Ренессанс және Жаңа дәуір философиясы



бет8/12
Дата07.02.2022
өлшемі24,95 Kb.
#90898
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Тақырып№5 2
2-лекция, такырып, Сайтта тіркелу нұсқаулығы - KAZ, El Umiti Talent олимпиадасына тіркелу нұсқаулығы KAZ
Джон Локк(1632-1704 жж.) Бэкон мен Гоббстың философиясын жалғастырды. Негізгі еңбегі «Адам ақылының тәжірибесі туралы» (1690 ж.). Ол Р. Декарттың «туа біткен» идеясын жоққа шығарды. «Жаңадан туған жанның санасы - таза тақта, ол тәжірибе арқылы толтырылады. Барлық білім тәжірибеге сүйенеді» - оның негізі тезисі. Бұл материалистік эмпиризм, сенсуализм ағымы.
Давид Юм (1711-1776 жж.) - агностицизм өкілі. Білім болмысты тану үшін емес, күнделікті өмірде жол нұсқаушы ретінде ғана керек. Ақиқат білім тек математикада бар, қалғандары логикаға бағынбайтын деректерге сүйенген дағдылы сенім дейді. Құбылыстардың бірінен кейін бірі өтуі ─ олардың себепті байланысын көрсете алмайды, тіпті дүние бізден тәуелсіз объективті өмір сүре ме?- деген сұраққа да жауап айта алмаймыз. Сонымен қатар ол, сезімдердің айқын болу дәрежесіне сүйеніп, олардың реттілігін айтады, практикаға соның өзі жеткілікті деп санайды. Соған сену теориялық білімді қажет етпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет