15.2 Айналу әдiсi
Зерттеу нысаны монокристалл болғанда, айналу әдiсiн қолданады, ал зерттеу тапсырмалары болып қарапайым ұяшықтың пішіндері мен өлшемдерін анықтау, барлық атом базистерінің координаттарын табу, яғни кристалдың атомдық құрылысын толық анықтау керек болғанда осы әдісті қолданады.
Айналу рентгенограммасын алу үшiн кристалл цилиндрлiк камера-ның өсi бойымен белгiлi бiр кристалдық бағытпен орналастырылады және түсiрілім кезiнде осы өсті айнала отырып тербеледi (немесе айналады). Рентген сәулелердiң монохроматты шоғырын айналу өсiне перпендикуляр етiп, үлгiге бағыттайды. Екiншi ретті шағылған рентген сәулелер немесе бiз айтатындай, дифракциялық сурет үлгiнiң айналу өсiне параллель өсi бар цилиндрлiк пленкада тiркеледi.
Рентгенограммаларды түсiретiн камера (РКВ - 86 типi) 15.5 - суретте, ал түсiрілімнiң сұлбасы 15.6 - суретте көрсетiлген.
Цилиндрлiк камерада түсiрiлген, рентгенограммасы бар пленканы жазықтықта ашқанда, рентгенограмманың рефлекстерi айналу өсiне перпендикуляр түзу сызықтардың үстiнде орналасады. Бұл 1-шi текті қабаттық сызықтар деп аталады. Рентгенограммалардағы максимумдар бiрiншi реттi дақ арқылы өтетiн вертикаль сызыққа симметриялы болып орналасады.
1 - диафрагма; 2 - үлгi; 3 - гониметриялық басы; 4 - үлгiнiң айналуы үшiн мотор және редуктор; 5 - пленкасы бар кассета
15.5 - сурет – Айналу және тербелу рентгенограммаларды түсiру үшiн РКВ - 86 типтi камера
Айналу әдiсiндегi дифракциялық суреттiң пайда болуын керi тор көмегiмен қарастыруға болады. Мысалы, кристалл гониометриялық басында вертикальдi орналастырылған дейiк. Маңызды бағыттардың бiреуi ([001], [010], [100] типтi) гониометриялық басының айналу өсiнiң бойымен бағытталуы керек, демек Z өсiнiң айналасымен.
F - фокус; D - диафрагма; O - үлгi; Пл - пленка; P - бірінші тектiң n-шi кабаттық сызығындағы рефлекстері;
In - n-шi қабаттық сызықтар және O арасындағы пленкадағы арақашықтық; [uvw] – айналу өсiне параллель бағыттың индекстерi
15.6 - сурет – Айналу (тербелу) әдiсi бойынша рентгенограммаларды түсiру сұлбасы
Жалпы ережелер бойынша монокристалдың керi торын құрастырайық. Рентген сәулелердiң бiрiншi реттi шоғырын айналу өсiнде жататын керi тордың бастапқы түйiнi О арқылы өтетiндей етiп айналу өсiне перпендикуляр бағыттаймыз (15.7 - сурет).
1/ радиусымен үлестірілу сферасын (Эвальд сферасын) құрастырамыз. Егер кристалл айналса, онда онымен бiрге параллельді өс (бірақ кристалдың айналу өсімен сәйкес емес) айналасымен кері тор айналады. Керi тордың түйiнiмен шағылу сферасы қиылысқан кезде дифракциялық сәуле пайда болады. Кристалл айналғанда пайда болған дифракциялық сәулелер конустың жақтауларында орналасады.
15.7 - сурет – Монокристалдың айналу рентгенограммасындағы
Достарыңызбен бөлісу: |