ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан, қазіргі кездегі білім беру сапасын арттырудың ең маңыздысы білім алушының тұлғалық бағдарын қамтамасыз ету. Бұл оқушылардың белгілі бір білім көлемін меңгеруі ғана емес, оқушы тұлғасының таным қабілеттерін, өмірлік маңызды құзыреттіліктер мен тұлғалық қасиеттерді игеруі. Оның жан-жақты дамуы, құндылық бағдары, тұлғалық қалыптасуы мен өзін-өзі анықтауы білім беру жүйесінің басты мақсаттарына айналып отыр.
Оқу-тәрбие үдерісінде оқушының өзін-өзі тануына, оқу әрекеті оның ынтасы мен қызығушылығына тірек болатындай жағдайлар туғызылуы тиіс. Күнделікті оқыту үрдісінде оқушылардың бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында, рефлексияның алатын орны ерекше. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді, яғни оқушылардың рефлексиялық ой жүгірту қабілетін дамыту басты мақсат болып табылады.
Рефлекция ұғымы ғылымға Декарттың есімімен енген. Ол адам миының бейнелеуші қасиетін талдаған. Философия ілімінде «рефлексия» ұғымын: «сананың және ойлаудың өзіне жүгіне алу қабілеті, жаңа білім алу мақсатында білімді талдау; сана мен жанның күйін өзіндік бақылау» – деп жазса, психологиялық тұрғыдан психикалық процестердің өмір сүруін түсіндіретін қағида ретінде қарастырады.
Рефлексивті процесстер көбінесе басқа басқа бір терминдермен суреттеледі, мәселен, «recursive thinking» (рекурсивті ойлау) (Д.Вейс) суреттеледі, «self – referent thought» (өзің туралы ойлану) (А.Бандура). Тағы бір бағыттардағы жұмыстарда рефлексия ұғымы адамның «мен» феномені мәселесі төңірегінде қарастырылады, мұнда рефлексия негізінен «өзіңді тану» «self - awarentss» (С. Дьювел. Р.Виклунд), өзіңді тексеру (self – control) (Д.Миченбаум), өзіңе зейін қою (self- attention) (А. Фенингстейн) деген мағына беріледі. Рефлексияны нақты экспериментальды зерттеулер әлеуметтік психологияда (У.Джеймс), адамның әлеуметтік «мен» ұғымы деп қарастырса, Л.Рубинштейннің пікірінше, «рефлексия адам санасының дамуының белгілі бір деңгейі, адам ойша өз өмірінің шегінен шығады және одан тыс позицияға барады» - деп тұжырымдайды. Сондай-ақ рефлексия теориялық ойлау мен өзіндік сана мәселесіне байланысты экспериментальды зерттеулер аясында, интеллектуальды рефлексия мәселесі де тәжірибеде зерттелінді. Әлеуметтік белсенділікті зерттеу, жеке адамдардың арасындағы қарым-қатынасты зерттеуде, рефлексияның орны ашыла түсті.
Рефлексия - кері қарай бұрылу, яғни адамның өз әрекеттерінің, ойларының басына бірнеше мәрте бұрылу қабілеттілігі, сырттан бақылаушының орнына тұра білу, өзіңнің не істеп жатқаныңды, қалай танып-білетініңді, оның ішінде өзіңді қалай танып-білетініңді ойлана білу. Басқаша айтар болсақ, рефлексия – бұл субъектілерді қосарлана, айнадағыдай өзара көрсету механизмі. Осы субъектілер адамдар да (басқамен сәйкестене отырып, адам өзіне оның көзімен қарайды), әртүрлі мендер де: Мен-танушы, Мен-танылушы, бір мезгілде Мен-танушыны және Мен-танылушыны бақылайтын Мен-бақылаушы болуы мүмкін.
Демек, психологиялық зерттеулерді зерделегенде, рефлексия - толғану, өзін бақылау, өзін зерттеу. Өзінің ішкі дүниесі, психикалық қасиеті мен күйі, өзін талдай білу қабілеті» - деп ой түйеді.
Рефлексияның бастамасы тек мектепке дейінгі балада пайда болады, ал тұлғаның жаңа түзілімі ретінде ол төменгі сынып оқушыларында дамиды. Ересек адамдардың өздерінде де кей кездері рефлексияға деген қабілет айтарлықтай төмен деңгейде де қалады. Қоршаған әлемді танудың, оның ішінде өзін-өзі танудың кейбір қиындықтары осымен түсіндіріледі.
Дәстүрлі түрде психологияда рефлексияның бірнеше түрлерін ажыратады: