Ресей және Кеңес мемлекеттерінің тарихы


-сұрақ. Қазан революциясы. Ресей қоғамы



бет147/194
Дата05.02.2022
өлшемі3,54 Mb.
#19429
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   194
2-сұрақ.
Қазан революциясы. Ресей қоғамы.
Қос үкімет жағдайында елдің дамуының екі жолы болды.

  1. Буржуазиялық реформистік жол.

  2. Пролетарлық демократиялық жол.

Ақпан революциясы нәтижесінде билік орыс буржуазиясының қолына көшті. Алайда қос үкімет жағдайында ішкі, сыртқы мәселелер тиімді шешілмеді. Жергілікті билік органдарын құруда Кеңестердің ролі орасан зор болды. 1917 жылы қазанда 1429 Кеңестер құрылды. Ал Уақытша үкімет қолындадағы билік шеңбері өте тар болды.
Орыс буржуазиясының басты партиясы – кадеттер партиясы болатын. Оның құрамында шамамен 65-80 мыңдай адам болды. 370-тей жергілікті комитеттері болды. Партия лидері П.Н. Милюков.
Кадеттер партиясының негізгі стратегиялық саясаты Уақытша үкіметтің бірден-бір билігін орнату еді. Тактикалық бағытта мынандай міндеттерді қойды:

  1. Қоғамда бірыңғай тәртіпті қалпына келтіру.

  2. Экономикалық, саяси дағдарысты жою.

  3. Буржуазиялық-парламенттік республиканы құру.

  4. 1917 ж. тамыз айында кадеттер монархиялық құрылысқа қарай бет бұрды.

Елде жұмысшы депутаттардың ролі күшейді. Большевиктер партиясы басты саяси күшке айналды. 1917 ж. ақпанында большевиктер партиясының қатарында 24 мыңдай адам болса, жылдың аяғында 350 мыңға жетті.


В.И. Ленин 3-сәуірде Швейцариядан Петроградқа оралды. Революцияның ең маңызды мәселелерін атақты «Апрель тезистерінде» анықтап берді. Тезистердегі негізгі ой
1) Буржуазиялық-демократиялық революция аяқталды.
2) Буржуазиялық-демократиялық революцияны социалистік революцияға ұластыру.
3) Негізгі саяси ұран «Барлық үкімет билігі Кеңестерге берілсін!»
4) «Уақытша үкімет жойылсын!»
1917 ж. сәуір айында елде тағы да дағдарыс басталды. Уақытша үкімет күн тәртібіндегі бірде-бір мәселені шешпеді. Маусым айындағы орыс әскерлерінің майдандағы шабуылы сәтсіздікпен аяқталды. Елде жаңа саяси дағдарыс басталды. Шілде айының басында Родикалды күштер (солдаттар, мотростар қарулы көтерілісті ұйымдастыруға әрекеттенді). Большевиктер партиясы бұл әрекетті бейбіт демонстрацияға айналдыруға күш салды. Осы жағдайда Уақытша үкімет контр революциялық төңкеріліс ұйымдастырды, кең арналы антибольшевиктік кампания басталды.
Қос үкімет кезеңі аяқталды. Жұмысшы солдат Кеңестері жабыла бастады. Большевиктерге қарсы репрессия ұйымдастырылды.
Жаңа коалициялық Үкімет құрылды. Төрағасы А.Ф. Керенский. Осы кезеңде елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қоғамның барлық консервативтік тобы елде төтенше шараларды жүргізуді талап етіп отырған генерал Корниловқа үміт артты. Бұл Керенскийдің саяси роліне қауып төндірді. 1917 ж. жазда Корнилов пен Керенский әртүрлі саяси тенденциялардың өкілдері болды, біріншісі контрреволюциялық бағыт ұстаса, екіншісі либералдық-демократиялық мазмұндағы буржуазиялық–демократиялық бағытты ұстанды.
Саяси жағдай шиеленіскен сипат алып, Керенский Корниловты бас қолбасшылықтан түсіріп, сатқын деп жариялады, сөйтіп Петроградқа бағыт алған Корнилов әскери бөлімдері тоқтатылып, Корнилов тұтқынға алынды.
Большевиктер партиясы Керенский Үкіметіне нақты талаптар қойды, сөйтіп, Үкімет дағдарысын туғызды. Большевиктер партиясының саяси ролі, ықпалы күшейді. Большевиктер партиясы бірыңғай социалистік Үкіметті құруға шақырды. 31-тамызда РСДРП (б) ОК «Билік туралы» резолюциясы жарияланды. Бұл резолюцияда негізгі органы Кеңестер болатын революциялық демократиялық билікті орнатуға шақырды. Сонымен қатар бұқара талаптары негізінде іс-қимыл бағдарламасы туралы айтылды.

  1. Бейбіт келіссөз жасау.

  2. Шаруаларға помещик жерін бөліп беру.

  3. Жұмысшы бақылауын орнату.

  4. Мемлекеттік құрылымды демократизациялау.

Қос Үкімет дәуірі аяқталғаннан кейін революцияның бейбіт даму мүмкіндіктері жойылды, сондықтан да большевиктер партиясы қарулы көтерілісті ұйымдастыру мәселесін күн тәртібіне қойды. РСДРП (б) ОК –нің 10,16 - қазанда екі отырысында, қарулы көтерілісті ұйымдастырудың барлық мәселелері қаралып шешім қабылданды.
25-қазан күні большевиктер көтеріліс ұйымдастырып, Қысқы сарайды алды. 25-қазан күні Смольныда Бүкілроссиялық Советтердің ІІ-съезі ашылды. Делегаттар құрамы:
большевиктер-300,
эсерлер-193 (солшыл эсерлер – 100)
меньшевиктер-68,
меньшевик – интернационалистер-14 т.б. ұсақ саяси партия өкілдері. Советтердің ІІ-съезі өте маңызды екі құжат қабылдады:

  1. Бітім туралы Декрет.

  2. Жер туралы Декрет, және барлық билікті

Советтерге беру.
Жер туралы Декрет бойынша 150 млн. гектар шаруаларға ақысыз, пұлсыз берілді. Съезд жұмысшы шаруа Үкіметін – Халық Комиссарлар Советін сайлады (СНК). Үкімет төрағасы болып В.И. Ленин сайланды. Съезд сонымен қатар Жалпыроссиялық Орталық Атқару Комитетін сайлады (ВЦИК) төрағасы болып Л.Б. Каменов, кейін Я. М. Свердлов сайланды.
Тарихи әдебиетте Қазан революциясы туралы әртүрлі пікірлер айтылып, әртүрлі баға беріледі.
Бірінші. 1917 жылы қазанда социалистік Революция жүзеге асты. Ұлы Қазан революциясы әлемдік тарихтың жаңа бетін – капитализмнен социализмге өту дәуірін бастап берді.
Екінші. Қазан революциясы большевиктер бүлігі, Ақпан революциясының демократиялық нәтижелері жойылды. Бұндай пікір негізінен эмигранттық әдебиетте және бүгінгі таңдағы публицистикада тараған. Бұл бағытта не айтуға болады? Әрине бүлік белгілері бар: көтеріліс жоспары жасалынды, революцияның қарулы күштері жасақталды т.б. Алайда Қазан революциясы бұқараның белсенділігінің нәтижесі болды. Ғасырлар бойы шешілмей келе жатқан әлеуметтік-экономикалық мәселелер бұқара қозғалысын туғызды. Ресейдің 100 губерниясының тек 16-да ғана көтеріліс ұйымдастырылды, сондықтан да бұл оқиғаны «Бұқара революциясы» деп те атауға болады.
Үшіншіден. Қазан революциясы революция жолына түскен армия мен флоттың бір бөлігіне сүйенген большевиктердің «әскери төңкерілісі» бұл көзқарас А.Богданов (А.А. Малиновский – большевизм ерте дәуірінің өкілі) еңбектерінде кездеседі.
Төртіншіден. Анархиялық бунд, «Люмпендер революциясы» деп те баға беріледі. Алайда 150 млн. халқы бар Ресейде люмпендер революция ұйымдастырды деу шындықтан тым алыс жатыр.
Россиядағы революция – тарихын обективті түрде зерттеп, баға беру әлі де жалғасуда.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет