коммуникативтік – оның объектісі болып басқа адамның ішкі әлемі және оның әрекеттеріеің себептері туралы түсініктер табылады. Мұнда рефлексия басқа адамды тану механизмі болып көрініс табады;
тұлғалық – таным нысаны болып танушы тұлғаның өзі, оның қасиеттері мен сапалары, жүріс-тұрыс сипаттамалары, басқаға қатынас жүйесі табылады;
зияттық – алуан түрлі міндеттерді шешу ьарысында, шешудің әртүрлі тәсілдерін талдау, ұтымдырақ шешімдер табу, тапсырманың шарттарына бірнеше мәрте қайтып оралу қабілеттілігінен көрінісін табады.
Зерттеуші А.А.Тюковтың еңбегінде рефлексиялық механизмнің жұмыс істеу реттілігін бөліп көрсетеді. Олар:
Рефлексивтен шығу – басқа тәсілдермен және амалдармен басқа адамды және өз өзіңді тану мүмкін болмағанда жүзеге асырылады.
Интенционалдылық (интенция – бағытталғандық) – рефлексиялау объектіне бағытталғандық, оны басқа объекттердің арасынан бөліп алу.
Бастапқы категориялау – осылардың көмегімен рефлексиялау жүзеге асырылатын бастапқы амал-тәсілдерді таңдап алу.
Рефлексиялық амал-тәсілдер жүйесін құрастыру – таңдап алынған бастапқы амал-тәсілдер қандай да бір жүйеге біріктіріледі, бұл рефлексиялық талдауды мақсатты бағыттай және негізді түрде тексеруге мүмкіндік береді.
Рефлексиялық мазмұнды сызбалау – әртүрлі белгілік құралдарды: бейнелерді, символдарды, сызбаларды тілдік конструкцияларды пайдалану есебінен жүргізіледі (мысалы, үш дана туралы тапсырманы шешу үшін, оларды суретке салуға немесе сызба түрінде бейнелеуге болады – бұл рефлексиялық тануды ұйымдастырады).
Рефлексиялық суреттеуді объективтендіру – алынған нәтижені бағалау және талқылау; нәтиже қанағаттанғысыз болған жағдайда, рефлексия үрдісі қайтадан іске қосылады.
Одан әрі мұның бәрі рефлексиялық талдауға ұшыратылады, осы талдаудың барысында қандай да бір қабілеттің немесе жасалған әрекеттердің бар болуының себептері анықталады, оларды бағалау жүреді, одан кейін осы сипаттамаларды өзіне көшіру процесі жүріп, салыстыру жүзеге асырылады. Осының нәтижесінде басқаның тұлғалық ерекшеліктері де, тұлғаның өз ерекшеліктері мен қасиеттері де тереңірек түсініледі.
Олар, біріншіден, адамның қандай өзінің Менімен: Мен-танушымен, Мен-танылатынмен, Мен-идеалдымен және т.с. сәйкестенетінімен, екіншіден, оның рефлексиялау амал-тәсілдерін қаншалықты толық және адекватты іріктей алатындығымен, олардан тұтас жүйе құра алатындығымен анықталады.
«Рефлексия» педагогикалық қызмет барысында педагогтың әлдеқайда алғыр, икемді болуын, өз ойларын тиімді іске асыруға, басқа адамдармен корпоративті қатынастар түзуге, өз қызметіне қажетті өзгерістерді енгізуге көмекші болады.
Рефлексия творчестволық мәселелерді тиімді шешудің бір механизмі болғандықтан, оның көмегімен адамда адекватты емес мінезді, жаңа тиімдіге өзгертуге мүмкіндік береді. Социомәдени феномен болғандықтан рефлексия кәсіби руханилықты қалыптастырудың құралы болып табылады.
Педагогикалық рефлексия педагог қызметінің құрылымына кіре отырып ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді, ал таным тұрғысынан ғылыми рефлексия, философиялық және элементарлы болып ажыратылады.
Ғылыми таным әдістері негізінде териялық ғылымды сынаумен талдау.
Адам мәдениетінің болмысы мен ойлауын тану және сезу
Педагогикалық рефлексия тәрбие және білім беру құбылысы ретінде онтология, яғни пәндік ғылымдар мазмұнына –педагогикаға және педагог өзінің қызметі мен өзіне қатынасын көрсететін, анықтайтын субъект болғандықтан психология салаларына жіктеледі.
Рефлексия - бұл педагогикалық кәсіби талап ететін үлкен ішкі дүниенің жұмысы, өзімен өзінің «Мен» мүмкіндігі арасындағы қатынас.
Бірақ рефлекция - кәсіби қабілеттердің бар немесе жоқ екенін, ойлау немесе айту ғана емес, сонымен қатар олардың дамуын, байуын, күшейтуін қолдау болып табылады.
Ғалым В.А.Сластениннің еңбегінде педагогикалық қызметті атқаруға дайындық компоненеттерінің кейбір ерекшеліктерін бөліп көрсетеді:
Психологиялық дайындық, яғни оқу тәрбие жұмысында мұғалімнің әртүрлі кәсіби қызметіндегі белгілі бағыттың болуы;
Ғылыми-теориялық дайындық, яғни мұғалімде рефлекцияға қажетті ғылыми-теориялық, психология-педагогикалық, арнаулы білімдердің болуы;
Практикалық дайындық, яғни мұғалімнің кәсіби әртүрлі қызметін іске асыру үщін қажетті практикалық шеберлік пен дағдысының болуы.
Педагогикалық рефлексия механизмінің ерекшелігі оның екі деңгейлігінде: пәндік деңгей - ол әрекет, қимыл образы; тұлғалық-әлеуметтік-психологиялық сфераны қамтиды. Рефлексия типтері: тұлғалық-мазмұндық; кооперативті; коммуникативті; интеллектуалды.
Рефлексияның барлық типтерінің іске асырылуы үшін рефлексивті дағды қажет, ол өз қызметінде өзінің тұлғалық-психологиялық ерекшеліктерін пайдалана отырып, өзінің психикалық күйін адекватты бағалай білу, сонымен қатар оқушы тұлғасын әр жақты тану және жан-жақты адекватты қабылдай білу.
Ойымызды педагогикалық тұрғыдан тұжырымдай отырып, «рефлексия - субъектінің назарын өзіне, атап айтқанда, оларды қайта ойлап, қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аудару, өзіндік талдау жасау қабілеті, өзін-өзі өз құндылықтарымен пайымдауларын, іс-әрекетпен қарым-қатынасын, артықшылықтарымен осал жерлерін ақыл-оймен зерделеу» - деп түйіндейміз.
Сонымен, педагогикалық рефлекция педагогтың кәсіби құнды позитивті бағытын ынталандырады, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі бекіту жолдарын іздестіруге бағыттайды, педагог пен оқушы тұлғасының шығармашылық ашылуына себеп болады. Ал рефлексиялау – уақытты, күш-жігерді, белгілі бір қабілеттерді талап ететін күрделі үрдіс болып табылады. Рефлексиялық қабілеті дамыған мұғалім өз оқушыларында осы сапаны дамытуды, дарытады. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеті, ол сабақтың негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Оқыту барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес рефлексияның да әр түрлі формаларын жиі қолдануды мақсат етіп, ол сабақ соныңда асығыс атқарыла салмай, балаға байыппен ойлануға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылуы керек. Негізгі – мұғалімнің оқушыға деген сенімі болып, оның «оқушы рефлексия жасай алмайды» деген ұғымнан арылуы. Бұл әрекет психологиялық тұрғыда адамның психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, педагогикада мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне негіз болады.