Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері министрінің
2016 жылғы « »
№ бұйрығына
4-қосымша
«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім берудің жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
1. Жалпы ережелер
«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім берудің жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызметті
(бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім берудің жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № болып тіркелген) негізінде (бұдан әрі – Стандарт), «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» өзіне жедел басқару құқығында Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
көрсетілетін қызметті берушінің жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік білім бағдарламасының толық меңгергенін растайтын дипломы, сондай-ақ оған қосымша (транскрипт);
жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік бағдарламаларын аяқтамаған көрсетілетін қызметті алушыға берілетін анықтама.
Нәтиже қағаз жүзінде беріледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарын алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіздеме болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер
(іс-қимылдар):
оқу мерзімінде оқу жоспарының барлық пәндері бойынша оқу бағдарламаларын игеру (1 немесе 2 жыл оқу бағдарламаға байланысты);
өндірістік практикадан/шетелдегі тағылымдамадан өту
(оқу бағдарламаға байланысты);
диссертацияны жазу және бітіруші кафедраның қорғауға ұсыну туралы шешімі (кафедра мәжілісінің хаттамасынан үзінді) (оқу бағдарламаға байланысты);
ғылыми жетекшіден оң пікір алу (оқу бағдарламаға байланысты);
диссертация тақырыбы бойынша ғылыми басылымдардағы жарияланымдардың немесе халықаралық не республикалық ғылыми конференцияларда баяндамалар жасаудың белгілі бір санының болуы;
бір сырттай рецензияның болуы;
кешенді емтиханды тапсыру;
диссертацияны тапсыру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
Академиялық бағдарламалар орталығы;
Ақпараттық технологиялар орталығы;
Қаржы-экономикалық қызметі;
Басқару институты, Дипломатия институты, Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі (бұдан әрі – институттар);
Кафедралар;
кітапхана;
Халықаралық ынтымақтастық және жұртшылықпен байланыс қызметі;
мемлекеттік аттестаттау комиссиясы.
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) Академиялық бағдарламалар орталығы:
білім алушылардың таңдалған мамандық бойынша жоғары сапалы білім, білік-дағдылармен қоса магистр/доктор дәрежесін алуына бағытталған оқу процесін жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асырады;
барлық оқу кезеңі ішінде мамандықтар бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын бақылайды;
оқытушылардың қызметіне бақылау жүргізеді және бағалайды;
құрылымдық бөлімшелер мен білім алушыларды оқу процесіне қажетті нормативтік құжаттармен және бланкілермен қамтамасыз етеді;
2) Ақпараттық технологиялар орталығы «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін бақылайды. Аталған жүйе мамандықтар бойынша оқуға өтінімдерді электронды түрде тіркеуді жүзеге асыруға; оқудың барлық кезеңі ішінде оқу жетістіктері, сабақ кестесі, емтихандар, оқу-әдістемелік материалдар пакеті туралы ақпараттарды алуға мүмкіндік береді және өзінің білім беру траекториясын оқудың барлық кезеңіне құрады;
3) Қаржы-экономикалық қызметі:
оқу үшін және өзге де ұсынылған қызметтер үшін түскен қаражаттарды есепке алуды жүргізеді;
стипендия аудару және беру мерзімдері сақталады;
қызметтерді жеткізушілермен жасалған шарттардың талаптарын уақытылы және толық орындалуына бақылау жүргізу;
4) көрсетілетін қызметті берушінің институттары:
магистранттарды мамандықтар бойынша даярлауды жүзеге асырады, кәсіби міндеттерін орындау кезінде қажетті жаңа немесе қосымша арнайы білім, білік-дағдылар алу үшін оқу және тәрбие процесстерін ұйымдастырады;
магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларын іске асырады;
магистранттарды даярлау мәселелері бойынша кафедралардың қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
5) кафедралар сабақтар өткізеді және білім алушыларға оқу-әдістемелік материалдар пакетін ұсынады:
силлабустар;
элективті пәндер каталогы;
әрбір пән бойынша өзін-өзі бақылау материалдары, машықтану тесттері, бақылау тапсырмалары, әр пән бойынша емтихан сұрақтары;
өндірістік практика бағдарламалары.
6) кітапхана көрсетілетін қызметті берушінің оқытушылар құрамының, магистранттар мен докторанттардың білім, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және шығармашылық қызметтерін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі болып табылады және барлық оқу процесі ішінде кафедраларды ақпараттық-әдістемелік ресурстармен, оқу-әдістемелік материалдармен, ғылыми және әдістемелік әзірлемелермен қамтамасыз етеді;
7) Халықаралық ынтымақтастық және жұртшылықпен байланыс қызметі оқу процесінің құрамдас бөлігі саналатын және шетелдегі оқу мекемелері мен халықаралық ұйымдарда өтетін шетелдегі тағылымдама бойынша ұйымдастыру мәселелерін жүзеге асырады;
8) мемлекеттік аттестациялық комиссия жыл сайын 1 маусымнан 20 маусымға дейін қорытынды аттестаттауды өткізеді: кешенді мемлекеттік емтихандарды тапсыру және диссертацияларды қорғау.
Құрылымыдық бөлімшелер арасындағы рәсімдері ретінің сызбалық сипаттамасы осы регламентке қосымшада көрсетілген.
«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім берудің жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
Құрылымыдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылдарының дәйектілігі
Көрсетілетін қызметті беруші:
Академиялық бағдарламалар орталығы;
Ақпараттық технологиялар орталығы;
Қаржы-экономикалық қызметі;
Институттар;
Кафедралар;
Кітапхана;
Халықаралық ынтымақтастық және жұртшылықпен байланыс қызметі
Оқу процессі: сабақ, өндірістік практика, шетелде тағылымдама, емтихан тапсыру сессиясы, зерттеуді жүргізу, ақпараттарды жинау, диссертацияға дайындау және оны жазу.
1 немесе 2 жыл
,
Қорытынды аттестация: кешенді мемлекеттік емтихандар тапсыру және диссертациялар қорғау
Жыл сайын 1 маусымнан 20 маусымға дейін
Көрсетілетін қызметті беруші: Мемлекеттік аттестациялық комиссия
Дипломдар тапсыру
Жыл сайын 21 шілдеден 30 шілдеге дейін
Көрсетілетін қызметті беруші
Достарыңызбен бөлісу: |