Реферат «Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена»


Құрт тағамының адам ағзасына құндылығы



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#84725
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Реферат Исахожа Жұлдыз ҚҰӨ

2. Құрт тағамының адам ағзасына құндылығы

Іші - бауырымыз құрысып - тырысып, көзіміз қарауытқанда, дәруменіміз азайып кетті деп шығамыз. Ондайда банан, киви, апельсин жеу керек деп ақыл айтатындар да табылады. Шетелден келетін, бағасы қымбат жеміс жидектерден гөрі, ата-бабамыз ежелден дайындап жейтін құрты жақсы емес па?Құрт азықтық болумен қатар дәрілік ролы да бар. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы. Құрамында көздің көргіштігін жақсартатын – А дәрумені, жалпы иммунитетті жақсартатын – С дәрумені, сүйектің қатаюына көмектесетін – Д дәрумендері, кальций, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік. Са:P (кальций-фосфор) үйлесімді түрде кездескен, ал бұл әсіресе балалар үшін аса маңызды.


Құрт – кальцийдің көзі, сүйектің қатаюына, көздің көруіне, тістің түзу және қайратты, азулы өсуіне, асқазанның ас қорыту сөлін қалыпты бөліп шығаруда өте пайдасы зор.
Тоқсаннан асып, жүзге қарай бет алған қай қариядан ұзақ жасаудың сырын сұрасаңыз, міндетті түрде ағарған ішіп, құрт жейтінін айтады. Кәдімгі құрттың ұзақ өмір сүруге септігі бар-жоғын ғалымдар да зерттей келе зерделі ойларын паш еткен-ді. Құрт расымен де адам өміріне ең қажетті зат – кальцийдің көзі екен. Тағамдық биологиялық қоспалар мен мақтауы күшті түрлі дәрумендерді жолда қалдырады. Арнайы зауытта дайындалған сүзбеде ақуыз мөлшері 16 % болса, құрттағы ақуыз мөлшері 53 %. 100 грамм сүзбенің қуаты 227 кк болса, құрттікі – 370,1. Кеңес уақытында қазақтың құртын ғарышкерлерге берген.
Құртты көп жеген адамдарда ішкі секретция бездері дұрыс жұмыс атқарып, ішкі мүшелердің қызметі жақсарады. Әсіресе, қан айналымы жақсарып, түрлі бездердің қызметін жақсартады. Құрттың май құрамы төмен болғандықтан, бауырдың майлануы, іштің өтуі сияқты ауруларға шипалы ем болады, және көптеген аурулардың алдын алуға көмектеседі. Кальций сүйек ұлпаларын қатайтады, коллагеннің қалыптасуына қатысады. Кальцийдің көп мөлшерін қолданатын адамдар (әсіресе әйелдер) өздерінде остеопороздың даму қаупін төмендетеді.
Жасы ұлғайған кісілерде зат алмасу баяулай бастайды, сондықтан құрттың құрамында кездесетін қарттарға қажет, зат алмасуды және бауырдың қызметін жақсартатын холин және метионин деген заттар бар және құртта В тобының дәрумендері болғандықтан, қарттарда жиі кездесетін атеросклероз ауруының алдын алады.
Көктем, жаз айларында жеген өте пайдалы, себебі көктемде авитаминоз яғни, дәрумендердің жетіспеушілігі байқалады. Ал құрт оларды үйлесімді түрде толтырады. Жаз айында ыстық шай ішкен кезде, термен бірге тұзды да жоғалтады. Сол жоғалған тұздың орнын толтыруға көмегі зор.
Ыстық құрт өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған. Жас босанған келіншектер 40 күнге дейін ана сүті құнарлы болсын деп құрткөжені ішкен.
Ал іркіттен бөлініп алынған сарысудың да адам пайдасына қосары мол. Мысалы, малдың ыстығы көтерілсе сарысуды шүберекке малып алып ауырған жануарды орап тастаса ыстығы бірден түседі.Шашты сабынмен жумас бұрын сарысуға батырып,одан соң 10 минуттай ұстай тұрған соң сусабынмен жуса, көлемін ұлғайтып және шаштың түбі бекіп, жылтырай түседі.Ал 3 мезгіл бетті сарысумен шайса әжімденуден арылып, адам жасарады. Және де құймаққа (блины) сүтке араластыра қосса құймаққа ерекше дәм береді.Сондықтан сарысуды бетімен ысырап қылдыруға болмайды.



3-сурет.Құрт-ұлттың сүйікті тағамы


Құрт осы күні көптеген ұлттардың сүйікті тағамына айналып үлгерді. Бір рет дәмін татқан соң қазақстандықтарға тапсырыс беріп жататын шетелдіктердің оқиғаларын жиі естуге болады.
Құрттың пайдасы мен тағамдық құндылығы туралы көп айтуға болады, және оны бәрі біледі. Алайда, қазіргі кезде құрттың ұлттық мәртебесі жоқ. Құртты сүйіп жейтін қазақ халқы қазіргі кезде оны сирек жасайды, және де үлкен масштабты өндірістер жолға қойылмаған, технологиясы жасалмаған. Сүт тағамдарын жасайтын фирмалардың өнімдерінде құртты кездестірмейміз, қазіргі кезде оны бір ғана үлкен фирма жасайды ол «Нәтиже» сүт фабрикасы.
Құрт көп жағдайда көшедегі дөңгершектерде немесе базарларда сатылады, оны үй жағдайда жасап, шағын көлемдерін сатады. Ондай құртты бірі алса, бірі алмайды, өз қолыммен де жасалмай, көп пайдаланбайды. Сондықтан, осы ауқытта құрттың дәмі жоғалып бара жатыр деген қорытындыға келуге болады. Содан болар денсаулығымыз нашарлап, балаларымыз аурушан боп кетті.
Тістің бұзылуына әкелетін, құрамында қант пен консерванттары көп кәмпит орнын, кальцийге бай құрт алмастыру қажет. «Чуппа-чупс» пен түрлі-түсті соратын мәмпасиға қатты құрт түрі таптырмас алмастырылғыш.
Құрт пен ірімшік көшпенділер ойлап тапқан тағам! Бұл қазақ халқының жеке меншік ұлттық тағам түрі, бұны қазақтың дәстүрі мен тұрмыс-салты дәлелдейді. Құрт сөзінің аудармасы да жоқ!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет