Негізгі бөлім
1. Қазақтың ұлттық өнімі-құрт жайлы анықтама
Қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне түрінің бірі – құрт. Құрт ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күнге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ұлттық тағам ретінде пайдаланылады.
Құрт - малдың сүтінен дайындалатын, ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Құрт жыл бойына, кейде 2-3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады.Әр елдің өзіне ғана тиесілі ұлттық тағамдары болады. Әдетте ол тағамдар халықтың тұрмыс-тіршілігіне, географиялық орналасуына сәйкес пайда болып, жасалады. Дәл сондай тағамдардың бірі - құрт пен ірімшік.Құрт пен ірімшік - саяхатшыларға, аңшыларға, балықшыларға, геологтар мен әскер адамдарына таптырмас өнім. Олар қант пен шоколадтан әлдеқайда жақсы. Көп адам сүттен жасалған тағамдарды жақсы көреді. Олар тойымды, дәмді, әрі ағзаға жылдам сіңеді. Бір өкініштісі, тоңазытқышсыз көпке дейін сақталмайды. Ал ірімшік пен құрттың жайы басқа. Ол жаугершілік заманда өмір сүрген, төрт түлік мал баққан, әр мезгіл сайын жайлауға, күзеуге, қыстауға, көктеуге көшіп отырған көшпенділерге тиесілі. Бұл тағамдарды Жібек Жолы бойымен сауда-саттық жасау кезінде алып жүретін болған. Олар - әр түрлі технологияның көмегімен бір ғана сүттен жасалған өнімдер. Алуан түрлі дәмі бар құрт пен ірімшіктің ең басты қасиеті - жоғары температурада ашымауы. Жасалу тәсіліне орай бірнеше айға дейін сақталады.
2-сурет. Құрт
Қалтаға салып жүруге өте ыңғайлы. Бір қап шекілдеуікпен бірдей. Көшпенді халықтардың негізгі тағамдары болғандықтан, жеңіл болуы да ескерілген. Көлемі кішірейсе де, құрамындағы дәрумендер мөлшері сол күйінде қалады.Қыр баласы жолда кетіп бара жатып қарны ашса, қалтасынан құрт алып жейді. Осылайша түстеніп алады десек те болады. Кейбір адам құртты "аштықтан құтқаратын дәрі" деп те атайды. Бұл сіздерге белгісіз өнімнен жасалған консервілер емес. Ал сорпаны қаласақ, бірнеше құртты суға езіп ішуге болады. Оның жүрек айнығанда көмектесу қасиеті бар. 100 грамм сүзбенің қуаты 227 кк болса, құрттікі – 370,1. 100 грамм құртта 3 грамға жуық ақуыз, 3,2 грамм кальций мен фосфор қосындылары, белгілі мөлшерде А1, В2, Д дәрумендері бар. 100 грамм құрттан ағзаға 60-қа жуық килокалория беріледі. Бала да, қарт та, жас та жесе – ағзасына қуат алары сөзсіз. Құрт – таңның атысы, кештің батысы үй көрмей, асыр салып ойнайтын баланың ең сүйікті тағамы.
Достарыңызбен бөлісу: |