Рене Декарт Дайындаған: Д. М. Сұлтанбек



Pdf көрінісі
Дата07.02.2022
өлшемі273,21 Kb.
#96968
Байланысты:
№7



Рене Декарт
Дайындаған: М009-20


Рене Декарт (1556 -1650) Ол-
француздың атақты философы, 
дворяндар отбасынан шыққан. 
Француз ғалымы, философ, 
математик, физик және
физиолог.
БАСТЫ ЕҢБЕКТЕРІ: «Әдіс туралы ойтолғау» «Әдіс
жөніндегі пікірлер» , «Бірінші философия жөніндегі
ойлар» , «Философия бастамасы»


Еңбектерінде адамзаттың дүниені тану жолдарын
түсінудің тың тұжырымдарын жасады.



Космология (дүниенің құрылымы), космогония 
(планеталардың пайда болуы және дамуы) жөнінде, физика 
және физиологияда Декарт-материалист болды. Ол дүниенің
өздігінен жаралғанын, оның даму заңдылықтары бар екенін, 
бірақ олар механикаға негізделгенін айтты. Ал психологияда, 
таным теориясында ол идеалист болды. «Мен ойлай аламын, 
олай болса өмір сүремін –деген қағиданы айтты. Мен еш 
нәрсеге сенбеуім мүмкін, бірақ сол сенбестікті ойлай
алатыныма сенбеуім мүмкін емес. Ойлай білу- тірлік кепілі» , -
деді. Бірақ ол өзін материалист екенін анық байқатты. Декарт -
рационалист. Таным процесінде сезімнен гөрі ойлауды жоғары
қойды. Декарт сонымен бірге жаратылыстану ғылымдарының
дамуына үлкен ықпал жасады.


Декарттың философиядағы үлесі мынадай:
1. Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлін негіздеді;
2. Субстанция, оның атрибутары мен модустары
туралы ілімді ұсынды;
3. Философиядағы материализм мен идеализм 
бағыттарын келісімге келтіруге тырысып, дуализм 
теориясын негіздеді;
4. Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» 
идеялар теориясын ұсынды.


Болмыс пен таным негізінде ақыл-ой жатқанын Декарт былай
дәлелдеді:
1. Дүниеде адамға түсініксіз заттар мен құбылыстар көп (мысалы: 
Құдай деген бар ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі бар 
ма? т. б. );
2. Есесіне кез-келген құбылыс пен затқа күмәндеуға болады (дүние
шынымен тіршілік ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т. б. );
3. Түсініксіз, анық емес заттармен, құбылыстармен салыстырғанда
күмәндану нақты қасиет, шын процесс және дәлелді қажет етпейді;
4. Күмәндану – ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам
ойлайды;
5. Шын тіршілік ететін адам ғана ойлай алады;
6. Ойлау – ақылдың жұмысы болғандықтан, болмыс пен тану
негізінде ғана жата алады.


Болмыс мәселесін зерттеу барысында Декарт болмыс мәнін
сипаттайтын базалық, негіз болатын ұғымды табуға талпынды. Өз
ізденістері нәтижесінде Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады.
• Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. 
Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция 
ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, 
құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай
өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан
құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке
заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие – тіршілік ету үшін 
өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-
өзі жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың
бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай).
Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді: 1. 
материалды (заттар), 2. Рухани (идеялар).


Абай Декарттың еңбегімен жете танысып, оның жан мен тән, 
индукция мен дедукция, Алланың ақиқаттығы, ғылымның
адам игілігіне қызмет етуі тиіс деген тұжырымдарын қостады
және ол туралы «Қарасөздерінде» өз көзқарасын Шығыс
философиясымен байланыстыра отырып пікір білдірді.
Әуезов абайтану саласындағы барлық еңбектерінде
Декарттың Абайдыңфилософиялық көзқарастарына әсерін
ерекше атап өтеді. Ол «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845 -
1904)» атты (1959)монографиясында Абайдың да «терең
ойдың телміріп соңына ермей» , адам жаратылысы туралы
дуалистік жолда болғанына, жаңа идеалистік санадағы
Декартқа кебірек жақындағанына талдау жасайды


Рақмет!!!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет