Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) сәйкес жүзеге асырылады:
• Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.
• Шынайылық, сенімділік және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.
• Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
• Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.
• Дамуға бағыттау. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.
Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз:
Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау;
Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу;
Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау;
Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т.б);
Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау;
Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
-заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;
-жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;
-оқушылардың білім сапасын арттырады;
-оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;
-тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін шығармашыл бағалау жүйесі.
Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі жүргізу - жиынтық бағалаудың нәтижелі, сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.
Заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, алған білімдерін өмірде қолдануға бейімдеу болып табылады. Қорыта айтқанда, бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады. Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы неде?
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы; анық, айқындылығы; бағаның әділдігі; өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері:
Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;
Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.
Критериалды бағалау артықшылықтары: Оқушының тек қана жұмысы бағаланады. Жұмысын бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге негізделеді. Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала беріледі және оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі. Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады. Критерий арқылы бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді, білім берудің сапасы артады.
Критериалды бағалау технологиясының артықшылығы: нақтылық, әділдік, ынталандыру, белсенділікке жұмылдырады. Критериалды бағалау технологиясының оқытуды жақсартудағы 5 қағидасы мыналар:
Оқушылармен кері байланысты тиімді қамтамасыз ету.
Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.
Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.
Өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттігі.
Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.
Қазіргі таңда оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғылым мен озық тәжәірибенің бүгінгі даму деңгейінің ең тиімдісін таңдап алу және үйлесімді қолдану – сабақтың сәтті өтуінің кепілі .
Мұғалім сабағының сәтті өтуі - оның түрін дұрыс таңдай білуіне, мұғалімнің біліміне, тәжірибесіне, іскерлігіне байланысты. Сабақты ұйымдастыруда:
• өтілетін тақырыпқа сай сабақ жоспарын жасау;
• тақырыпқа тиімді болатын сабақ түрін, әдіс-тәсілін қарастыру;
• сабаққа тиімді болатын қосымша материалды іріктеп алу;
• дидактикалық электронды оқулықтарды мақсатқа сай пайдалану керек.
Сабаққа күнделікті критерий құрып, онымен оқушыларды таныстырып отырсақ, оқушылар өзін-өзі бағалауды үйренеді, сол сияқты өзгені де бағалауды үйренеді. Олар өз білімінің деңгейін сралап, алға ұмтылады, жақсы жетістікке жетуге тырысада. Сондай-ақ мұғалімге деген өкпе-реніш болмайды, себебі өз білімінің әділ бағаланатынына сенімді болады деп ойлаймын. Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу – жиынтық бағалаудың нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр. Оқушы қашанда баға үшін оқитынын біз білсек те, ескермей келдік, осы кезге дейін бағалау тек мұғалім құзырында болып келді, ал криитерилер біздің санамызда болып, кейбір жағдайда оқушылар не үшін баға алғанын да білмей қалатын, қысқасы біз бағалау кезінде оқушы пікірімен санаспадық яғни оқушы үніне құлақ түрмедік. Бұл әдістегі бағалауда оқушы өзінде, тобында, жұбында бағалай алады.Оқушылар бір нәрсені қалай түсіндіретінін, бірнәрсені қалай бағалайтынын тыңдаңыз, бірақ араласпаңыз. Бұл сізге құнды, бірақ, ауыр тиюі мүмкін, оқушыларыңыздың түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Егер оқушылар сыныптастарымен сұрақтарды талқылауда, бірін-бірі бағалау немесе өзін-өзі бағалауда өте белсенді болмаса да, олармен жұмысты тоқтатпау керек. Бұл оларға осы мәселеге қатысты көбірек жаттығуға мүмкідік береді. Алайда, сіз жалпы кемшіліктерді қарастыру және басты сәттерді атап өту үшін оны өткізгеннен кейін, оқушылардың өзін-өзі бағалауын және бірін-бірі бағалауын қайта қарастырып, түзету үшін түсіндіруді пайдалана аласыз. Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беру, содан соң жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлуді білдіреді. Кері байланыс, әдетте, жазбаша емес, ауызша. Ол ынталандыру нысанында ұсынылуға тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
2. Красноборова А.А. Критериальное оценивание в школе. Учебное пособие
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», 55-бет, 107-бет
4. http://moodle.nis.edu.kz
5. Тапалова Ә.С. «Бейорганикалық химия», Астана, 2008 ж.
6. Днепров Э.Д, Аркадьев А.К. «Сборник нормативных документов», М.; Дрофа, 2007.
7. Каверина А.А., Добротин Д.Ю., Медведев Ю.Н., Снастина М.Г. «Оптимальный банк заданий для подготовки учащихся», М.; Интелект-Центр. 2012.
Достарыңызбен бөлісу: |