"Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы“ А. Байтұрсынов Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады.
Бүгінгі күні мұғалімнің тәжірибесіне оқушының білімін бағалауында «бағалау» деген ұғымға байланысты әр қилы өзіндік жаналықтыр енгізілуде. Соның бірі – критериалды бағалау. Критериалды бағалау жүйесі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру, білім сапасын арттыру, тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.
Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзі – өзі бағалау, қабілеттік және күш – жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.
Критериалды бағалау жүйесі:
әр оқушының қабілетін ескере отырып даму траекториясын анықтау;
оқытудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылардың білік дағдыларын дамытуға ынталандыру;
оқыту сапасын жақсарту;
оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен оқу материалын сапалы меңгеруін анықтау үшін мұғалімнің, оқушы мен ата-ананың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу.
Критериалдық бағалаудың мәнін түсіндіру үшін келесі практикалық әдіс-тәсілдерін қолдануын тиімді деп ойлаймын:
мұғалімнің сабақ басында оқытудың мақсаттарын түсіндіруі- тақтада жазып қою немесе қойылған оқу мақсаттарды ауызша жеткізу;
мұғалімнің сабақтың тиісті бағалау критерияларын белгілеу (тым көп болмау тиіс) және оны оқушыларға жеткізу. Оны тұжырымдап жеткізудің сапасы Сізге байланысты, бірақ оқушыларға түсінікті болатын тілді пайдалану қажет. Бұл критериалар оқушылармен сабақтың басында талқыланып, оқытудың мақсатына жету үшін және «табысқа қадамдарын» көрсететін ең басты мақсаты және негізгі білімдерді бектіту үшін барлық сабақ бойы қолданылады;
оқыту туралы сөйлесуде қолданатын негізгі сөздері бар карточкалар мен плакаттар әзірлеу – ол нақты пәнге байланысты арнайы сөздер немесе мәнмәтінге байланысты әртүрлі түсіндірілген жалпы сөздер болуы мүмкін, мысалы сипаттаңдар, түсіндіріңдер, бағалаңдар;
оқушылардың жұмысына көмек көрсету үшін жоспарлау/жазу үшін шеңбер әзірлеу;
бағалаудың әртүрлі критерияларын көрсету үшін;
оқушылардың өздері әзірлеген тест/тапсырмаларын жобалау үшін мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
оқушыларды бағалау рубрикалармен жұмыс істеуге үйрету.
Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасының, ел ертеңі – жас ұрпақтың болашағы үшін табысты болуы, оны іске асыратын мұғалімдердің еңбегімен өлшенетіні сөзсіз. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім екенін ескерсек, білім беруді реформалау жағдайындағы айрықша өзекті мәселелердің бірі – қазіргі қоғамдағы мұғалімнің қызметі. Қазіргі мектеп қоғамдық өзгерістерге тез икемделетін, жаңалыққа құмар мұғалімдерге аса зәру болып отыр. Сол себепті кез-келген инновациялық тапсырмаларды шешуге ойлы, шығармашылық тұрғысынан қарайтын аса қабілетті мамандар қажет
Бағдарлама оқушылардың білім алуы мен қатар олардың өмірге қажетті дағдыларының қалыптасуына бағытталған мақсаттарды жүйелеп, спиральді әдіспен жас ерекшелігіне сай тұлғалық дамуға әсер етуді көздейді. Осы іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін жаңа форматтағы мұғалімнің кәсіби біліктілігіне негіздей отырып, атқаратын ең маңызды рөлі – сабақты өз бетімен жоспарлау.
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу – әрбір ұстаздың басты міндеті. Мұғалімдер қай әдісті пайдаланса да мақсат – бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру, пәнге ынтасын, қызығушылыққа тәрбиелеу, дағдыларды меңгерту. Сыныптағы барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес, сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай мұғалім жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеруді көздейді.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден –бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау . Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу үдерісінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Критериалды бағалау жуйесінің бірнеше тиімділігі бар олар:
· заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;
· жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;
· оқушылардың білім сапасын арттырады;
· оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға
мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;
· тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.
Жалпы алғанда, критериалды бағалау дегеніміз – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.
Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі), сондай-ақ оқу бағдарламаларындағы балл және баға қойылатын бөлімдер ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде жүргізілетін бағалаудың түрі