Реферат тақырып: Мейірбике ісінің компоненттері. Мейірбике ісі-денсаулыққа медициналық күтім жасаудың бір бөлігі. Қазіргі кезеңдегі Қр денсаулық сақтау жүйесіндегі Мейірбике ісі. ҚР-да мейіргер ісін дамыту тұжырымдамасы



Дата01.11.2023
өлшемі19,05 Kb.
#189009
түріРеферат
Байланысты:
азиза тохташова


Жоғары медициналық колледж "Интердент’’

РЕФЕРАТ


Тақырып: Мейірбике ісінің компоненттері. Мейірбике ісі-денсаулыққа медициналық күтім жасаудың бір бөлігі . Қазіргі кезеңдегі ҚР Денсаулық сақтау жүйесіндегі Мейірбике ісі. ҚР-да мейіргер ісін дамыту тұжырымдамасы

Студент: Тохташова Азиза


Қабылдаушы: Талғатқызы Аружан
Тобы:112

2023 жыл

Жоспар:



  • Кіріспе

  • Мейірбике маманының қызметтері

  • Алғаш мейірбике мамандығының пайда болуы.

  • ҚР Денсаулық сақтау министрігінің стратегиялық мақсаттары


Кіріспе.

Мейірбикенің қоғамдағы рөлін сипаттамас бұрын осы салаға қатысты терминдерге тоқталатын болсақ:


«Денсаулық-жеке тұлғаның қоршаған ортамен бейімделу арқылы жеткен үйлесімі 
Мейірбикелік іс-қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты адам денсаулығының потенциалды немесе бойында бар проблемаларын шешуге бағытталған ғылым мен өнер. 
Адам– өзін–өзі тәртіпке салатын динамикалық биологиялық біртұтас жүйе,физиологиялық ,психологиялық–әлеуметтік және рухани қажеттіліктердің қанағаттандырылуымен оның өсіп дамуы ,қоршаған ортамен қосылуы анықталады. 
Мейірбике- мейірбике іс философиясымен бөлісетін,медбикелік іске құқығы,кәсіби білімі бар маман . 
Қоршаған орта– адамның белсенді әрекетіне шалдығатын табиғи, әлеуметтік, психологиялық және рухани факторлар мен көрсеткіштердің қосындысы.»

Мейірбике маманының қызметтері
Мейірбике білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірімділік көрсете білетін маман болып саналады. Мейірбике-емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін медбике жұмысын жалғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді.
Мейірбикенің міндетіне емделушіні және оның өз тағдырын өзі шешу құқығын сыйлау кіреді. Осыған байланысты іс атқару барысында келесі принциптерге сүйенуге тиіс: қастық жасамау, жақсылық жасау, қызмет істей білу және мамандыққа да, емделушіге де адал болу. Сонымен бірге, мейірбикелік іс адамның ұлттық және таптық сипатын, жасын, жынысын, саяси немесе діни сенімдерін шектемейді.

Алғаш мейірбике мамандығының пайда болуы.
Медицина ғылымының өсіп –өркендеуіне байланысты денсаулық сақтау саласындағы медицина мейірбикелерінің рөлі артып келеді.Мейірбике мамандығының пайда болуы ағылшын қызы Флоренс Найтингельге байланысты.1860 жылдың 24 маусымы — мейірбике ісі тарихындағы атақты күн.Бұл күні Лондонда Қасиетті Томас госпиталінде Флоренс Найтингейльдің басшылығымен қайырымдылық мектебі ашылды.Осы мектепті бітіруші қыздар мен әйелдер тиянақты түрде ғылыми дайындықтан өтіп шығатын. Флоренс Найтингейль қоғам алдында ең бірінші болып мейірбике жұмысының мерейін көтерді.Ол ауруларды күтуге арнайы дайындық керек екенін жұртшылыққа дәлелдеп берді.Флоренс адам өмірін сақтап қалуда қайырымдылық мейірбикесі шешуші рөлді жиі атқаратынына көз жеткізді.Сол кезден бастап мейірбике ісінің негізі қаланды.XIX ғасырдан бастау алған мейірбике ісі қазіргі заманға дейін қаншалықты дамығаны,сол уақыт ішінде қоғамнан алынған орыны,өзінің кезеңдерін қалыптастыруы мейірбике ісінің қарқынмен дамығанына дәлел.Медицина қызметкерлеріне ең қымбат – адамдардың өмірі, денсаулығы, олардың жақсы жағдайда болуы сеніп тапсырылған. Ол тек науқас және олардың туыстарының алдында ғана емес, тұтас алғанда мемлекет алдында да жауапкершілікте.


ҚР Денсаулық сақтау министрігінің стратегиялық мақсаттары
Елімізде мейіргерлік істі дамыту ҚР Денсаулық сақтау министрігінің стратегиялық мақсаттарының бірі және саланы жалпы біліктілік құзыреттерін бойына сіңірген жоғары білікті мейіргер мамандармен қамтуға арналған. Осы мақсатқа жету үшін Денсаулық сақтау министрігі Еуропалық директиваларға сәйкес және мейіргерлер қызметін тиімді басқаруды енгізуге сәйкес мейіргерлік іс мамандарын даярлаудың барлық деңгейін дамыту жөнінде шаралар қабылдады.

Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мейіргер ісі мамандарының мәртебесі мен рөлін арттыру жөніндегі шаралар көрсетілген. Бірқатар функцияларды мейіргерлерге беру, мейіргер ісі мамандарының мәртебесі мен рөлін арттыру, клиникалық мейіргерлік нұсқаулықтар және операциялық процедуралар стандартын (ОПС) енгізу, сонымен қатар мейіргерлік істі басқару мен дамытуға қатысты кешенді шаралар қамтылған.


Мейіргерлік іс мамандығы бойынша кіші мейіргер қызметінен бастап мейіргер ісі бойынша PhD докторға дейінгі маман даярлаудың көпдеңгейлі жүйесі енгізілді. Қолданбалы және академиядлық бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның интеграцияланған бағдарламалары әзірленді, соның ішінде жұмыс істеп жүрген мейіргерлерге орта білімнен кейінгі, жоғары және ЖОО-дан кейінгі мейіргерлік білім алуларына мүмкіндік беретін жеделдетілген және икемді білім беретін бакалавриаттың жеделдетілген бағдарламалары да бар. Аталған траекториялық бағдарламалар мейіргерлер құзыреттілігін дамыту арқылы сапалы, қауіпсіз және тиімді мейіргерлік көмекті қамтамасыз етеді.




Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаналы индикаторларының бірі: «Денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргер кадрларының жалпы санындағы кеңейтілген практика мейіргерлерінің (қолданбалы және академиялық бакалавриат бағдарламалары бойынша дайындалған) үлесі» (2025 жылға қарай 7%) болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет