Ренессанс және Жаңа дәуір философиясы



бет10/12
Дата07.02.2022
өлшемі24,95 Kb.
#90898
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Тақырып№5 2

Жан Жак Руссо (1712-1778 жж.) феодалдық қоғамды қатаң сынады, адам теңдігін, демократияны, азаматтық қоғам идеяларын дамытты. Теңсіздікті жекеменшіктен көрді, Гоббстың табиғи жағдайда «бәрінің барлығымен күресін» сынап, ол кезде керісінше бауырластық пен үйлесімдік болғанын дәлелдейді. Педагогика ғылымының теоретигі, еңбек арқылы белсенді азаматтарды тәрбиелеуге шақырады. Оның «Қоғамдық келісім» (1762), атты еңбегі бар.
Ағартушылық кезеңде француз материалистері қоғамда ерекше орын алады. Дени Дидро(1713-1784 жж.) материя мен қозғалыстың бірлігін қуаттап, абсолюттік тыныштықты қолдамады. Барлық табиғат мәңгі қозғалыс пен дамуда болады, «қозғалыс - материяның өмір сүру тәсілі» деген идеяны қолдады.
Ағартушылар ─ «адамның мінез-құлқы мен қылықтарына қоғамдық орта мен тәрбиесі жауапты» - деген өте прогресшіл қағида ұсынды. Адамды қоғамдық орта қалыптастырады. Осыдан ─ ағартушылар адамды, оның мінез-құлқын өзгерту үшін, ең алдымен ортаны өзгерту керек деген революциялық қорытынды шығарды. Ағартушылар философиясы XVIII ғасырда ең прогресшіл философия болды. Ол қазіргі замандағы табиғаттану ғылымы мен қоғамдық ғылымның дамуына зор әсер етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет