мойындамаған. Сондықтан Тәуке хан бытыраңқы қазақ қоғамының басын біріктіріп, бір орталыққа бағынған мемлекет құруды басты міндеті деп санады. Осы мақсатта әр түрлі әлеуметтік топтан шыққан дарынды, ақылды адамдарды мемлекетті басқару ісіне тартты. Бұған дейін мемлекетті басқару ісіне тек Шыңғыс ханның ұрпақтары мұрагерлік жолмен тартылатын еді. Тәуке хан мемлекетті басқару ісіне туа біткен данышпан, ел арасында асқан ерлігімен, батырлығымен дараланған тұлғаларды, яғни билер мен батырларды тартты. Бұл шаралар нәтижелі болды. Мемлекетті басқару ісіне де үлкен өзгерістер енгізді.
Ішкі саясаты Болашақ ханның саясатқа араласуы 1650 немесе 1651 жылға сәйкес келеді. Жәңгір ханның Қашғар билеушісі Абдаллах ханға жіберілген елшіліктің 6 құрамында болған. Әкесінің өлімінен кейін Кіші жүз рубасыларының басым бөлігінің қолдауына ие болды. Хан тағына отырған соң Қазақ Ордасының ішкі және сыртқы саяси жағдайын күшейтуге көңіл бөлді. Ішкі саясаттағы реформаларының бір көрінісі - сан жағынан кішігірім жеті руды біріктіріп, жаңа жетіру рулық одағын және Орта жүздің құрамындағы уақтар мен керейлерден біріккен уақ-керей тайпасын құруы. Сонымен қатар қазақ халқы арасында бұрыннан қолданылып келген ру-тайпалардың ұрандары мен таңбаларын қайта анықтап белгілеген. 1.3. Сыртқы саясаты Тибеттік буддизмнің Орталық Азияға таралуын көздеген жоңғар билеушісі Қалдан Бошоқты хан 1681-1685 жылдары қазақтарға, қырғыздарға және Әндіжан, Сайрам қалаларының отырықшы халықтарына қарсы жеті жорық ұйымдастырған. 1683 жылы орын алған шайқас кезінде Тәукенің бір ұлы тұтқынға түсіп, жоңғар билеушісінің шешімімен «буддисттік Ватиканның» астанасына жіберілді (туған жеріне 14 жылдан кейін қайта оралды). 1687 жылдың ортасына қарай адам және материалдық шығындардан ес жиған қазақтар өз күшін қайта жұмылдырып, 1688 жылы Қалдан әскеріне соққы берді. Жеңістің нәтижесі бойынша, алдымен, Ташкент қайтарылды. Ферғананың саяси орталығынан кейін Тәуке ханның қол астына қырғыздар мен Түркістанның солтүстігінде мекендеген қарақалпақтар өтті. XVII ғасырдың ортасына қарай Тәуке ханның саяси ықпалы Қазақ Ордасымен көршілес Сырдарияның орта және төменгі ағыстарында орналасқан сауда және қолөнер дамыған қалаларына да тараған (32 қала мен айналасындағы ауылшаруашылық кенттер). Ташкент, Сығанақ, Сайрам, Түркістан (қала), Созақ, Аққорған, Қарнақ, Сауран және т.б. қалалардың тұрғындары қазақ билеушілеріне жыл сайын тауармен және ақшалай салық, ал ауылдық аймақтарда тұратын отырықшы халық жиналған егіннің 1/5 немесе 1/10 бөлігін төлейтін. Ішкі саясаттағы белсендігімен қатар Тәуке хан 1687-1697 жылдары солтүстік көршілерімен орын алған қақтығыстар мен қарама-қайшылықтарды реттеуге, сауда-саттықты дамытуға, керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салды. 1687-1693 жылдары Тобыл қаласына бірнеше елшілік аттанған. 1698 жылы қазақтардың оңтүстік жайылымдары жоңғарлардың жаңа билеушісі Цеван-Рабданның шабуылына ұшырады. Бұл екі халықтың арасындағы ұзаққа созылған соғыстың жаңа кезеңіне алып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет