Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиян негізінен экология және экономикалық жағдайға әсер етеді. Экологиялық зиян экономикалык шығынға әкеп соқтырады, ал экономикалық зиян табиғатта негативті өзгерістерді туындатады. Экономикалық зиян өтемакымен өтеледі, ал экологиялык зиянды барлық уақыта қалпына келтіру мүмкін емес және оның құнын ақшамен бағалауға келе бермейді Өйткені, оның зарлабын жою өте ұзаққа созылады. Бір сөзбен айтқанда, экологиялық проблемаларды шешу мемлекеттің экономикасына орасан зор шығын әкелетіні сөзсіз.
Экологиялық шығындардың экономикалық шығындарға қарағанда мынадай ерекшеліктері бар:
- Экономикалык шығындар өнім өндіру саласында ғана болса, экологиялык шығын өнім өндіруде де, өндірістен тысқары да болады;
- Экологиялық шығындар қоршаған ортаны ластаудан болған залалдың себебінен және қоршаған ортаның табиғи кешені элементтерін алып қою нәтижесінде пайда болған өндірістен тыс шығындарды азайту арқылы өндірістік қордың базасын кеңейтуге арналған қор;
- Экономикалық және экологиялық шығындар уақыт пен кеңістікке бөлінген;
- Экономикалық шығындар – бұл өнім өндіруге бағытталған өндірістік шығындар, ал экологиялық шығындар – жанама, өндірістен тыс шығындар.
Қазіргі уақытта экологияық бағыттың дамуы қажет өйткені, экология – экономикалық бағаласыз шаруашылықтың даму тенденциялары жорамалдау мүмкін емес. Қоршаған ортаның элементтерін дәстүрлі экономикалық есептеулерге уақтылы кіргізе алмау қиындығы туындап отыр. Сондықтан адамның өндірістік іс - әрекетін экология – экономикаық тұрғыдан бағалаудың жаңа әдістемелері қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер: ↑ Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-927-4
↑ Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х