Ренессанс және Жаңа дәуір философиясы



бет5/12
Дата07.02.2022
өлшемі24,95 Kb.
#90898
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Тақырып№5 2
2-лекция, такырып, Сайтта тіркелу нұсқаулығы - KAZ, El Umiti Talent олимпиадасына тіркелу нұсқаулығы KAZ
Томас Гоббс (1588-1679 жж.) 6 жасында латын және грек тілдерінде сөйлеп, өте ерте Оксфорд Университетіне түседі. Негізгі еңбектері: «Азамат туралы философиялық ілімнің бастапқы негіздемесі», «Левиафан». Ол теологиялық схоластиканы жоққа шығарды. Философияның мақсаты: адамның іс-әрекетінің практика жүзінде нәтижеге жетуіне және ғылыми-техникалық прогрестің дамуына мүмкіндік туғызу. Гоббс дүние денелерден тұрады, денесіз субстанцияны мойындау денесіз дене бар дегенге сай. Денелер материяның туындысы.
Танымның әдісі ретінде Т. Гоббс индукция мен дедукцияны қолдануды ұсынады. Адамның дүниені тануы сезімдік қабылдау арқылы іске асады. Бұл сезім мүшелері (көз, құлақ. т. б.) арқылы қоршаған орта туралы алынатын шартты белгіні ары қарай өңдеу. Бұл белгілерді Гоббс «таңба» деп атайды. Таңбаларды былайша топтастырды:
1. Сигналдар - жануардың өз қимылдарын білдіретін дыбыстар шығаруы (құстардың әні, мысықтардың мияуы, жыртқыш аңдардың ырылдауы).
2. Адамдардың бір-бірімен қатынасуы үшін ойланып табылған әртүрлі белгілер.
3. Табиғи белгілер - табиғат сигналдары (найзағай, күннің күркіреуі).
4. Жасырын әдіспен, кодпен жазу, сөйлеу. Көпке түсініксіз ғылыми тіл, дін тілі, жаргон - жеке топтар тілінің сөздері;
5. Белгілердің белгісі, атаулардың атауы - әмбебаптық ұғым, түсініктер.
Гоббс механикалық материализмнің өкілі ретінде қоғамдық құбылыстарды механикалық жаратылыстану тұрғысында қарады. Оның пікірінше геометриялық, математикалық әдістер әмбебаптық ғылыми әдістер болып есептеледі. Сондықтан адам және қоғам саласында қолдануға болады. Адам мен жануарлар - күрделі машина, адамның аяғы мен қолдары - доңғалақ, жүрегі мотор механизімі деді.Қоғамды, мемлекетті үлкен механизм ретінде қарады. Олардың негізгі элементтерін жіктеп, оны қарапайым табиғат заңдарымен түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет