Реферат Тақырып: Жалпы Фармакология Орындаған: Бақытбекқызы А. Қабылдаған:Қалжан А. Б



бет3/9
Дата31.10.2022
өлшемі104,39 Kb.
#155810
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3.Тималин

Дәрілердің өзгеруі
Препараттар сіңіріліп және таралғаннан кейін:
1) барабар ферменттердің әсерінен метаболизмге ұшырайды;
2) ферменттердің әсерісіз шұғыл басқа заттарға айналады;
3) немесе ағзадан өзгертілмеген (немесе экскреттелінеді) күйінде шығарылады.
Кейбір дәрі-дәрмектер (эмбихин) ағзаның қышқылдық орталығының өзгеруінен шұғыл басқа заттарға айналады. Сонымен, тірі ағзада дәрі-дәрмектер белгілі бір өзгерістерге немесе биотрансфомацияғаұшырайды.
Биотрансформация дегеніміз (басқа затқа айналу немесе метаболизм) дәрі-дәрмектердің анағұрлым қарапайым, иондалған, полярлы және суда еритін құрылымға ауысатын, ағзадан жеңіл шығарылатын физико-химиялық және биохимиялық өзгеріс жиынтығы.
Дәрі-дәрмектердің метаболизмі келесі тіндерде және мүшелерде (маңызды мүшелерден бастап, төмендеу кезегімен берілген) жүреді:
- бауырдың эпителиалды жасушаларында (90%) – микросомалды аппарат
- бүйректе
- қан сары суында
- асқазан ішек жолдарының тіндерінде (ішек қабырғаларында)
- өкпеде
- теріде ж.т.б.
Метаболиттік трансформация ағзаның жасуша аралық кеңістігінде, жасушалық және субжасушалық мембранада, жасуша ішіндегі органелде орналасқан бір қатар ферменттер жүйелерінің қатысуымен жүреді.
Ағзада дәрі-дәрмектердің метаболизм реакцияларын екі типке бөледі: синтетикалық емес және синтетикалық.
Синтетикалық емес реакцияларға тотығу, тотықсыздану және гидролиз жатады. Барлық синтетикалық емес реакция метаболизмін немесе дәрі-дәрмектердің метаболиттік трансформациясы деп аталатын реакцияны, орналасуына байланысты 2 негізгі биотрансформациялаушы жүйеден тұратын 2 топқа бөледі:
а) негізгі реакция топтары, бұл реакция, гепатоциттердің эндоплазматикалық ретикулум ферменттерімен катализденеді немесе микросомалды реакция;
б) басқа жерде орналасқан ферменттермен катализденетін реакциялар, микросомалды емес.
Ең басты бауырда жүретін микросомалды биотрансформация үрдісін бөліп айтқан дұрыс. Гепатоциттерде оңтайлы ферменттер жиынтығы бар, олар науқас ағзасы үшін бөгде заттарды, сонымен қатар дәрі-дәрмектердің тотығуына қатысады. Оның ішіндегі ең маңыздысы цитохром жүйесі Р450 (мәрелі тотығу жиынтығы) және оксидаз-редуктазды жүйе ферменттері (арадағы тотығу жиынтығы).
Бауырдың микросомалды ферменттеріне қатысты дәрі-дәрмектер келесі топтарға бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет