Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................12
Жиын ұғымы Жиын ұғымы – негізгі математикалық терминдердің бірі болып саналады. Жиынның нақтылы анықтамасы жоқ. Жиынды ортақ бір белгі бойынша біріккен объектілердің жиынтығы деуге болады. Бiз жиын деп ненi түсiнетiнiмiздi ғана сипаттай аламыз. Әдетте, жиын ретiнде оның қандай да бiр белгiлерiн ескеріп, әртүрлi нысандардың алдын-ала берiлген ерекшелiктерi бойынша топтастырылуын айтамыз. Сонымен бірге, жиын ешбір негізге сүйенбей топтастырылған нысандардан да құрастырылуы ешбір қарсылық туғызбауы керек.
Жиындарды үлкен латын әрiптерi арқылы белгiлеймiз: A, B, X, P, T және т.б. Жиынды құрайтын нысандар осы жиынның элементтерi деп аталады. Жиын элементтерi кiшi латын әрiптерiмен белгiленедi: a, b, c, x, u, v және т. б.
Мысалы: натурал сандар жиыны, түзудің бойындағы нүктелер жиынтығы, кітап беттерінің жиынтығы, натурал сандар жиыны, кітап бетіндегі түрлі символдар жиыны, студенттер тобы, компьютерді жинау кезіндегі орындалатын операциялар тобы, “СҰҢҚАР” фирмасының қызметкерлер тобы т.б. мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Егер x – Aжиынының элементi болса, бұл жағдай xA белгiсiмен таңбаланады және “ x элементi А жиынына тиiстi ”деп оқылады.
Егер xэлементі А жиынынан тыс болса, оны xA арқылы белгiлеп, “ x элементi А жиынына тиiстi емес”
Қоршаған орта мен ғылым пәндерiнiң қай-қайсысы болса да жиын ұғымына қажеттi мысалдардың кез келген түрiн бере алады. Айталық, өсiмдiктер түрлерi, кiтаптар, жай сандар, жазықтықтағы түзулер – жиын ұғымының мысалдары. Алғашқы екеуi ақырлы жиындар мысалдарын берсе, соңғы екеуi ақырсыз жиындардың мысалдары болады.