Реферат Тақырып: Палеолит заманындағы археологиялық ескерткіштерді қарастыру. Палеолиттік "венералар" мен қоғамдағы әйелдердің орны



бет1/2
Дата12.10.2022
өлшемі20,07 Kb.
#152780
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
ДосмұрзаСрсп,104 гр


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
“Қ.Жұбанов” Университеті

Реферат


Тақырып:Палеолит заманындағы археологиялық ескерткіштерді қарастыру. Палеолиттік “венералар” мен қоғамдағы әйелдердің орны
Дайындаған:Досмұрза Ақтоты
Тексерген:Елеусізова Қ.Ж


Жоспар:
Кіріспе

  • Палеолит заманындағы археологиялық ескерткіштер



Негізгі бөлім

  • Палеолит заманындағы қоғамдағы әйелдердің орны

  • Палеолиттік венера атауы



Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Палеолит заманындағы археологиялық ескерткіштер
Палеолит дәуірі (ежелгі тас) адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Ғылымдағы қазіргі классификацияға бойынша, ежелгі тас ғасыры ұзақ-ұзақ үш хронологиялық дәуірлерді: ерте (төменгі), орта және кейінгі (жоғарғы) палеолитті қамтиды. Батыс Еуропа материалдарына негізделген ежелгі палеолит классикалық үлгі бойынша үш кезеңге: ерте - олдувэй, ашель; орта палеолит – кейінгі ашель мен мустье; кейінгі палеолит – ориньяк, солютре мен мадлен болып бөлінеді. Соңғы жылдары бұл үлгіге бірқатар түзетулер енгізілді. Шамамен б. з. б. 2,6 млн - б.з.б. 3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды.

  1. Ерте палеолит (төменгі) - б.з.б. 2,6 млн-б.з.б. 40 мыңжылдықтар.

  • Олдувэй - б.з.б. 2,6-800 мыңжылдықтар.

  • Ашель - б.з.б. 800-140 мыңжылдықтар.

  • Мустье - б.з.б. 140-40 мыңжылдықтар.




  1. Кейінгі палеолит (жоғарғы) - б.з.б. 40-12 мыңжылдықтар.

Археологиялық ескерткіштер – халықтардың ежелгі тарихына қатысты материалдық мәдениетінің ескерткіштері. Оған: қалашықтар мен қалалар; ежелгі қоныстардың қалдықтары; обалар, қабір үстіне орнатылған ескерткіштер мен салт-дәстүрлік құрылыстар; адамның еңбек қызметін сипаттайтын ескерткіштер; тасқа және үңгірде қашалған жазулар; табылған жекелеген қазбалардың орындары жатады.
Археологиялық ескерткіштер Солтүстік Қазақстан облысы ежелгі тұрғындарының жоғ. палеолит дәуірінен ортағасырлық кезеңге дейінгі өмірі мен тұрмысын көрсетеді. 100-ден аса нышанға қазба жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениетін көрсететін көптеген коллекциялар жиналды. Қола дәуірінің заттық кешендері негізінде Г.Б. Зданович қола ғасырдың алатын кезеңі мен хронологиясын жасады, Петровтік мәдениет дербес өз алдына бөліп қаралды (1975). С.Я. Зданович Солтүстік Қазақстан облысы және көрші облыс материалдары негізінде қола ғасырдың аяқ шеніндегі Саргарин мәдениетін анықтады. В.Ф. Зайберт неолит кезеңінің А.е. материалдары бойынша Атбасар мәдениетіне жататын ескерткіштердің хронологиясын әзірледі, ал энеолит кезеңінің ескеткіштері Ботай мәдениетімен біріктіріле қарастырылды. А.А. Плешаков мезолит және неолит дәуірі материалдары бойынша тәжірибе-трассологиялық әдіспен ежелгі халықтардың шаруашылыққа қолданған кремнийден жасалған еңбек құралдарын қалпына келтіру ісін жүзеге асырды. М.К.Хабдулина зерттеген ескерткіштер негізінде номадтардың Ұлы даласы жүйесіндегі ерте темір ғасыры далалық Есіл өңірінің мәдени-тарихи оқиғаларын айқындап берді. Облыста сақталған — 171 А.е. ішінен Петропавл қ-нда бір нышан, Бескөл ауданында — 26, Булаевта — 3, Возвышенскийде — 1, Жамбылда — 17, Есілде — 50, Мамлютте — 1, Пресновта — 6, Сергеевте — 50, Аққайыңда — 3, Қызылжарда — 13 нышан бар. А.е. облысы су көзі — Есіл өзені бойында орналасқан. Мамлют ауданында 7 А.е-тен тек ерте темір ғасырына жататын жалғыз Мәңгісор ескі моласы ғана сақталған, Мамлюттегі қорғандар қазылды, ал қалған ескерткіштер жүргізген жұмыстар кезінде бұзылып тасталған. Мәскеу ауданындағы (қазіргі Шал ақын атынд.) ерте темір ғасырына жататын Бұлақ ескі қорғаны карьер қазғанда бұзылған. Преснов ауданында ерте темір ғ. және қола дәуіріне жататын 9 қабір ескерткіштері мен бір қоныс бар екендігі туралы мәліметтер болды. Қазіргі кезде ерте темір ғасырына жататын алты қабір орны мен кейбір қорғандар сақталған. Сергеев ауданы ежелгі тарихтың әр кезеңіне қатысты 74 А.е. бар екендігі белгілі. Оның 50-і сақталып қалған. Алты нышан ғыл. жұмыстар мақсатында қазылды, ал қалғандары а.ш. қызметі салдарынан жойылды немесе Сергеев су қоймасының астында қалды. Сергеев ауданыдағы көптеген ескеркіштерден Солт. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының ш. мен әлеум.-мәдени өмірін білдіретін коллекциялар табылды. Алыпқаш моласының материалдары бойынша қола дәуірінің алтын әшекейлі киімі қайта қалпына келтірілді. Бұрлық, Кеңес, Ұлубай және т.б обалар қола дәуірі және ерте темір ғасырындағы тарихи үдерістерді болжауға мүмкіндік берді. Аққайың ауданыдағы үш археол. нышан ерте темір ғасыры қорғандары түрінде қабір ескерткіштеріне жатады. Соколов а-нда табылған А.е. де қызықты материалдар. Вишневка-І қонысы ерте қола дәуірі бойынша мәліметтер ұсынады, қазіргі кезде ғылымда Вишнев үлгісіндегі керамика белгілі. Петропавл қ. жерінде әр дәуірдің 16 А.е. болған, қазіргі кезде соның біреуі ғана — ерте темір ғасырындағы Ақтау қалашығы ғана сақталған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет