«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»
Бағалау саясаты:
№
|
«Ресей және Кеңес мемлекеттерінің тарихы» пәні бойынша білімді бағалау кестесі
|
Бағалау критериясы
|
Бағалау түрі
|
Атпа
|
Жұмыс үшін %
|
Барлығы
%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Үй тапсырмасы
|
0,6
|
8,4
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
2
|
Жеке тапсырма
|
4,8
|
9,6
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
3
|
Бақылау жұмысы
|
2
|
28
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
4
|
Практикалық сабақтардағы белсенділігі
|
1
|
14
|
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
...
|
т.б.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Р1 + Р2
|
|
60
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
...
|
Емтихан
|
|
40
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:
Бағалау
|
Бағаның әріптік баламасы
|
Бағаның сандық баламасы
|
Бағаның проценттік баламасы
|
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
|
A
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.
Студенттерге қойылатын талаптар:
(толықтырулар мен өзгертулер енгізуге болады)
Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)
1. Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп.
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
6. Пікірлесу.
Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
1. Шығыс славяндардың қалыптасуы, шаруашылығы.
2. Ресей халқының тарихи тағдырлары (студенттің таңдауы бойынша).
3. Феодалдық боярлық мемлекеттер.
4. Славяндарда мемлекеттіліктің қалыптасуы.
5. Біртұтас орыс мемлекетінің қалыптасуы.
6. Ресейдегі Земск соборлары.
7. Ресей империясының құрылуы.
8. Капитализм дәуіріндегі Ресей империясы.
9. Ресейдегі Земство.
10. Патшалық Ресейдегі парламенттік тәжірибе.
11. Дін және билік.
12. Ресей тарихындағы орыс православие шіркеуінің орны.
13. Русьтегі феодалдық бытыраңқылық.
14. Моңғол-татар шапқыншылығы.
15. Орыс жерлерінің бірігуі. Москва. Русьтің біртұтастығы үшін күрес.
16. Ортағасырлардағы Русь қалалары.
17. Ресейдің территориясының кеңеюі. Жаңа жерлердің қосылуы.
18. Русьтің сыртқы саясаты.
19. Орыс мемлекетінің көпұлтты державаға айналуы.
20. Әулеттік некелер. Олардың халықаралық қатынастарға әсері.
21. Ресейдің әскер оқиғалары (соғстар, шайқастар, ұрыстар, халықтық қозғалыстар, партизандық күрес, әскери қолбасшылар).
22. Тарихи портреттер (Князь Владимир, Дмитрий Донской, Иван Грозный, Борис Годунов, І Петр және т.б.).
23. Ресейдегі самодержавие. Иван Грозныйдың мемлекеті.
24. Опричина.
25. Ресейдегі шаруалар соғысы және басыбайлы құқық.
26. Қараңғы кезең.
27. Ресей тарихындағы демократизм дәстүрлері.
28. Орыс шаруашылық қауымы.
29. Мемлекетті қорғау органдары мен принциптерінің қалыптасуы.
30. І Петрдің әскери реформалары.
31. І Петрдің Ресейге модернизацияны орнату әрекеттері.
32. ХІХ ғ. азаматтық бостандық үшін күрес.
33. Ресейдегі либерализм.
8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
1. І д.ж.с. жылдарындағы Ресейдің әлеуметтік – экономикалық және ішкі саяси даму жағдайы.
2. Большевиктердің жаңа декреттері. В.И. Лениннің революциялық қызметі.
3. Азамат соғысының басталуы және шетел интервенциясы.
4. Ақтар мен қызылдардың терроры және оның мәні.
5. КСРО–ның құрылуы.
6. Жаңа экономикалық саясат - өндіріс пен шаруашылық салаларында.
7. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және оның маңызы.
8. Индустриализация процесі және өнеркәсіптің дамуының жаңа жолы.
9. 1920-1930 ж.ж. КСРО–ның сыртқы саясаты.
10. КСРО және ұжымдық – қауіпсіздік жүйесінің құрылуы.
11. КСРО мен Испания арасындағы соғыс.
12. Кеңес- неміс келіссөздері мен келісімдері, оларға саяси баға беру.
13. Кеңес- фин соғысы және оның нәтижелері.
14. Фашистік Германияның КСРО–ға баса көктеп кіруі. «Барбаросса» жоспары.
15. Қырым, Украина, Кавказ территорияларындағы антикеңестік, ұлттық қозғалыстар.
16. Ұлы Отан соғысының көрнекті басшылары және оларға саяси баға.
17. Смоленск шайқасы және оның маңызы.
18. Ленинградты ерлікпен қорғау.
19. Кеңес әскерінің Москва түбіндегі шайқасы.
20. Сталинград шайқасы: соғыстағы түбегейлі бетбұрыс.
21. Курск шайқасы және оның маңызы.
22. Тегеран конференциясы және оның шешімдері.
23. ІІ майданның ашылуы.
24. Потсдам және Ялта конференциялары, олардың шешімдері.
25. Ұлы Отан соғысындағы Германияның сөзсіз тізе бүгіуі.
26. Қызыл армияның Жапонияға қарсы әскери жоспарлары, Жапонияның талқандалуы және сөзсіз тізе бүгіуі.
27. Елдің соғыста бүлінген шаруашылықтарын қалпына келтіру жолдары.
28. ІІ д.ж.с. геосаяси салдарлары. БҰҰ- ның құрылуы.
29. Блоктық теке–тірес. «Қырғи–қабақ» соғысы - мемлекетаралық теке–тірес формасы ретінде.
30. ІІ д.ж.с. қорытындылары мен сабақтары.
31. КСРО–ның ХХ ғ. 50 ж. ІІ жартысындағы әлеуметтік – экономикалық және рухани саяси дамуындағы ерекшеліктер.
32. КСРО–ның халықаралық шиеленісті бәсеңдетудегі сыртқы саясаты.
33. И.В. Сталиннің қайтыс болуы. Сталин тұлғасының тарихи маңызы.
34. Н.С. Хрущевтің алғашқы реформалары.
35. КОКП–ның ХХ съезі және Сталиннің жеке басына табынуды әшкерлеу.
36. 1955 ж. Варшава Пактісі.
37. 1968 ж. Прага көктемі және КСРО–ның күш қолдануы.
38. 1955 ж. Германия және КСРО арасындағы Мәскеу шарты.
39. КСРО мен Қытай қатынастары.
40. Тың және тыңайған жерлерді игеру.
41. КОКП–ның ХХІІ съезі және оның салдарлары.
42. КСРО–ның 60 ж. шаруашылық реформалары және олардың сәтсіздікке ұшырауы.
43. КСРО–дағы социалистік лагерьрлер.
44. 1970 ж. КСРО-ның ауыл шаруашылығындағы қиындықтар.
45. 1970 ж. демографиялық өзгерістер: урбанизация және оның салдарлары.
46. Москвадағы ХХІІ олимпиада ойындары.
47. 1960 – 70 ж.ж. КСРО–ның сыртқы саясаты.
48. 1970 ж. шиеленістің бәсеңдеуі және Хельсинки процесінің басталуы.
49. Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға енгізілуі және оның әскери–саяси салдарлары.
50. Брежневтің қайтыс болуы. Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің ролі.
51. М.С. Горбачевтің билік басына келуі. М.С. Горбачев реформасының алғашқы әрекеттері.
52. Социализмді «жетілдіру» жолдары және оның мәні.
53. «Қайта құрудың» кереғар сипаты және оның мақсат-міндеттерінің ойластырылмауы.
54. Демократизацияланудың басталуы: жариялылық, саяси жүйенің реформалары, орталық пен әкімшіліктегі биліктің жаңа құрылымы.
55. 1980 ж. экономикалық реформалар: мекеменің дербестігі мен жеке меншік құрылымы.
56. 1980 ж. саяси реформалар: мақсаттары мен кезеңдері.
57. Германияның бірігуі және Одақтас республикалардың дербестікке ұмтылуы.
58. КСРО–ның біртұтас шаруашылық кешенінің дамуы және ыдырауы.
59. Беловежск келісімі және КСРО–ның ыдырауы.
60. 1991 жылдың 21 желтоқсанындағы Минск кездесулері.
61. ТМД–ның құрылуы.
62. ТМД–ның құрылуының басты мақсаттары мен ұстанымдары.
63. ТМД–ның ортақ нарық құру әрекеттері.
64. ТМД–ның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің құрылуы.
65. Орталық Азия елдері арасындағы терроризмге қарсы күрес шаралары және оның құқықтық базасы.
66. 1991 ж. Армян Конституциялық заңының қабылдануы.
67. Әзербайжан республикасының тәуелсіздігі және Әзірбайжан-Ресей қауіпсіздігі туралы шарт.
68. Белорусь республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Декларациясы.
69. Грузияның тәуелсіздігі туралы Референдум.
70. Қазақ КСР–н Қазақстан Республикасы етіп қайта құру. Конституциялық заңы және Н.Ә. Назарбаевтың алғашқы президенттік қызметі.
71. А.Ақаевтың президенттікке сайлануы және Қырғызстанның БҰҰ–на кіруі.
72. «Молдова Республикасының азаматтығы туралы Заң». М.Снегурдың президенттікке сайлануы.
73. Тәжікстан Республикасының 1991 жылдағы Тәуелсіздік Декларациясы және оның республикадағы саяси күштерге әсері.
74. Түркменстан Коммунистік партиясының Демократиялық партияға айналуы. Жеті Азия мемлекеті басшыларының бас қосуы.
75. И. Каримовтың президенттікке сайлануы. Өзбекстан Коммунистік партиясының Халықтық –демократиялық партияға айналуы.
76. Украина Жоғарғы Кеңесінің «Украин КСР–нің президентін сайлау туралы» Қаулысы. Украинаның алғашқы президенті Л. Кравчук.
77. Ресей Федерациясының президенті В.В. Путиннің Украинаға іс-сапары және оның нәтижелері.
78. . Ресей Федерациясының егемендігі туралы Декларация. Б. Ельциннің билікке келуі.
79. Ресей қоғамының әлеуметтік құрылысының өзгеруі: жаңа таптар мен әлеуметтік топтардың қалыптасуы.
80. Ресей – шешен қатынастарының сипаты.
Емтиханға дайындық сұрақтары.
ХІХ-ХХ ғ.ғ. Ресейдің әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы.
Ресейдің ХІХ ғ. қоғамдық – саяси қозғалыстары.
ХІХ ғ. Ресейдің ішкі саясатының басты бағыттары.
Самодержавиенің құлауы және саяси дағдарыс.
Ақпан буржуазиялық революциясы: жүру барысы және қорытындылары.
Ресей І д.ж.с. жылдарында.
1917 ж. Қазан революциясы: оның басты проблемалары және саяси сын.
1917 ж. шілде-қазан айларындағы саяси партиялардың басты бағдарламасы.
Ресейдегі азаматтық соғыс және оның қорытындылары.
Бірпартиялық саяси жүйенің қалыптасуы.
Ресейдегі ақтар қозғалысы.
КСРО-ның құрылуы.
20-30 ж.ж. КСРО-ның мемлекеттік құрылысы.
Кеңес Одағындағы православие шіркеуі.
КСРО-дағы социалистік құрылыс және оның нәтижелері.
1920-30 ж.ж. халықаралық қатынастар.
Фашизм идеологиясы.
1939 ж. Кеңес-герман келісімі.
ІІ д.ж.с. басталуы және КСРО-ның позициясы.
Ұлы Отан Соғысы.
Соғыстан кейінгі сыртқы саясат: капиталистік және социалистік жүйелер.
КСРО-ның соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуы.
И.В. Сталиннің саяси портреті.
В.М. Молотовтың саяси портреті.
Н.С. Хрущевтың саяси портреті.
Г.Н. Маленковтың саяси портреті.
Л.И. Брежневтың саяси портреті.
1950-1960 ж.ж. экономикалық реформалар.
80-90 ж.ж. Кеңес Одағының саяси реформалары және оның қорытындылары.
80-90 ж.ж. КСРО-ның халықаралық қатынастары.
КСРО-ның құлауы.
ТМД-ның құрылуы және оның басты мақсаты.
Армян Республикасы.
Азербайжан Республикасы.
Белорусь Республикасы.
Грузия Республикасы.
Қазақстан Республикасы.
Қырғыз Республикасы.
Молдова Республикасы.
Тәжікстан Республикасы.
Түркменстан Республикасы.
Өзбекстан Республикасы.
Украина Республикасы.
Ресей Федерациясы.
Шығыс славяндардың қалыптасуы, шаруашылығы.
Ресей халқының тарихи тағдырлары (студенттің таңдауы бойынша).
Феодалдық боярлық мемлекеттер.
Славяндарда мемлекеттіліктің қалыптасуы.
Біртұтас орыс мемлекетінің қалыптасуы.
Ресейдегі Земск соборлары.
Ресей империясының құрылуы.
Капитализм дәуіріндегі Ресей империясы.
Ресейдегі Земство.
Патшалық Ресейдегі парламенттік тәжірибе.
Дін және билік.
Ресей тарихындағы орыс православие шіркеуінің орны.
Русьтегі феодалдық бытыраңқылық.
Моңғол-татар шапқыншылығы.
Орыс жерлерінің бірігуі. Москва. Русьтің біртұтастығы үшін күрес.
Ортағасырлардағы Русь қалалары.
Ресейдің территориясының кеңеюі. Жаңа жерлердің қосылуы.
Русьтің сыртқы саясаты.
Орыс мемлекетінің көпұлтты державаға айналуы.
Әулеттік некелер. Олардың халықаралық қатынастарға әсері.
Ресейдің әскер оқиғалары (соғстар, шайқастар, ұрыстар, халықтық қозғалыстар, партизандық күрес, әскери қолбасшылар).
Тарихи портреттер (Князь Владимир, Дмитрий Донской, Иван Грозный, Борис Годунов, І Петр және т.б.).
Ресейдегі самодержавие. Иван Грозныйдың мемлекеті.
Опричина.
Ресейдегі шаруалар соғысы және басыбайлы құқық.
Қараңғы кезең.
Ресей тарихындағы демократизм дәстүрлері.
Орыс шаруашылық қауымы.
Мемлекетті қорғау органдары мен принциптерінің қалыптасуы.
І Петрдің әскери реформалары.
І Петрдің Ресейге модернизацияны орнату әрекеттері.
ХІХ ғ. азаматтық бостандық үшін күрес.
Ресейдегі либерализм.
Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары
1905-1907 ж.ж. революция және оның қорытындылары.
Ресейдегі Конституциялық монархия идеясы (ХІХ-ХХ ғ.ғ.).
ХХ ғ. б. Ресейдегі саяси дағдарыс.
ХІХ ғ. Ресейдегі революциялық-демократиялық қозғалыстар.
Патшалық Ресейдегі Казачество.
ХХ ғ. Ресейдің саяси қызметкерлерінің тарихи портреттері (студенттердің таңдауы бойынша).
Ресейлік және Батыс Европалық социалистік демократия (салыстырмалы анализ).
Ресей І д.ж.с. жылдарында.
1917 ж. Ақпан революциясы және оның Ресей тарихындағы алатын орны.
Уақытша үкімет билігі.
1917 ж. Қазан революциясы: оның проблемалары, революцияға саяси баға.
Тұңғыш орыс революциясының саяси лагерьлері мен партиялары.
Қосүкімет тұсындағы саяси партиялардың өзара күресі (1917 ж. ақпан-маусым).
Ресейдегі азамат соғысы және оның нәтижелері.
Ресейдегі бірпартиялық жүйенің қалыптасуы.
Ресейдегі ақтар қозғалысы және оның тағдыры.
КСРО-ның құрылуы.
Кеңестік Ресейдегі Православие шіркеуі.
20-30 ж.ж. КСРО-ң халықаралық қатынастардағы орны.
Фашизм: оның идеологиясы.
1939 ж. кеңес-герман келісімі және оған саяси баға.
ІІ д.ж.с. басталуы. КСРО-ның саяси позициясы.
Ұлы Отан Соғысы (соғыстың басталуы, басты ошақтары, полк басшылары, партизандық қозғалыстар, ІІ майдан үшін соғыс).
Соғыстан кейінгі жылдардағы КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Соғыстан кейінгі жылдардағы КСРО-ның қоғамдық-саяси өмірі.
И.В. Сталиннің, В.М. Молотовтың, Н.С. Хрущевтің, Г.М. Маленковтың, Л.И. Брежневтің саяси портреттері (студенттің таңдауы бойынша).
1950-1960 ж.ж. экономикалық реформалар.
1980-1990 ж.ж. кеңес қоғамының саяси жүйесінің реформалары. КСРО-ның құлауы.
Тәуелсіз Елдер Достастығының құрылуы. Жүйенің мақсаты мен ұстанымдары.
Тәуелсіз мемлекеттің нарықтық экономикаға көшуі: оның қиыншылықтары мен қарама-қайшылықтары.
Тест тапсырмалары.
1. Қандай конференцияда Антанта үкіметі Ресейге қарсы күрес жөнінде шешімге келді?
a) 1917 жылы Париж конференциясында;
b) 1918 жылы Варшава конференциясында;
c) 1917 жылы Вашингтон конференциясында;
d) 1918 жылы Брест конференцясында.
2. Антанта империалистері қай жылы өз әскерлерін Закавказьеге жіберді?
а) 1918 жылдың маусымында;
b) 1918 жылдың тамызында;
c) 1917 жылдың қарашасында;
d) 1919 жылдың қаңтарында.
3. Антикеңестік интервенцияға қанша ел қатысты?
а) 23 ел;
b) 14 ел;
с) 9 ел;
d) 28 ел.
4. Антикеңестік интервенциядағы ең ірі капиталистік державалар -
а) АҚШ, Италия, Франция, Германия;
b) Жапония, Германия Франция, АҚШ;
с) Франция, АҚШ, Англия, Жапония;
d) Англия, Голландия, Италия, АҚШ.
5. Қай жылы чехославак бүлікшілері мен ақ гвардияшылар Ресейге басып кірді?
1918 жылы күзде;
1918 жылы қыста;
1918 жылы жазда;
1918 жылы көктемде.
6. 1918 жылы өнеркәсіп орындарының қанша пайызы жұмыстарын тоқтатты?
а) 40%-ы;
b) 25%-ы;
c) 30%-ы;
56%-ы.
7. 1918 жылы Архангельск губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары кім болды?
a) В.А.Каменский;
b) В.П.Затонский;
c) В.Э.Бубнов;
d) П.В.Виноградов;
8. Нешінші жылы неміс әскерлерінің Орталық бюросы құрылды?
a) 1917 жылы;
b) 1919 жылы;
c) 1918 жылы;
1920 жылы.
9. Киев қаласы қашан азат етілді?
a) 1919 ж. маусымда;
b) 1919 ж. ақпанда;
c) 1918 ж. тамызда;
d) 1920 ж. шілдеде.
10. 1918 жылдың II жартысында орта шаруалар саны шамамен қанша пайызды құрады?
a) 40 %-ды;
b) 30%-ды;
c) 50%-ды;
d) 60%-ды.
11. Коммунистік партияның көрнекті қайраткерлері -
a) В.И.Чапаев,И.О. Колчак;
b) М.В.Фрунзе, В.В.Куйбышев;
c) М.Н.Тухачевский, Л.В.Дутов;
d) С.М.Киров, В.Л.Деникин.
12. 1920 жылдардағы елдің астықты аудандары -
a) Сібір, Украина, Солтүстік Кавказ, Донбасс;
b) Сібір, Белоруссия КСР-і, Прибалтика, Орта Азия;
c) Прибалтика, Орта Азия, Оңтүстік Азия, Эстония КСР-і;
d) Приморье, Латвия, Литва, Өзбекстан КСР-лері.
13. 1919 жылдың көктемінде Кеңес өкіметіне ең үлкен қауіп төндірген жау кім болды?
a) Деникин әскері;
b) Врангель әскері;
c) Дутов әскері;
d) Колчак әскері.
14. Контерреволюциямен және саботажбен күрес жөніндегі Бүкілресейлік төтенше комиссияны кім басқарды?
a) Сталин;
b) Ленин;
c) Дзержинский;
d) Троцкий.
15. 1920 ж желтоқсан айында елдегі жұмысшылар саны қанша % - ды құрады?
60%-ды;
b) 52,3%-ды;
c) 60,1% -ды;
d) 70,2%-ды.
16. Брест бітім шарты қашан жасалды?
a) 1918 ж.3 наурыз;
b) 1920 ж. қыркүйекте;
c) 1921 ж. тамызда;
d)1919 ж. желтоқсанда.
17. Анархистер деген кімдер?
a) Самодержавие мен капиталистік билікті құлату мақсатын алға қойған солшыл саяси күштер;
b) Самодержавие мен монархияны қолдау мақсатында төңкерісті ұйымдастырған революциялық күштер;
c) Большевиктерді қолдап, оларды азық-түлікпен қамтамасыз еткен оңшыл революциялық күштер;
d) Жоғарыдағылардың бәрі қате.
18. Уфа директориясының көрнекті қайраткері кім?
a) А.И. Деникин;
b) Н.Д. Авксентьев;
c) Ю.В.Мартов;
d) А.Я. Вышинский.
19. Азамат соғысы кезінде құрылған жергілікті қандай одақтарды білесің?
a) «Біздің Отан», «Коммунистер»;
b) «Анархия”, “Большевиктер”;
c) « Біздің Отан», «Монархиялық блок»;
d) «Октябрь ұландары», «Жас коммунистер».
20. «Демократиялық контерреволюция» қозғалысы-
a) Кеңес билігінің құрылуын қолдап, патша үкіметіне қарсы саясат ұстанған қозғалыс;
b) Самодержавиені қолдай отырып, Кеңес билігінің құлауын аңсаған қозғалыс;
c) Ақтарды да, қызылдарды да қолдамай, бейтарап саясат ұстанған қозғалыс;
d) Шетел интервенттерінің көрнекті одағы.
21. «Ленин и Колчак» еңбегінің авторы кім?
a) Смирнов И;
b) Бессмертный К;
c) Троцкий В;
d) Агелов Е.
22. Азамат соғысынан кейін ауыл шаруашылық өнімдері қанша есеге азайды?
a) 3 есеге;
b) 2,5 есеге;
c) 2 есеге;
d) 3,5 есеге.
23. Контерреволюциямен, тыңшылықпен, бандитизммен күресіп, шекараны қорғайтын функция -
a) Ішкі Істер Халық Комиссариаты;
b) Мемлекеттік Саяси Басқарма;
c) Орталық Атқару Комитеті;
d) Орталық Халық Комиссариаты.
24. Азамат соғысы қай жылдары болды?
а1918-1921 ж.ж.
b) 1917-1922 ж.ж.
c) 1918-1920 ж.ж.
d) 1919-1920 ж.ж.
25. Республиканың Революциялық әскери кеңесінің төрағасы, әскери және теңіз істері жөніндегі Халық комиссары кім болды?
a) Сталин;
b) Буденный;
c) Троцкий;
d) Ворошилов.
26. 1920-1921 жылдары Кеңестік Ресей қай елмен соғысты?
a) Польшамен;
b) Жапониямен;
c) Германиямен;
d) Финляндиямен.
27. 1920-1922 жылдары ойдағыдай өркендеген қандай Кеңес мемлекеттерін білесіз?
РСФСР, Латвия ССР-і, Литва ССР-і;
Молдаван ССР-і, РСФСР, Белорус ССР-і;
РСФСР, Украина ССР-і, Белорус ССР-і, Закавказье ССР-і;
РСФСР, Өзбекстан ССР-і, Украина ССР-і.
28. РСФСР-дің өнеркәсіп жөнінен күшті дамыған аудандарын ата.
a) Москва, Петроград, орталық губерниялар, Урал;
b) Прибалтика өңірі, Урал, Закавказье;
c) Чуваш, Марий, Удмурт, Қалмақ облыстары;
d) Адыгей, Кабардин-Балкар, Чечен, Бурят облыстары.
29. Бірінші Кеңестік үкіметте Сталин қандай Халық Комиссариатын басқарды?
a) Ішкі істер;
b) Шет елдер;
c) Әскери және теңіз істері ;
d) Ұлт істері .
30. 1922 жылы РКП(б)-ның XI-съезінде Орт.Ком Пленумының бас хатшысы болып кім сайланды?
a) В.И.Ленин;
b) Н.И.Махно;
c) В.К.Блюхер;
d) И.В.Сталин.
31. 1920-1930 жылдары ашаршылық легі шарпыған Ресейдің аса маңызды аудандары қандай?
a) Прибалтика, Закавказье, Орта Азия;
b) Поволжье, Солтүстік Кавказ, Урал, Қазақстан, Орталық Ресей;
c) Поволжье, Примор өлкесі, Оңтүстік Ресей;
d) Нижний Новогород, Солтүстік Ресей, Забайкалье.
32. Жаңа экономикалық саясат-
a) Социализмнен капитализмге өте кезеңіндегі қоғамның ауыл шаруашылығын қайта құруға бағытталған экономикалық саясат;
b) Капитализмнен социализмге өту кезеңінде социалистік қоғамның экономикасын жасауға бағытталған пролетариаттық мемлекеттің экономикалық саясаты;
c) Капиталистік елдердің өнеркәсіп төңкерісіне бет алған экономикалық саясаты;
d) Социализмге өту барысындағы КСРО-ның Батыс Еропа елдерімен әлеуметтік – экономикалық саясаты.
33. В.И.Ленин қай жылы және өзінің қай еңбегінде жаңа экономикалық саясаттың жобасын ұсынды?
a) 1919 ж. «Совет өкіметінің кезектері міндеттері”;
b) 1919 ж. “Совет үкіметінің негізгі бағдарламасы”;
c) 1920 ж. “Социализм және капитализм”;
d) 1922 ж. “КСРО-ның экономикалық шаруашылығы”.
34. Товар – ақша қатынастарын пайдалану арқылы социалистік өнеркәсіпті жан – жақты дамытуға, жұмысшы табы мен еңбекші шаруалардың одағын нығайтуға бағытталған саясат -
a) Қайта құру саясаты;
b) Әскери коммунизм саясаты;
c) Жаңа экономикалық саясат;
d) Ұжымдастыру саясаты.
35. Азық – түлік салғыртын азық–түлік салығына ауыстыру жөніндегі шешім қашан және қай съезде қабылданды?
a) РКП(б)-ның XII съезінде 1923 жылы;
b) РКП(б)-ның XI съезінде 1924 жылы;
c) РКП(б)-ның IX съезінде 1921 жылы;
d) РКП(б)-ның X съезінде 1920 жылы.
36. Жаңа экономикалық саясат жылдарында деревня мен қаланы экономикалық жағынан ұжымдастыру үшін қандай шаруашылық түрін өрістету тиімді болды?
a) Сауда;
b) Мал шаруашылығы;
c) Егін шаруашылығы;
d) Өнеркәсіп.
37. Жаңа экономикалық саясатқа қарсылық көрсеткен партияның жаулары кімдер?
a) Жұмысшы табы мен еңбекші шаруалар;
b) Троцкийшілдер мен бухариншілдер;
c) Лениншілдер мен жасұландар;
d) Комсомолдар мен мемлекет қайраткерлері.
38. Тұңғыш совет конституциясы қай жылы қабылданды?
a) 1917 жылы;
b) 1923 жылы;
c) 1920 жылы;
d) 1918 жылы.
39. КСРО – ның құрылуы туралы Декларация қашан қабылданды?
a) 1923 жылы;
b) 1928 жылы;
c) 1925 жылы;
d) 1922 жылы.
40. Жеке шаруа қожалықтарын жаппай ұжымдастыру қай жылдары жүзеге асты?
a) 1930-1932 ж.ж;
b) 1930-1934 ж.ж,
c) 1929-1935 ж.ж;
d) 1930-1931 ж.ж.
41. Социалистік индустрияландыру қай жылдары басталды?
a) 1932 жылы;
b) 1926 жылы;
c) 1930 жылы;
d) 1931 жылы.
42. КСРО экономикасының негізі -
a) Шаруашылық социалистік жүйе және өндіріс құралдары, құрал – жабдықтарының мемлекет меншіктілігінде;
b) Шаруашылықтың капиталистік жүйесі және жеке меншік,
c) Буржуазия мен үстем тап өкілдерінің материалдық бостандықтары;
d) Жұмысшы табы мен еңбекшілердің экономикалық тәуелсіздігі.
43. КСРО–ның саяси негізі -
a) Социалистік даму жолындағы интеллегенция өкілдерінің экономикалық тәуелсіздігі;
b) Жалпы кеңес халқының мызғымас бірлігін білдіретін еңбекшілер депутаттарының кеңесі;
c) Капиталистік даму жолындағы Кеңес одағының өнеркәсіп тәуелсіздігі;
d) Еңбекші депутаттар мен комсомол ұйымдарының бірлескен тобы.
44. В.И.Ленин қашан қайтыс болды?
a) 1924 жылы 20 – шілдеде;
b) 1925 жылы 15 ақпанда;
c) 1924 жылы 24 қаңтарда;
d) 1920 жылы 30 маусымда.
45. В.И.Ленин бастаған Халық Комиссариат Кеңесі қашан құрылды?
a) 1918 жылы;
b) 1920 жылы,
c) 1924 жылы;
d) 1922 жылы.
46. 1925 жылы РСФСР–дің құрамында қанша автономиялық республикалар мен округтер болды?
a) 9 автономиялық республика,15 автономиялық округ;
b) 10 автономиялық республика, 10 автономиялық округ;
c) 8 автономиялық республика, 10 автономиялық округ;
d) 6 автономиялық республика, 9 автономиялық округ.
47. Орта Азиялық Кеңес республикаларының ұлттық мемлекеттік шекарасын белгілеу қай жылдары жүзеге асты?
a) 1922 -1923 ж.ж;
b) 1924 -1925 ж.ж;
c) 1920 -1924 ж.ж;
d) 1923 -1925 ж.ж.
48. 1927 жылы КСРО дүние жүзінде өнімдерінің көлемі жөнінен нешінші орынға шықты?
a) 3-орынға;
b) 6-орынға;
c) 5-орынға;
d) 4-орынға.
49. Өнеркәсіп өнімі 1913 жылмен салыстырғанда 1937 жылы қанша есеге өсті?
a) 5,9 есеге;
b) 7 есеге;
c) 3 есеге;
d) 9 есеге.
50. Кулактарды тап ретінде жою қашан басталды?
a) 1928 -1930 ж.ж;
b) 1929 -1930 ж.ж;
c) 1930 -1933 ж.ж;
d) 1929 -1931 ж.ж.
51. Сауатсыздық қай жылы жойылды?
a) 1935 жылы;
b) 1940 жылы;
c) 1937 жылы;
d) 1929 жылы.
52. 1936 жылы КСРО–ның құрамында қанша одақтас республика болды?
a) 10;
b) 8;
c) 5;
d) 11.
53. II дүниежүзілік соғыс қашан басталды?
a) 1939 ж.1-қыркүйекте;
b) 1937 ж. 3-қаңтарда;
c) 1939 ж. 4-қазанда,
d) 1941 ж. 22-маусымда.
54. Қызыл Армия Батыс Белоруссия мен Батыс Украинаны қамқорлыққа алу жөніндегі мәлімдемені қай жылы жариялады?
a) 1940 ж.15-қазанда;
b) 1939 ж. 17-қыркүйекте;
c) 1940 ж. 20-тамызда;
d) 1943 ж. 3-шілдеде.
55. Кеңес-финн соғысы қай жылдары болды?
a) 1928-1940 ж.ж;
b) 1938-1943 ж.ж;
c) 1939-1940 ж.ж;
d) 1940-942 ж.ж.
56. Ұлы Отан Соғысы қарсаңында КСРО-ның халқы қаншаға жетті?
a) 194,8 млн. адам;
b) 181,4 млн. адам;
c) 120,3 млн. адам;
d) 191,7 млн. адам.
57. Кеңес әскері Бессарабияға қай жылы енгізілді?
a) 1940 ж.маусым- шілде;
b) 1938 ж. мамыр-тамыз
c) 1925 ж. маусым- қыркүйек
d) 1924 ж. шілде- тамыз
58. Ұлы Отан Соғысы қарсаңында КСРО-ның құрамында қанша одақтас республика болды?
a) 14 одақтас республика;
b) 16 одақтас республика;
c) 13 одақтас республика,
d) 18 одақтас республика.
59. 1939 жылдың күзі мен 1940 жылдың наурызы аралығында КСРО қай елмен соғысты?
a) Жапония;
b) Румыния;
c) Финляндия;
d) Польша.
60. КСРО мен Германия арасында бір – біріне шабуыл жасамау туралы шарт қай жылы жасалды?
a) 1937 жылы;
b) 1938 жылы;
c) 1939 жылы;
d) 1940 жылы.
61. РКП (б)-ның қай съезінде дауыс берудің нәтижесі Cталиннің пайдасына әдейі жасалды?
a) X съезінде;
b) XII съезінде;
c) XV съезінде;
d) XVII съезінде.
62. Кеңес Одағында жаппай жазалау қашан басталды?
a) 1934 жылы;
b) 1936 жылы;
c) 1937 жылы;
d) 1939 жылы.
63. КСРО-ның ауыл шаруашылығындағы жаңа экономикалық саясаттың көрінісі қандай болды?
a) Азық-түлік салғыртын азық – түлік салығына ауыстыру;
b) Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру;
c) Кооперативтер құру;
МТС-ті қайта құру.
64. Антифашистік коалицияның қалыптасуын қандай оқиға тездетті?
a) Египеттегі одақтастар әскерлерінің жеңісі;
b) Европада Қарсыласу Қозғалысының жандануы;
c) Жапонияның Қытайды жаулап алуы;
d) Қызыл әскердің Москва түбіндегі жеңісі.
65. II дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрыстың басталуы қай шайқастан кейін болды?
a) Москва түбіндегі шайқастан кейін;
b) Пёрл-Харбордағы АҚШ базасы жойылған соң;
c) Сталинград түбіндегі шайқастан кейін;
d) Курск түбіндегі шайқастан кейін.
66. Фашистік блоктың ыдырауы неден көрінді?
a) Сталинград түбіндегі жеңілістен кейін;
b) Курск түбіндегі жеңілістен кейін;
c) Египеттен айырылудан;
d) Италияның тізе бүгуінен.
67. Курск түбіндегі жеңістің қандай маңызы болды?
a) Италияны соғыстан шығарды;
b) Жапония КСРО – ға соғыс ашудан бас тартты;
c) Түркия КСРО – ға соғыс ашудан бас тартты;
d) Түбегейлі бетбұрыстың аяқталуына жеткізуі.
68. Тегеран конференциясында қандай шешім қабылданды?
a) Жапонияны талқандау туралы;
b) II майдан ашу туралы;
c) Италияны соғыстан шығару туралы;
d) Франция мәселесі қаралды
69. II майдан қай жылы ашылды?
a) 1941 жылы;
b) 1942 жылы;
c) 1943 жылы;
d) 1944 жылы.
70. II дүниежүзілік соғыс қашан аяқталды?
a) 1945 ж. 2-мамырда;
b) 1945 ж. 9-мамырда;
c) 1945 ж. 6-тамызда,
d) 1945 ж. 2-қыркүйекте.
71. II дүниежүзілік соғыс қандай оқиғамен аяқталды?
a) Берлиннің құлауымен;
b) Германияның толық тізе бүгуімен;
c) Европадағы соғыс ошақтарының жойылуымен;
d) Жапонияның тізе бүгуімен.
72. II дүниежүзілік соғысы барысында тұңғыш неміс әскерлері қай жердегі қорғанысқа көшуге мәжбүр болды?
a) Москва түбіндегі;
b) Ленинград түбіндегі;
c) Сталинград түбіндегі;
d) Смоленск түбіндегі.
73. Ұлы Отан Соғысының алғашқы кезеңіндегі неміс армиясының негізгі бағыттарын атаңыз.
a) Одесса, Тула;
b) Рига, Сталинград, Баку;
c) Киев, Ленинград, Москва;
d) Минск, Смоленск, Тула.
74. Қызыл Армияның алғашқы гвардиялық дивизиялары қай қала түбіндегі шайқаста пайда болды?
a) Киев түбіндегі;
b) Брест түбіндегі;
c) Москва түбіндегі;
d) Смоленск түбіндегі.
75. Ленинградтағы неміс әскерлерінің қоршауға алынуы неше күнге созылды?
a) 300 күнге;
b) 500 күнге;
c) 700 күнге,
d) 900 күнге.
76. Неміс әскерлерінің “Тайфун” атты жоспарының басты мақсаты не болды?
a) Қысқа мерзімде КСРО-ні толық бағындыру;
b) Кеңес әскерлерін бөліп-бөліп талқандау;
c) Москваны оңтүстіктен бөліп тастау;
d) Москваны басып алу.
77. 1942 жылдың жазы мен күзінде неміс командованиесінің кеңес – герман майданындағы негізгі соққы беру бағытын атаңыз.
a) Ленинград бағыты;
b) Москва бағыты;
c) Мурманск бағыты;
d) Сталинград бағыты.
78. Не себепті неміс әскерлері Сталинград қаласын басып алу үшін жанталаса қимылдады?
a) Сталинград атындағы қаланы жою арқылы Сталиннің жеке басын кемсіту болды;
b) Сталинградты алу арқылы Орта Азия мен Қазақстанға шығуға ұмтылды;
c) Сталинград қаласының әскери – тактикалық маңызы болды;
d) Қаланы алу арқылы орталық аудандарға мұнай мен астық тасымалдайтын жолды кесіп тастау болды.
79. 1943 жылдың жазында кеңес-герман майданында қандай ірі шайқас болды?
a) Сталинград шайқасы;
b) Курск иініндегі шайқас;
c) Қырымдағы шайқас;
d) Ленинград құрсауын бұзу үшін шайқас.
80. Курск түбіндегі шайқас қай аймақты азат етті?
a) Курс иінін;
b) Орел маңын;
c) Белгород өңірін;
d) Харьковті.
81. 1944 жылдың 26-наурызы Ұлы Отан Соғысында қандай оқиғамен тарихта қалды?
a) Қырым азат етілді;
b) Корсунь – Шевченко операциясы сәтті аяқталды;
c) Курск шайқасы аяқталды;
d) Кеңес әскерлері КСРО-ның Мемлекеттік шекарасына шықты.
82. Берлин операциясы қай күні басталды?
a) 1945 ж. 1-сәуірінде;
b) 1945 ж. 7-сәуірінде;
c) 1945 ж. 16-сәуірінде;
d) 1945 ж. 25-сәуірінде.
83. 1945 жылдың көктеміндегі Эльба өзені бойындағы оқиғаның тарихи маңызы қандай?
a) Неміс армиясының тізе бүгуі туралы актіге қол қойылды;
b) Берлин операциясы Торгау қаласын алумен аяқталды;
c) Торгау қаласының алынуымен бүкіл майданда ұрыс қимылдары тоқталды;
d) Кеңес әскерлері мен американ әскерлері осы қала түбінде кездесті.
84. Берлин қаласы қай күні құлады?
a) 1945 ж. 30-мамырда;
b) 1945 ж. 8-мамырда;
c) 1945 ж. 5-мамырда;
d) 1945 ж. 7-мамырда.
85. Германияның сөзсіз тізе бүгуі туралы актіге кім қол қойды?
a) Гитлер
b) Кейтель
c) Черчилль
d) Сталин
86. Кеңес әскерлері Қиыр Шығыстығы ұрыстарды неше күнде аяқтады?
a) 15 күнде;
b) 24 күнде;
c) 42 күнде;
d) 76 күнде.
87. КСРО-ның Қиыр Шығыстағы ұрыс қимылдарына жалпы басшылықты кім атқарды?
a) Г.К.Жуков;
b) К.А.Мерецков;
c) Р.Я.Малиновский;
d) А.М.Василевский.
88. 1945 жылдың 4- ақпанда қандай оқиға болды?
a) Потсдам конференциясы өз жұмысын бастады;
b) Ялта конференциясы басталды.
c) КСРО Жапонияға соғыс жариялады;
d) Москвада жеңіс парады болды.
89. Европаны азат етуде қанша совет адамы қаза тапты?
a) 100 мың адам;
b) 500 мың адам;
c) 1 млн. адам;
d) 2 млн. адам.
90. II дүниежүзілік соғысы АҚШ – қа қалай әсер етті?
a) Соғыс АҚШ-қа зор экономикалық шығын әкелді;
b) Соғыста АҚШ бірнеше миллион адамынан айырылды;
c) АҚШ соғыста бейтараптық саясат ұстады;
d) АҚШ соғыс нәтижесінде өте бай, қуатты елге айналды.
91. 1940 жылы Германия қай елдерді оккупациялады?
a) Югославия, Греция, Венгрия, Франция;
b) Польша, Румыния, Швеция, Люксембург;
c) Бельгия, Болгария, Финляндия, Чехославакия;
d) Дания, Норвегия, Италия, Швейцария.
92. 1943 жылғы Тегеран конференциясының негізгі шешімдері қандай болды?
a) Чехославакия бөлшектеу;
b) БҰҰ-н құру;
c) Германияны Ұлттар Лигасынан шығару;
d) Европада екінші майдан ашу.
93. Фашистік соғыс қылмыскерлерін соттауға арналған халықаралық трибунал сот ісі қайда жүргізілді?
a) Мюнхенде;
b) Штутградта;
c) Москвада;
d) Нюрнбергте.
94. Фашистік блоктың ыдырауының басталуына не негіз болды?
a) Сталинград шайқасы;
b) Оккупацияланған елдерде антифашистік күрестің күшеюі;
c) Италияның капитуляциялануы;
d) Қырым конференциясының шешімі.
95. II дүниежүзілік соғыстағы жеңімпаз елдердің қорытынды конференциясы қайда өтті?
a) Ялтада;
b) Потсдамда;
c) Тегеранда;
d) Москвада.
96. КСРО-ның әскерлері Латвия, Литва, Эстонияға қашан енгізілді?
a) 1920 жылы;
b) 1922 жылы;
c) 1940 жылы;
d) 1945 жылы.
97. 1942-1943 ж.ж. қыста қандай маңызды шайқас болды?
a) Москва түбіндегі шайқас;
b) Сталинград шайқасы;
c) Курск шайқасы;
d) Ленинград блокадасының алынуы.
98. 1943 жылдың жазында қандай шайқас болды?
a) Москва түбіндегі шайқас,
b) Сталинград шайқасы;
c) Курск шайқасы;
d) Ленинград блокадасының құрылуы.
99. ІІ майдан қашан және қай жерде ашылды?
a) 7-желтоқсан 1941 ж., Перл-Харбер;
b) 8-қараша 1942 ж., Солтүстік Африка;
c) 6-қыркүйек 1943 ж., Оңтүстік Италия,
d) 6-маусым 1944 ж., Солтүстік Франция.
100. Тегерен конференциясына саяси басшылардың қандай тобы қатысты?
a) Н.Чемберлен, И.Сталин, У.Черчилль;
b) У.Черчилль, И.Сталин, Ф.Рузвельт;
c) И.Сталин, Г.Трумэн, У.Черчилль;
d) И.Сталин, Г.Трумэн, К.Эттли.
101. Соңғы есептеулер бойынша ІІ дүниежүзілік соғыста КСРО-ның қанша адамы өлді?
a) 15 млн.;
b) 20 млн.;
c) 25 млн.;
d) 27 млн.
102. Фашистік Германия КСРО-ға шабуылын қашан бастады?
a) 1941 ж. 22-маусымда;
b) 1942 ж. 23-мамырда;
c) 1941 ж. 13-қазанда;
d) 1940 ж. 3-қарашада.
103. Фашистік Германияның КСРО-ға қарсы одақтары -
a) Англия, Италия, Германия, Франция;
b) Италия, Финляндия, Румыния, Венгрия;
c) Франция, Румыния, Голландия, АҚШ;
d) Германия, Испания, Канада, Швеция.
104. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары халықаралық қатынастар қандай оқиғаға байланысты мейлінше өте шиеленісе түсті?
a) 1956 жылғы Венгрия мәселесі;
b) АҚШ-тың Ливанға интервенциясы;
c) Англияның Иорданияға интервенциясы;
d) Кариб дағдарысы.
105. Кариб дағдарысы деген не?
a) Кубада социалистік революцияның жеңіске жетуі;
b) АҚШ-тың Кариб теңізі бассейініндегі ықпалының әлсіреуі;
c) Кариб теңізі бассейіні елдерінің ұлт-азаттық қозғалыстары;
d) КСРО-ның Кубада ракеталар орнатуына байланысты туындаған проблемалар.
106. Халықаралық қатынастардың 1970 ж. басының басты ерекшелігі қандай?
a) Халықаралық қатынастар өзгерген жоқ;
b) «Қырғи-қабақ соғыс» одан әрі шиеленісе түсті;
c) «Қырғи-қабақ соғыс» саясаты шырқау шегіне жетті;
d) «Қырғи-қабақ соғыс» кезеңінен шиеленістерді бәсеңдету кезеңі басталды.
107. Не себепті 1970 ж. басында «Қырғи-қабақ соғыстан» шиеленістерді бәсеңдету кезеңіне аяқ басылды?
a) КСРО-ның саясатын Л.И.Брежнев жүргізді;
b) Европалық мемлекеттерде социалистер билікке келді;
c) АҚШ-та демократтар билікке келді;
d) КСРО мен АҚШ арасындағы әскери-стратегиялық тепе-теңдікке қол жеткізілді.
108. 1980 ж. қай ядролық держава бірінші болып біржақты мораторийді жарты жыл бойы ұстады?
a) КСРО;
b) АҚШ;
c) Франция;
d) Англия.
109. Қай елде халықаралық қатынастар мәселелеріне жаңаша саяси ой-пікірлер принципінде қарау қолға алынды?
a) АҚШ-та;
b) Англияда;
c) КСРО-да;
d) Францияда.
110. КСРО қай жылы ядролық қаруды сынауға біржақты мораторий жариялады?
a) 1977 ж.;
b) 1979 ж.;
c) 1982 ж.;
d) 1984 ж.
111. Ядролық қаруды қысқарту туралы кеңес американ келіссөзі қашан болды?
a) 1978 ж.;
b) 1981 ж.;
c) 1987 ж.;
d) 1985 ж.
112. КСРО-ның экономикасын бейбітшілік жағдайына сәйкес қайта құру ісі неден басталды?
a) Германия экономикасының кеңес халқына қажетті бұйымдар шығаруынан;
b) Жапонияның кеңес халқына қажетті бұйымдар шығаруынан;
c) КСРО-ның қорғаныс өнімдерін шығаратын өнеркәсіп орындары халыққа қажетті бұйымдар шығару үшін қайта құрылуларынан;
d) КСРО-ның әскери өнімдерінің капиталистік елдерге халықтың тұтыну бұйымдарына айырбастай бастауынан.
113. КСРО, АҚШ, Англия үкімет басшыларының Қырым конференциясындағы шешімдері қандай болды?
a) Антифашистік коалиция құру;
b) БҰҰ-н құру;
c) Еуропада ІІ майдан ашу;
d) Германияны түпкілікті жеңудің әскери жоспары
114. БҰҰ қай жылы құрылды?
1942 ж.;
b) 1943 ж.;
c) 1944 ж.;
d) 1945 ж.
115. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары қандай қағида партиялық жетекші бағыт деп жарияланды?
a) Социализмді дүние жүзіне орнату;
b) Социализнің түпкілікті орнатылуы;
c) “Кемеденген социализмді” орнату;
d) Коммунистік қоғамды құруға көшу.
116. Соғыстан кейінгі жылдары (1946-1952) ауыл шарушылығын дамыту үшін үкімет қандай шараны жүзеге асырды?
a) МТС-тарды таратты;
b) Ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық жағынан жабдықтады;
c) Тың және тыңайған жерлерді игерді;
d) Колхоздарды ірілендірді.
117. КОКП-ның нешінші съезінде Сталиннің жеке басына табыну айыпталды?
a) XVIII съезінде;
b) XIX съезінде;
c) XX съезінде;
d) XXI съезінде.
118. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары АҚШ-тың қай президенті тұсында КСРО-мен қарым-қатынасты жақсартудың негізі қаланды?
a) Рузвельт;
b) Трумэн;
c) Картер;
d) Кеннеди.
119. ЭӨК (Экономикалық өзара көмек) кеңесі қандай мақсатпен құрылды?
a) Социалистік елдерді бірлесіп қорғау;
b) Социалистік достастық елдерінің сыртқы экономикалық қызметін координациялау;
c) Күрделі ішкі саяси бағдарламаларды бірлесе отырып шешу;
d) Мәдениет саласына жалпы саясат жасау.
120. 1957 жылы 4-қазанда КСРО-да қандай оқиға болды?
Жаңа Конституция қабылданды;
КОКП-ның XX съезі болды;
c) Хрущевтің КОКП-ның ОК-нің І хатшылығына сайланылуы;
d) Дүние жүзінде бірінші рет Жердің жасанды серігін ұшырылды;
121. КСРО Халық Комиссарларының Кеңесі қай жылы Министрлер Кеңесі болып қайта құрылды?
a) 1929 жылы;
b) 1931 жылы;
c) 1941 жылы;
d) 1946 жылы.
122. КСРО мен Жапония арасындағы соғыс жағдайының тоқтағаны туралы Декларацияға қашан қол қойылды?
a) мамыр 1945 ж.;
b) тамыз 1945 ж.;
c). қыркүйек 1945 ж;
d) қазан 1956 ж.
123. БҰҰ-н құрушы елдерді ата.
a) КСРО, АҚШ, Ұлыбритания.
b) КСРО, АҚШ, Германия.
c) АҚШ, КСРО,Италия.
d) КСРО, Жапония, Франция, АҚШ, Ұлыбритания.
124. Не себепті Хрущевтің қоғамдық өмірді демократияландыру саясаты аяқталмай қалды?
a) Себебі, ол қате саясат болды;
b) Халық бұл саясатқа қарсы болды;
c) Хрущевтің өзі әкімшілік жүйеден өсіп шықты;
d) Жергілікті партия ұйымдары қарсылық білдірді.
125. КСРО-дағы 1962-1969 ж.ж. реформалар не себепті өз жемістерін бермеді?
a) Реформаның қажеті болған жоқ;
b) Реформа жеке топтарға ғана қатысты болды;
c) Реформада экономикалық қатынастарды түбегейлі өзгерту жолдары көзделмеді;
d) Реформаны ғалымдар негіздеп, өзгеріске ұшыратпақ болды.
126. 1960 ж. экономикалық шаралар қалай жүзеге асырылды?
a) Партияның үгіт-насихатымен;
b) Экономикалық шараларда тікелей өндірушінің мүддесі қаралды;
c) Партия басшылығымен комсомол мен кәсіподақ ұйымдары іске асырылды;
d) Экономикалық шаралар тек ұйымдық қайта құрылумен ғана шектелді.
127. КОКП-ның ОК 1964 жылы қазан пленумында қандай кадрлық мәселені қарады?
a) Сталиннің жеке басына табыну әшкерленді;
b) Берияның қылмыстары ашылып, ісі сотқа берілді;
c) Хрущев жаңа кадрлық саясатты жариялады;
d) Хрущев орнынан босатылды.
128. 1960 ж. ортасында экономиканы басқаруға қандай өзгерістер енгізілді?
a) Өнеркәсіпті салалық принцип бойынша басқару;
b) Өнеркәсіпті партияның басқаруы күшейтілді;
c) Партия ұйымдары өнеркәсіптен аластатылды;
d) Өнеркәсіпті кеңестер басқарды.
129. КСРО-да «кемелденген социализм орнатылды” деген қағида қай жылдары айтылды?
a) 1946-1952 ж.ж.;
b) 1954-1959 ж.ж.;
c) 1960-1965 ж.ж.;
d) 1971-1978 ж.ж.
130. 1960-1980 ж.ж. КСРО-да құқық қорғау қозғалысының рухани көсемі деп кім танылды?
a) Синявский;
b) Солжыницын;
c) Даниель;
d) Сахаров.
131. Л.И.Брежнев өлгеннен кейін партия мен мемлекеттің басшысы кім болды?
a) Черненко;
b) Горбачев;
c) Андропов;
d) Ельцин.
132. Н.С.Хрущев қай жылы барлық мемлекеттік және партиялық қызметтерден кетірілді?
a) 10-наурыз 1956 жыл;
b) 18-маусым 1957 жыл;
c) 14-қазан 1964 жыл;
d) 10-қазан 1965 жыл.
133. Ауғанстанға кеңес әскерлері қашан енгізілді?
a) тамыз 1975 жыл;
b) қыркүйек 1978 жыл;
c) желтоқсан 1979 жыл;
d) мамыр 1980 жыл.
134. Кеңес Одағында «дамыған социализм» Конституциясы қашан қабылданды?
a) 31-қаңтар 1924 жыл;
b) 5-желтоқсан 1936 жыл;
c) 25-сәуір 1962 жыл;
d) 7-қазан 1977 жыл.
135. КСРО-ның соңғы басшысы М.С.Горбачев тарихта қандай атпен қалды?
a) Соңғы диктатор;
b) Аса ірі демократ;
c) Аса ірі реформатор;
d) Ең нашар саясаткер.
136. КСРО-ның өмір сүруінің тоқтағандығы туралы Декларация қашан қабылданды?
a) 21 желтоқсан1991 жыл.
b) 15 қазан1989 жыл
c) 6 қараша1992 жыл
d) 15 сәуір1993 жыл
137. «Қайта құру саясаты» кімнің есімімен байланысты?
a) Хрущев;
b) Брежнев;
c) Андропов;
d) Горбачев.
138. 1970 ж. басында АҚШ-тың қай президенті кезінде КСРО-мен қарым-қатынас жақсарды?
a) Рейган;
b) Картер;
c) Трумэн;
d) Никсон.
139. 1970 ж. аяғы мен 1980 ж. басындағы халықаралық жағдайдың өзгеруіне әсер еткен фактіні атаңыз.
a) КСРО-ның саяси басшыларының жиі алмасуы;
b) БҰҰ-ның рөлінің әлсіреуі;
c) Кеңес әскерлерін Ауғанстанға енгізу;
d) Социализмнің дүниежүзілік дағдарысы.
140. Ядролық сынақты ауада, космоста, су астында тоқтату туралы шартқа Москва қай жылы қол қойды?
a) 1959 жылы;
b) 1961 жылы;
c) 1967 жылы;
d)1963 жылы.
141. Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару қашан аяқталды?
a) 30-сәуір 1985 ж.;
b) 2-маусым 1986 ж.;
c) 3-наурыз 1987 ж.;
d) 15-ақпан 1989 ж.
142. ТМД қашан құрылды?
a) 17-наурыз 1991 ж.;
b) 21-тамыз 1991 ж.;
c) 8-желтоқсан 1991.;
d) 21-желтоқсан 1991 ж.
143. Барлық Еуропалық мемлекеттердің шекараларының бұзылмайтындығын мойындаған КСРО мен ГФР өзара келісімшартқа қашан қол қойды?
a) 1949 жылы;
b) 1985 жылы;
c) 1969 жылы;
d) 1970 жылы.
144. Бұрынғы кеңес ақыны, әдебиет жөніндегі Нобель сыйлығының лауреаты:
a) Бродский;
b) Евтушенко;
c) Рождественский;
d) Вознесенский.
145. Ресей орбитальдық станциясының атауы:
a) «Союз»;
b) «Мир»;
c) «Старт»;
d) «Салют».
146. IV бесжылдықтың негізгі экономикалық міндеті қандай болды?
a) Халық шаруашылығын дамыту;
b) Кейбір экономикалық көрсеткіштер бойынша АҚШ-ты озу;
c) Жаңа социалистік лагерь елдеріне жәрдем беру;
d) Құлаған шаруашылықты қалпына келтіру.
147. Хрущев 1960 жылы қандай белгіге қарап партия ұйымдарын 2-ге бөлген?
a) Ұжымдастырудың санына қарай;
b) Өндірістік белгіге қарай;
c) Территориялық сипатына қарай;
d) Әкімшілік белгіге қарай.
148. 1947 жылы Кеңес халқының өмірінде қандай әлеуметтік өзгерістер болды?
a) Карточка жүйесі жойылды
b) Бағалар өсті;
c) Жалақы өсті;
d) Зейнетақы өсті.
149. 1991 жылы Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы қандай қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді?
а) биологиялық қару.
б) химиялық қару.
с) ядролық қару.
д) аталғанның бәрі.
150. Қай жылдар аралығында Әзірбайжан Закавказье Кеңестік Социалистік Федеративтік Республика құрамында болды?
а) 1920-1936 ж.
б) 1921-1937 ж.
с) 1922-1936 ж.
д) 1924-1937 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |