1 Трансформаторлар 1.1 Бірфазалы екіорамалы трансформатор Электрмен жабдықтау жүйесінде тұтынушылармен пайдаланылатын трансформаторлар күштік деп аталады. Трансформаторларды электрлік өлшеу құрылғыларында, радиотехникада, электроникада, автоматты басқару құрылғыларында және басқада техниканың жабдықтарында пайдаланылады.
Тұтынушыларға электрлік станциядан электр энергиясын тасымалдау үрдісінде бір кернеудегі электр тогы сол жиіліктегі басқа кернеудегі электрлік токқа бірнеше рет түрленеді. Бұл түрлендіру күшейткіш және төмендеткіш трансформаторларының көмегімен іске асырылады.
.2 Бірфазалы трансформатордың құрылысы Трансформатордың сұлбалық құрылысы 1.2, а суретте келтірілген. Жекеленген электротехникалық табақшалардан жиналған болат тұйықталған магниттік өткізгіште 3, оқшауланған мыс сымнан жасалған екі орамалар 1 және 2 орналасқан. Қорек көзіне жалғанған орама 1 бірінші деп аталады. Жүктемені коректендіретін орама 2 екінші деп аталады. Бірінші орамаға сәйкес барлық шамаларды 1 индексімен жазу қабылданған, мысалға, тарамдардың саны , ораманың сығымдау ұштарындағы кернеу тізбектегі ток және т.б. Сол шамаларды екінші орамаға қатысты 2 индекске ие: және т.б. 1.2, б суретте ферромагнитті өзекшесі бар бірфазалы трансформатордың электрлік сұлбалары үшін қабылданған шартты белгіленулері көрсетілген.
Трансформаторды оқытудың мақсаты – трансформатордың бірінші және екінші орамаларының кернеумен және токтарының арасындағы шамаларының тәуелділіктерді алу және энергетикалық қатынасын табу, трансформаторлардың параллель жұмыс жағдайын анықтау. Сонымен қатар, трансформаторларда өтіп жатқан электромагниттік үрдістерді оқу айнымалы токтағы электрлік қозғалтқыштардағы және генераторлардағы құбылыстарды жақсы түсінуге қажет.