Реферат Тақырып: Жалпы Фармакология Орындаған: Бақытбекқызы А. Қабылдаған:Қалжан А. Б



бет6/9
Дата31.10.2022
өлшемі104,39 Kb.
#155810
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3.Тималин

Ковалентті байланыстар – электрондардың жалпы жұбының есебінен екі атомның арасында пайда болады. Олар заттардың қайтарымсыз байланысын қамтамасыз етеді, бірақ бұл байланыс кез-келген дәріге келе бермейді.
Ионды байланыс – оған ион-диполді және диполь-диполді байланыстар жақынырақ – электоростатикалық өзара әрекеттер топтар арасында пайда болады. Жасуша мембраналарының электрлі алқабына дәрілік заттар түседі, одан әрі рецепторлармен байланысу үшін қажетті демелген диполдердің түзілуі жүреді.
Сутектік байланыстар – бұл сутек атомдары отегінің, азоттың, күкірттің және басқа да атомдармен байланысады, ван-дер-ваальсовтар байланыстары әлсіз, екі кез-келген атомдардың арасында құрылған байланыстар.
Сулы ортада алқапсыз молекулалардың өзара әрекеті кезінде гидрофобты байланыстар құрылуы мүмкін.
Заттың тінге әсер етуі үшін, ол рецепторға ұқсас болуы керек. Ұқсас болу түсінігі «аффинитет» деп аталады.Аффинитет-дегеніміз дәрілердің рецепторлармен тез және тығыз байланысын айтады.
Аффинитеттің жоғарлық кезінде дәрінің ықпалдығы өте аз мөлшермен де кездесе береді. Бірақ, дәрінің мөлшері көбейе түссе оның қатынасы рецепторлармен азайады. Өйткені дәрілердің көптеген мөлшерлік бөлімдері, макромолекулярлық орталықтардың басқа белсендік қоспалық аз аффинитеттерімен қосылып кетеді. Бұл кезде дәрілердің кері ықпалдығы көбірек шыға бастайды және тиісті әсері азайады.
Дәрі-дәрмектер рецепторлармен қарым-қатынас құрғаннан кейінгі, сол рецептордың қызметтік маңызының реакциясын туғызу «ішкі белсенділік» термині деп аталады. Дәрінің рецепторға аффинитеттігі және қосымша ішкі белсендігі болса, бұны рецептордың агонисті(сәйкестік) дейді. Агонист ретінде препараттың арнамалы рецепторлармен әрекеттескендегі миметикалық әсерінің тұспалдануы, олар оны белсендіреді, рецепторлардың конформациясын өзгертеді, биохимиялық реакциялар нәтижесінде белгілі фармакологиялық ықпалдар туындайды. Мүмкіндігінше ең жоғары ықпалдар туындағанда толық агонистер деп аталады, ал рецепторлармен әрекеттескенде ең аз ықпал туындаса, яғни ең жоғары ішкі белсенділігі болмаса, онда жартылай агонисттер деп аталады.
Дәрі рецепторға аффинитеті болып тұрып, бірақ ол рецептормен байланысуға кедергі келтірсе оны антагонистік (қарсыма-қарсы) рецептор деп атайды. Рецептормен байланыса отырып, олар агонисттердің осы рецепторларға әсеріне кедергі жасайды, оларды тежегіш рецепторлар деп атайды. Антагонисттер агонисттердің байланысатын жерінен орын алса және оларды рецептормен байланысуын ығыстырса, бұндай ықпалдар бәсекелестік антагонист деп аталады. Егер антагонист агонисттің байланысатын нысанасы емес жерден орын алса, яғни ішкі белсенділікті реттемейтін, онда ол бәсекелестік емес антагонист деп аталады. Бұл кезде препарат рецепторды белсендіретін қабілеті болады және осы рецептордың түр бөлімін тежейді, онда оны агонист-антагонист деп аталады (наркотикалық ауыруды басатын дәрілерді қара).
Дәрі-дәрмектер үшін бсқа да аз арнамалы «нысана» рецепторлары бар. Олардың біріне ионды түтікшелер – N+, Са2+, Кталдамды өткізетін және басқалары жасушалық мембрана арқылы өтетін (жергілікті анестетиктерді, аритмияға қарсы дәрілерді қара). Көптеген дәрілер ферменттердің тежегіштері болып келеді, олар үшін «нысана» ретінде. Кейбір тасымалдаушы ақуыздар дәрілерді жасуша мембранасы арқылы өткізеді (үш циклді антидепрессанттарды қара). Болашақта дәрілер үшін «нысана» белгілі гендердің түрлері болып келеді.
Фармакологиялық ықпалдары бойынша барлық дәрілер арнамалы және арнамалы емес болып бөлінеді, сонымен қатар талғамды әсер етеді. Арнамалы емес дәрілердің фармакологиялық ықпалдары кең спектрлі (витаминдер, адаптогендер ж.т.б.), ал арнамалы белгілі жүйенің рецептор аппараттарнына агонист және антогонист (α және β- адренорецепторлар, М және Н холинорецепторлар ж.т.б.) ретінде әсер етеді, талғамды көріністерде дәрі аз мөлшерде жүйенің тек белгілі бір мүше бөлімінің белсенділігін өзгертеді. Олдың белгілі бір тіндерде жиналу қабілеті бар, яғни оған ұқсас болып келеді.
Дәрілердің ағзаға тигізетін әсерлері: біріншілік немесе жергілікті әсер, яғни дәрінің қанға сінбей тұрып, жанасқан жердегі әсері; екіншілік немесе резорбтивті әсері (сіңірілу) – қанға сіңіп, қан тамырлары арқылы таралғаннан кейінгі әсері, үшіншілік немесе рефлекторлы әсері рецепторлы аппарат арқылы (жасуша мембранасында орналасқан макромолекулалық қосылыстар, вегетативті талшықтар синапстары мен басқа түзілістері) әсер ету жатады. Дәрілер үшін негізгі немесе емдік әсер тән, бірақ кейде жанама емдік әсері болуы мүмкін (жүрек гликозидтерін қара). Сонымен қатар, қалаусыз жанама әсерлері де болуы мүмкін. Препарат әсері қайтымды болуы мүмкін, ол кезде дәрі «нысанадан» немесе «рецептордан» ығыстырылады, кейде бұл «нысаналар» қайтымсыз тежеледі (фосфоорганикалық қосылыстарды қара). Талғамды немесе тропты (кардиотропты, психотропты дәрілер ж.т.б.) деген түсініктер бар, бұл кезде препараттың әсері бір мүшеге немесе жүйеге бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет