4) қалыпты және авариялық жағдайларда іс-қимыл жасау үшін персоналды іріктеу және онымен жұмысты ұйымдастыру, ұйымдардың, басшылар мен орындаушылардың деңгейінде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру;
5) қажетті техникалық қызмет көрсету және ресурсын тауысқан жабдықты ауыстыру жолымен қауіпсіздік үшін маңызды жүйелерді жарамды күйінде ұстау;
6) ақауларды дер кезінде диагностикалау және қалыпты жұмыстан ауытқуларды анықтау, және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;
7) пайдалану және бақылау нәтижелерін құжаттандырудың тиімді жұмыс істейтін жүйесін ұйымдастыру;
8) аварияларды басқару және алдын алу мүмкін болмаған авариялардың салдарларын жұмсарту бойынша іс-шаралар әзірлеу және жүзеге асыру;
9) қауіпсіздікті оқшаулау жүйелерін жобадан тыс авариялар кезіндегі бұзылулардан қорғау және олардың жұмысқа қабілеттілігін қолдау бойынша іс-шаралар әзірлеу және жүзеге асыру;
10) ЯРЭҚ алаңындағы персоналды және одан тысқары жерлердегі халықты қорғау бойынша авариялық іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және дәйектілікпен жүзеге асыру;
11) ЯРЭҚ-тың тіршілік циклінің кезеңдерінде жұмыстың барлық түрлері үшін сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеу және дәйектілікпен іске асыру.
14. Бақылау-өлшеу аспаптарына және басқару жүйелеріне арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, ЯРЭҚ-тың барлық конструкциялары, жүйелері мен элементтері олардың функцияларының және қауіпсіздігіне әсер ету негізінде жіктелуі тиіс.
15. ЯРЭҚ жобасы радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) гамма-, бета- сәулелерінің, нейтрондар мен альфа-бөлшектердің дозатүзуші негізгі көздерінің сипаттамалары;
2) "қорғау көзі" жүйесіндегі көздердің геометриялық параметрлері;
3) қорғау материалдарының сипаттамалары және қорғауды конструкциялық безендіру;
4) қорғауды есептеудің жобада қабылданған әдістері мен бағдарламалары және сәулелену өрістерін есептеу нәтижелері;
5) ЯРЭҚ үй-жайларында қуатпен жұмыс істеу кезінде радиациялық жағдайды есептеу нәтижелері;
6) жөндеу жұмыстары кезіндегі ЯРЭҚ жұмысының барлық ресурстық мерзіміне арналған сәулелену көздері мен радиациялық жағдайдың белсенділігін болжау нәтижелері;
7) шекті рұқсат етілетін радиоактивті материалдардың шығарындыларын есептеу нәтижелері;
8) шекті рұқсат етілетін радиоактивті материалдардың төгінділерін есептеу нәтижелері;
9) жылу тасушының ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған ағуларының жобалық мәндері;
10) технологиялық орталарды, газ-аэротозаңды және сұйық радиоактивті қалдықтарды тазалауда қолданылатын құралдардың сипаттамалары;
11) сұйық радиоактивті қалдықтардың мөлшері және оларды жинау, тасымалдау және өңдеу тәсілдері, сондай-ақ олардың қалыпты пайдалану кезіндегі физикалық және химиялық сипаттамалары мен радионуклидтік құрамының өзіндік ерекшеліктері және жобалық авариялар үшін оларды бағалау;
12) қондырғылардың сипаттамасы және қатты радиоактивті қалдықтарды жинау, тасымалдау сақтау немесе көму әдістері;
13) пайдалану мерзіміне байланысты жабдықтарда жөндеу және сақтандыру жұмыстарын орындау кезіндегі персоналдың жеке дозалары мен ұжымдық дозасының ең жоғарғы есептік мәндері;
14) ластануы мүмкін аймақтағы үй-жайлар мен жабдықтарды зарарсыздандыру шаралары;
15) радиоактивті материалдармен және ядролық отынмен жұмыс істеу және ЯРЭҚ-тың конструкциялық элементтерінің ластанған немесе активтендірілген жабдықтарын бөлшектеу, жөндеу және тасымалдау кезіндегі персоналды қорғау құралдары;
16) радиациялық бақылау көлемі және құралдары;
17) автоматтандырылған радиациялық бақылау құралдарын орналастыру схемалары;
18) авариялық жағдайларда ЯРЭҚ персоналы үшін дозиметрлік бақылаудың жеке құралдары қажеттілігінің есебі;
19) жобадан тыс аварияларды қоса алғанда, радиациялық авария жағдайында персонал мен халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарлары үшін бастапқы деректер.
16. Технологиялық процестердің пайдалану режимдері мен аппаратуралық қамтамасыз ету жөніндегі жобалық шешімдер радиациялық қорғау, қашықтан басқару және технологиялық процестерді автоматтандыру құралдары мен әдістерін қолдану есебінен персоналға иондаушы сәуленің ықтимал әсерін барынша азайтуды көздеуі тиіс.
4. ЯРЭҚ-ты жобалау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз
ету бойынша талаптар
Жобалауды басқару
17. ЯРЭҚ-ты жобалауды басқару қауіпсіздікке әсер ететін конструкциялардың, жүйелер мен элементтердің тиісті сипаттамалары, ерекшеліктері болуы және қауіпсіздік функцияларын жүзеге асыруға және ЯРЭҚ-ты тіршілік циклінің барлық жобалық кезеңінің ішінде қажетті сенімділікпен қауіпсіз пайдалануға болатындай есеппен материал құрамының болуы үшін, басты мақсаттар ретінде аварияларды болдырмауды және алаңдағы персоналды қорғауды, халықты және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге тиісті.
18. Жобалауды басқару кезінде, қатер-информативтік тәсіл негізінде аварияларды болдырмауға және олардың салдарларын жұмсартуға тиісті көңіл бөлуді қамтамасыз ету үшін, қауіпсіздіктің айқындаушы және ықтималды талдауларының нәтижелері ескерілуі тиіс.
19. Техникалық регламенттердің талаптарына немесе халықаралық талаптарға немесе олардың шыққан елінде бекітілген талаптарға сәйкес келетін, ЯРЭҚ конструкциялары, жүйелері мен элементтері үшін қолданылатын инженерлік-техникалық нормалар мен ережелердің тізбесін жобалау ұйымы анықтауға және ұйымды пайдаланушы атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілуі тиіс.
20. ЯРЭҚ жобасының құрамында қауіпсіздікті талдау бойынша есеп әзірленуге тиіс (арнайы бөлім), онда қалыпты пайдалану және апатты қоса алғанда, қалыпты пайдалану бұзылған жағдайда оның қауіпсіздігінің негіздемесі ұсынылуы тиіс. Онда қауіпсіздіктің детерминистік және ықтимал талдауларды пайдалана отырып орындалған қауіпсіздіктің жүйелі, толық және қайшылықсыз негіздемесі келтірілуі тиіс.
21. Жүргізілген талдаудың негізінде қауіпсіздікке ықпал ететін жүйелердің жобалық негіздері белгіленеді және ЯРЭҚ-тың белгіленген қауіпсіздік өлшемдеріне сәйкестігі расталады.
22. ЯРЭҚ үшін қолайсыз оқиға халықты санитарлық-қорғау аймағынан тысқары көшіру қажеттігі болып табылады. Мұндай қажеттілік радиоактивті заттардың шығарындысымен бірге шекті авариялық шығарындыдан асып түсетін авариялар кезінде туындауы мүмкін. Мұндай оқиғалар егер олар ішкі өзін-өзі қорғау қасиеттері мен қондырғы құрылғысы қағидаттарының негізінде жойылса, талдауда қаралмауы мүмкін.
23. Жобалық негіздерде ЯРЭҚ-тың пайдалану жағдайының санаттары олардың туындау ықтималдығына сәйкес белгіленуі тиіс. Бұл санаттар оқиғаларды, жобалық аварияларды және жобадан тыс аварияларды пайдалану кезінде күтілетін қалыпты пайдалануды қамтиды.
24. Пайдалану жағдайларының әрбір санаты үшін олардың шекті жиынтық радиациялық қатерге қосқан үлесін (ықтималдығы үлкен бастапқы оқиғалардың болмашы радиологиялық зардаптарының болатындығын немесе тіпті болмайтындығын, ал ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін оқиғалардың екіталай екендігін) ескере отырып, қолайлылық өлшемдері анықталуға тиіс.
25. ЯРЭҚ-тың жобалық негіздерінде терең эшелондырылған қорғаудың барлық деңгейлерінде қауіпсіздік проблемаларының туындауы мүмкін екендігі ескерілуі тиіс, сол себепті қауіпсіздік функцияларын орындауды және қауіпсіздік мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін қажетті шаралар көзделуі тиіс.
26. Қауіпсіздік функцияларының қажетті көлемі мен іске асыру нысандары әрбір ЯРЭҚ-қа сәйкес белгіленуі тиіс және жобада негізделеді.
27. ЯРЭҚ қауіпсіздігін талдау кезінде қауіпсіздіктің мақсатты көрсеткіштері ретінде (типіне байланысты) жобалау сатысында және пайдалану процесінде (пайдаланудан шығаруды қоса алғанда) мыналар қолданылады:
1) ядролық реакторы бар қондырғының қатты бүліну немесе белсенді аймағының балқу ықтималдығының бағаланған мәні авариялар кезінде жылына бір реакторға оқиғалардың 10-5 мәнінен аспауға тиіс, ал қайталама сындарлы массалардың түзілуі, белсенді аймақ бұзылған және (немесе) балқыған жағдайда, техникалық құралдармен жойылуға тиіс;
2) халықты қорғаушы іс-шараларды жоспарлау аймағынан тысқары жерлерге көшіру қажеттігін болдырмау мақсатында радиациялық қауіптіліктің I (бірінші) санатындағы ЯРЭҚ үшін радиоактивті материалдардың шекті авариялық шығарындысы ықтималдығының бағаланған мәні жылына қондырғыға арналған оқиғалардың 10-7 мәнінен аспауға тиіс;
3) аварияларды басқару және жобадан тыс авариялардың зардаптарын бәсеңдету бойынша көзделетін шаралар радиоактивтіліктің авариялық шығарындыларының ықтималдығын азайтуға тиісті, ол үшін ЯРЭҚ алаңынан тысқары жерлерде кемінде 10 рет шұғыл қарсы шаралар қолдану қажет;
4) ядролық материалдарды сақтау, тасымалдау, өңдеу кезінде нейтрондар көбеюінің тиімділік коэффициентінің (Ктиімд) мәні, ядролық материалдар сақталған жеке жабдықтың кез келген бірлігі сияқты, тұтастай алғанда кез келген нейтронды-оқшауланған жүйе үшін де, қалыпты пайдалану кезінде 0,95 мәнінен және қалыпты пайдаланудың кез келген бұзылулары кезінде 0,98-тен аспауға тиіс;
5) ЯРЭҚ-ты қалыпты пайдалану жағдайларында персонал мен халықтың техногендік сәулеленуінің жеке өмір бойғы радиациялық қатерінің шегі жыл бойы тиісінше 1х10-3 және 5х10-5 мәндерінен аспауы тиіс;
28. ЯРЭҚ-ты жобалау, жоспарлау және орналастыру:
1) ЯРЭҚ аумағында техникалық қызмет көрсету, жабдықты жөндеу, ауыстыру, сынақтар мен инспекциялар жүргізу, радиоактивті материалдар мен персоналдың орын ауыстыруы бойынша жұмыс уақытында барлық көздерден радиациялық сәуле алу мен радиоактивтік ластануды барынша азайтуды, тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
2) тікелей және шашыранды сәуле алудан қорғануды қамтамасыз ету;
3) газ тәрізді және аэрозолды радиоактивтік материалдарды бақылау үшін желдету және сүзу, мониторинг құралдарын қамтамасыз ету;
4) материалдарды тиісінше іріктеу арқылы коррозия өнімдерінің белсенділік деңгейін шектеуді қамтамасыз ету;
5) зарарсыздандыру үшін қажетті жабдықтың болуын көздеу;
6) радиациялық қауіпті аймақтарға және ықтимал радиоактивтік ластану аймағына кіруге бақылауды қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылуы тиіс.
29. Технологиялық процестерді таңдаған кезде радиоактивтік материалдармен, сондай-ақ ең аз, іс жүзінде қол жетерлік: технологиялық операциялардың санымен; шығарындылармен және тастандылармен; жарылыс-және өрт қаупі бар заттардың шоғырлануының пайда болуымен; пайда болатын радиоактивтік қалдықтардың мөлшерімен, үздіксіз және қауіпсіз процестермен жұмыс істейтін технологияларға артықшылық беру керек.
30. ЯРЭҚ жобасында ядролық қауіпті және (немесе) радиациялық қауіпті жұмыстардың тізбесі келтірілуі тиіс.
31. Жобада ЯРЭҚ-тың өрт қауіпсіздігіне бағалау жүргізілуі және тиісті нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес ЯРЭҚ ғимараттарының, үй-жайлары мен құрылыстарының жарылыс- және өрт қауіпсіздігі бойынша сыныптамасы орындалуы тиіс.
32. Жобада жану ошағын анықтау және сөндіру құралдарын қоса алғанда, ЯРЭҚ-тың өртке қарсы қорғанысы үшін қажетті және жеткілікті техникалық құралдары көзделуі тиіс. Үй-жайлар мен жүйелердің өрт сөндіретін техникалық құралдары ЯРЭҚ-тің ядролық қауіпсіздігі мен радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары мен критерийлерін орындау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті.
33. Жобада іске қосу алдындағы реттеу жұмыстарын жүргізу үшін ЯРЭҚ жабдығына кернеу берілген сәттен бастап өрт сөндіру жүйелерінің автоматтандырылған жұмыс режимі көзделуі тиіс.
34. Қауіпсіздікке әсер ететін барлық конструкциялар, жүйелер мен элементтер үшін жобалау кезінде қызметтің барлық жобалық мерзімі ішінде қауіпсіздіктің талап етілетін функциясын орындауға конструкциялардың, жүйелердің немесе элементтердің қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ескіру және тозу тетіктері, сондай-ақ ескіру нәтижесінде сипаттамалардың әлеуетті төмендеуі есепке алынуы үшін тиісті сенімділік қоры қамтамасыз етілуі тиіс. Ағымдағы жөндеу үшін ажыратылған кезеңдегі, сондай-ақ ЯРЭҚ-тың жобалық бастапқы оқиғалар басталған және одан кейінгі жағдайлардағы жай-күйіне техникалық қызмет көрсету бойынша сынақтар мен жұмыстарды жүргізу кезінде пайдаланудың қалыпты жағдайларында ескіру мен тозу әсерлері де назарға алынуы тиіс. Жобалау кезеңінде болжанатын ескіру тетіктерін бағалау және пайдалану кезінде күтпеген мінез көрсетуді және олардың сипаттамаларының нашарлауын анықтау мақсатында бақылауды, тексерісті, сынақтарды, сынамаларды іріктеу және инспекциялауды жүзеге асыру үшін шаралар да көзделуі тиіс.
35. Бастапқы оқиға апаттарына бастамашы болатын сыртқы және ішкі қатерлердің тізбесі мен олардың сипаттамалары ЯРЭҚ-ты жобалау кезінде анықталуы тиіс.
36. ЯРЭҚ қауіпсіздік жүйелері мен элементтерін көп мақсатты пайдалану жобада арнайы негізделуі тиіс. Бұл ретте ұсынылатын функцияларды қоса атқару ЯРЭҚ қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын бұзуға және қауіпсіздік функциясын орындайтын жүйелер мен элементтердің қажетті сенімділігін төмендетуге әкеп соқтырмайтыны көрсетілуі тиіс.
37. Қауіпсіздікке әсер ететін ЯРЭҚ жүйелері мен элементтері үшін пайдалануға қосу кезінде ЯРЭҚ-ты пайдаланудың барлық мерзімі ішінде кезеңдік және жөндеуден кейін жобалық сипаттамаларға сәйкестікте тікелей және толық тексеру көзделуі тиіс. Егер тікелей және (немесе) толық тексеріс жүргізу мүмкін болмаса, техникалық жобада жанама және (немесе) ішінара тексерулердің жеткіліктілігі негізделуі тиіс.
38. Жобада 1 және 2-сыныптарға жатқызылған қауіпсіздік жүйелері мен элементтерінің жай-күйін диагностикалау (тексеру) мүмкіндігі және оларды барынша аварияға жақындастырылған жағдайларда сынау мүмкіндігі көзделуі тиіс.
39. ЯРЭҚ жобасы 1 және 2-сыныптарға жатқызылған қауіпсіздік жүйелері мен элементтерінің сенімділік көрсеткіштері жөніндегі деректерді қамтуы тиіс. Сенімділікті талдау ортақ себептен болған істен шығулар мен персоналдың қателіктерін ескере отырып жүргізілуі тиіс.
40. Жобада персоналды радиациялық әсерден қорғау жөніндегі техникалық құралдар мен ұйымдық іс-шаралары, оның ішінде мыналар:
1) жүргізу кезінде радиациялық әсері болуы мүмкін технологиялық процестерді автоматтандыру және механикаландыру;
2) жұмыс орындарының ӨТР туындауы мүмкін учаскелер мен жабдықтардан қашық орналасуы;
3) қорғаныш экрандарын қолдану;
4) авариядан кейін радиациялық жағдайды бақылау құралдарын қолдану;
5) персоналды жинау үшін авариялық пунктерді ұйымдастыру және авария салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды басқару көзделуі тиіс.
41. Жобада ядролық немесе радиациялық авария туындаған жағдайда персоналды кедергісіз көшіру мүмкіндігі көзделуі тиіс.
42. Жобада персоналдың бірлі-жарым қателіктерін жоюға және олардың салдарын бәсеңдетуге бағытталған шаралар көзделуі қажет.
43. Жобада ЯРЭҚ үй-жайларының ауасында радиоактивті және улы заттардың мөлшерін бақылау жүйелері көзделуі тиіс.
44. Жобада үй-жайларға радионуклидтердің түсуін шектеу, ауаның және жұмыс бөлмелерінің үстіңгі қабаттарының, персоналдың тері қабаттары мен киімдерінің, сондай-ақ ЯРЭҚ-ты қалыпты пайдалану кезінде, жобалық авариялар кезінде және осы авариялардың зардаптарын жою кезінде ластануды болдырмау жөніндегі техникалық құралдар мен ұйымдық іс-шаралар кешені көзделуі тиіс.
45. Жобада жеке киім ілгіштерді, ерлер мен әйелдердің санитарлық өткізу пункттерін және радиациялық бақылау қондырғыларын, санитарлық шлюздерді, арнайы кір жуатын орындарды қамтитын санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың кешені көзделуі тиіс.
46. Жобада ЯРЭҚ-тың физикалық қорғау жүйесі көзделуі және ЯРЭҚ қауіпсіздігіне әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар ескерілуі тиіс.
ЯРЭҚ қауіпсіздік жүйелері мен элементтерін жобалау
кезіндегі талаптар
47. Қауіпсіздік жүйелері мен элементтерінің тізбесі әрбір ЯРЭҚ-де қолданылуына қарай айқындалады және жобада негізделеді.
48. ЯРЭҚ жүйелері мен элементтері:
1) қолданылуына;
2) қауіпсіздікке тигізетін әсеріне;
3) олар атқаратын қауіпсіздік функцияларының сипатына қарай бөлінеді.
49. Қолданылуына қарай ЯРЭҚ жүйелері мен элементтері былайша бөлінеді:
1) қалыпты пайдалану жүйелері мен элементтері;
2) қауіпсіздік жүйелері мен элементтері.
50. Қауіпсіздікке тигізетін әсеріне қарай ЯРЭҚ жүйелері мен элементтері былайша бөлінеді:
1) қауіпсіздік үшін маңызды жүйелер;
2) қауіпсіздікке әсер етпейтін қалған жүйелер.
51. Атқаратын функцияларының сипатына қарай қауіпсіздік жүйелері мен элементтері былайша бөлінеді:
1) қорғаушы;
2) оқшаулаушы;
3) қамтамасыз етуші;
4) бастамашы.
52. ЯРЭҚ қауіпсіздік жүйелері мен элементтері өз қызметтерін ЯРЭҚ орналасу аймағындағы табиғи және техногенді әсерлерді қоса алғанда, барлық қауіпті факторларды ескере отырып, бекітілген көлемде орындауға қабілетті болуы тиіс.
53. ЯРЭҚ жобасында терең эшелонданған қорғау қағидаттық сәйкес мынадай мақсаттарға арналған қауіпсіздік жүйелері қарастырылуы тиіс:
1) апатты тоқтату және қондырғыны қауіпсіз (сындарлы алды) күйде ұстау;
2) жылу өндіретін аймақтардан жылуды шығару;
3) радиациялық материалдар мен иондаушы сәулеленулерді бекітілген шектерде ұстау.
54. ЯРЭҚ жобасында, қауіпсіздікке әсер ететін жүйелер мен элементтерге арналған жұмыс құжаттамасында құрылғылар мен қондырғылар айқындалуға, ал 1 және 2-сыныптарға жатқызылған жүйелер мен элементтер үшін кешенді сынау басталғанға дейін тексерілуге және пайдалануға дайын болуға, сондай-ақ:
1) жүйелер мен элементтердің жұмысқа қабілеттілігін тексеруге (корпус ішіндегі және іште орналасқан қондырғының технологиялық желісін қоса алғанда);
2) өз ресурсын тауысқан жабдықты ауыстыруға;
3) жүйелерді олардың жобалық көрсеткіштеріне сәйкестігін сынауға;
4) дабылдарды өткізу және жабдықты қосу реттілігін тексеруге (оның ішінде авариялық қоректендіру көзіне көшу);
5) металдың және жабдықтар мен құбырлардың дәнекерлеу қосылыстарының жай-күйін мерзімді және (немесе) үздіксіз бақылауға;
6) өлшеу арналарының метрологиялық сипаттамаларының жобалық талаптарға сәйкестігін тексеруге арналған бағдарламалар мен әдістемелер тексерілуге және пайдалануға дайын болуға тиіс.
55. ЯРЭҚ жобасында жүйелер мен элементтердің ортақ себептен істен шығуының алдын алу немесе қорғау бойынша шаралар ұсынылуға және негізделуге тиіс. Бұл ретте қауіпсіздік жүйелері үшін ықтимал еріксіз істен шығу немесе ортақ себеп бойынша істен шығу жағдайында техникалық шешімдер қолдануға, егер мұндай шешімдердің еріксіз істен шығуды және (немесе) ортақ себеп бойынша істен шығуды болдырмайтын шешімдермен салыстырғанда басымдығы болса, рұқсат етіледі.
56. Жобалау кезінде ЯРЭҚ-тың шағын қуаттағы жұмыс режимінде немесе тоқтау жағдайында авариялар туындауының ықтималдығы ескерілуге тиіс, мысалы, қауіпсіздік жүйелерінің дайындығы бәсеңдеуі мүмкін іске қосу, отынның артық тиелуі және (немесе) техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізу кезінде, сол үшін қауіпсіздік жүйелерінің дайын еместігіне қатысты тиісті шектеу белгіленуге тиіс.
57. ЯРЭҚ қауіпсіздік жүйелерінде енжар құрылғылар көбірек қолданылады және "ішкі өзін-өзі қорғау" қасиеті пайдаланылады (қауіпсіз жабдық, қауіпсіз параметрлер, өзін-өзі реттеу, жылу пәрменділігі және басқа табиғи процестер).
58. Реакторлық емес қондырғыларда ӨТР пайда болуын болдырмау төменде көрсетілген бір немесе бірнеше амал-тәсілді қолдану арқылы қамтамасыз етіледі:
1) жабдықтың геометриялық пішіні мен көлемін шектеу;
2) бөлінетін ядролық материалдардың массасын, олардың изотоптық құрамын және шоғырлануын шектеу;
3) бөлінетін ядролық материалдардағы нейтрондарды баяулатқыштардың массалық үлесін шектеу;
4) нейтрондарды шағылыстырғыштарды пайдалануға және жабдықты орналастыруға шек қою;
5) нейтрондардың гомо - және гетерогендік жұтқыштарын пайдалану.
59. ЯРЭҚ қауіпсіздік жүйелері мен элементтерін көп мақсатты пайдалану жобада арнайы негізделген болуы керек. Бұл ретте ұсынылатын функцияларды қоса атқару ЯРЭҚ қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын бұзуға және қауіпсіздік функциясын орындайтын жүйелердің (элементтердің) қажетті сенімділігін төмендетуге соқтырмайтыны көрсетілуге тиіс.
60. Қауіпсіздік үшін маңызды ЯРЭҚ жүйелері мен элементтері үшін пайдалануға беру кезінде ЯРЭҚ қызметінің барлық мерзімі ішінде кезеңдік және жөндеуден кейін жобалық сипаттамаларға сәйкестікте тікелей және толық тексеру көзделуге тиіс. Егер тікелей және (немесе) толық тексеріс жүргізу мүмкін болмаса, техникалық жобада жанама және (немесе) ішінара тексерулердің жеткіліктілігі негізделуге тиіс.
ЯРЭҚ бақылау және басқару жүйелерін жобалау
кезіндегі талаптар
61. ЯРЭҚ жобасында бақылау және басқару жүйелерінің (элементтерінің), сондай-ақ ЯРЭҚ диагностикасы жүйелерінің құрамы, құрылымы, негізгі сипаттамалары мен орналасу жағдайлары ұсынылуға және негізделуге тиіс.
62. ЯРЭҚ жобасында:
1) ЯРЭҚ-тың жай-күйі туралы бақыланатын параметрлер мен дабылдар;
2) реттелетін параметрлер мен басқару дабылдары;
3) алдын ала қорғау тетіктерін іске қосу нұсқамалары мен шарттары;
4) ЯРЭҚ диагностикасы датчиктерін орналастыратын жерлер;
5) қауіпсіздік жүйелерінің жұмысына қажетті параметрлердің мәндері негізделуге және олардың тізбелері келтірілуге тиіс.
63. Жобада ЯРЭҚ-тің бақылау және басқару жүйелері қалыпты пайдалану, қалыпты пайдаланудың бұзылуы және жобалық авариялар кезінде ЯРЭҚ-тің техникалық жай-күйін бақылауды және қауіпсіз басқаруды қамтамасыз ететіні көрсетілуге тиіс.
64. ЯРЭҚ жобасында ЯРЭҚ жабдықтарын оқшаулау мен қорғау, сондай-ақ оларды іске қосу жағдайларына қойылатын техникалық талаптардың тізбелері келтірілуге және негізделуге тиіс.
65. ЯРЭҚ-ты бақылау мен басқару жүйелерінде және қауіпсіздік жүйелерінде мынадай дабылдарды беру құрылғысы көзделуге тиіс:
1) аварияларды хабарлау (ерекше дыбыстық мәнері бар дабыл) - ЯРЭҚ жобасында көзделген жағдайларда;
2) авариялық (жарық және дыбыс) - алдын ала қорғау тетіктерін іске қосу нұсқамалары мен шарттарының параметрлерімен қол жеткізген кезде;
Достарыңызбен бөлісу: |