Реферат Тақырып: Палеолит заманындағы археологиялық ескерткіштерді қарастыру. Палеолиттік "венералар" мен қоғамдағы әйелдердің орны



бет2/2
Дата12.10.2022
өлшемі20,07 Kb.
#152780
түріРеферат
1   2
Байланысты:
ДосмұрзаСрсп,104 гр

Негізгі бөлім
Палеолит заманындағы қоғамдағы әйелдердің орны
Палеолиттік әйелдер мүсіні сол замандағы адамдардың эстетикалық талғамын көрсетеді. Әйел адамның қоғамды асырауға, қоғамда өзінің маңызды рөлін көрсетуге қабілетті екендігімен байланысты, яғни терімшілік пайда болды. Терімшіліктің пайда болуы әйелдер аңға шықпаса да, бала туудан бөлек, енді терімшілікпен айналысып, қоғамға өз пайдасын тигізе алады. Әйелдің осындай пайдалы жақтары, оң қырларының ашыла бастауы қоғамда ұзақ уақытқа болмаса да бір сәтке матриархаттың болғанын дәлелдей түскендей. Әйел қоғамда жоғары орында тұрған деп пайымдалады.
Ойлауға қабілетті адамның пайда болуы мен соңғы палеолит дәуіріндегі адам қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің әрі қарай дамуы арасында тура байланыстың болуы әбден мүмкін. Бұл құбылыс қоғамдық қарым-қатынастың ілгері дамуымен, рулық қоғам қалыптасу үдерісімен, адамдар ұжымындағы қоғамдық ұйымның алғашқы айрықша формасы - рулықтың (алғашқы туыстық рудың) пайда болуымен тығыз байланысты. Туыстық ұйым барлық жерде аналық жүйелі және аналық тарапты болған, ал әйел қоғамда жоғары орында тұрған деп пайымдалады. Осылайша аналық ру, өзара қандық туыстық байланыспен және анасы бойынша есептелетін туыстық арқылы бірігетін адамдардың экзогамдық тобын құрды. Әйелдердің қоғамдық өмірдегі жоғарғы жағдайы отбасындағы қауымдық шаруашылықтың ерекшеліктерінен, әйелдердің ұрпақ жалғастыратын рөлінен келіп шыққан еді.
Ертедегі адамдардың идеологиялық танымдарындағы ошақтың ұйтқысы, оның басшысы ғана емес, берекелі сақтаушысы да болған әйелдерге табыну ғұрпы кездейсоқ құбылыс емес.

Палеолиттік венера атауы
Палеолиттік венералар тек қана Аустриялық Виллендорф венерасымен шектелмейді, Франциядан, Италиядан, және Ресейдің Костёнки ошағынан да табылған болатын. Мұндай венералардың формасы, материалы әртүрлі болғанымен, негізгі айтар ойы, жеткізейін деген қызметі бір болды. Бұл молшылық символы. Әйел адамның бетіне неге мән бермеді? Өйткені кез келген палеолиттік венера бұл жеке бір әйелдің портреттік образы, портреттік ұқсас болу бейнесі емес. Ол жалпы, жинақ образ. Өйткені суретші бүкіл әйел, ана бейнесін қарастырып отыр. Сонымен қатар палеолиттік венералардың дәл осы кейінгі палеолит уақытында кең қолданыс табуы әйел адамның қоғамды асырауға, қоғамда өзінің маңызды рөлін көрсетуге қабілетті екендігімен байланысты, яғни терімшілік пайда болды. Терімшіліктің пайда болуы әйелдер аңға шықпаса да, бала туудан бөлек, енді терімшілікпен айналысып, қоғамға өз пайдасын тигізе алады. Әйелдің осындай пайдалы жақтары, оң қырларының ашыла бастауы қоғамда ұзақ уақытқа болмаса да бір сәтке матриархаттың болғанын дәлелдей түскендей. Палеолиттік венералар секілді гипертрафейлендіру әдісіне жүгіне отырып, дамыған өнер түрі бұл – жартас кескіндемесі болды. Жартас кескіндемесі палеолиттік өмірдің негізі, яғни өзегі десек те болады. Олар сол кездегі адамдар тіршілік еткен үңгірлердің барлығынан дерлік табылды. Жартас кескіндемесінде, негізінен натуралистік сипат алған жануарлардың, аңдардың бейнесі ғана кескінделген болатын. Негізінен жан-жағы жиек сызықтармен бастырыла сызылып, оның дене бөлігіне, яғни етті, олжалы, сүбелі бөлігіне суретші баса назар қоя отырып, оны мейлінше семіз етіп көрсетуге тырысады. Бұл не үшін қажет болды? Алғашқы қауымдық адамдардың палеолит дәуіріндегі ең бірінші, ең маңызды күнкөріс көзі аңшылық болғанын біз тарихтан білеміз.

Пайдаланылған әдебиетер

  • Қазақстан тарихы (Ерте заманнан қазіргі кезге дейін) 4-томдық. - Алматы. Т. 1, 1996.

  • https://www.zharar.com/kz/referat/238-paleolit.html

  • «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59ISBN 978-601-282-027-0,1-т. ISBN 978-601-282-026-3

  • Қазақ Энциклопедиясы”, V-том

  • https://openu.kz/storage/lessons/1129/ner-tarihy_1_lecture.pdf


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет