- КСРО-ның экономикасының қайта қалыпқа келе бастауы. Бағдарлама мен түпдеректер. 1947 ж. Ақша реформасы;
- Соғыстан кейінгі жылдардағы КСРО-ның ауыл шаруашылығына назар. КСРО территориясының кеңеюі. Сталинизм. Космополитизммен күрес.;
- Сталиннің ішкісаяси доктринасы және оны жүзеге асыру (1945-1953). Дүниежүзілік социалистік жүйе.
- ХІХ съезд ВКП (б) – КПСС. Жарғыдағы өзгеріс. Партиялық және мемлекеттік әкімшіліктің орталықтануы.
26-дәріс «Кемелденген социолизм» дәуіріндегі КСРО. (1964-1985) 1-сұрақ. 60 ж. экономикалық реформа. Тоқырау белгілерінің күшеюі. 1964 ж. 14-қазанда СОКП ОК Пленумы Н.С. Хрущевты орнынан түсіріп, партия хатшысы етіп, Л.И. Брежневті тағайындады. Тарихи әдебиетте Л.И. Брежнев ұстанған бағыт консервативтік бағыт деп бағаланады.
1965 ж. СОКП ОК наурыз және қыркүйек Пленумдарының шешімдеріне байланысты елде шаруашылық саласында реформаны жүзеге асыру басталды. Ауылшаруашылық өнімдерін даярлаудың жаңа жоспарлары белгіленді. Мемлекеттің астық сатып алу бағасы 1,5, 2 есе өсті. Колхозшылар тұрақты түрде ақшалай еңбек ақы ала бастады. Ауылшаруашылығының материалдық-техникалық базасын бекітудің нақты шаралары белгіленді:
1. Ауыл шаруашылығын электрофикациялау бағдарламасы.
2. Аграрлық өндірісті химизациялау.
3. Егістік даланы суландыру және мелиорациялау.
1966-1980 жж. аралығында ауылшаруашылығына 383 млрд. Сом инвистиция салу белгіленді. Осы шаралар ауыл шаруашылық өндірісін көтеруде үлкен маңыз алды. Алайда осы бағдарламаны жүзеге асыруда үнемі жоспардан ауытқу байқалды.
Ауыл шаруашылығындағы қайта құрулармен қатар өнеркәсіп саласын реформалау ісі жүргізілді. Реформа мазмұнын даярлауда КСРО Министрлер Советінің төрағасы А.Н. Косыген белсенді роль атқарды. Өзінің көзқарастары жағынан жоспарлы экономика шеңберінде экономикалық қатынастарды либерилизиялау бағытын ұстанды. Реформаның мақсаты орталықтанған жоспарлау негізінде кәсіпорындардың белсенділігімен праволарын кеңейту арқылы елдің экономикасын басқаруды жетілдіру болатын. Басқару құрылымы өзгерді:
Территориялық принциптен басқарудың салалық принциптеріне көшті. Совнархоздар жойылып, салалық министрліктер қайтадан құрылды. Өнеркәсіп орындарына белгілі-бір деңгейде автономиялық праволар берілді.
Кәсіпорындар бірыңғай мемлекеттік жоспар шеңберінде шаруашылық есепке көшіріліп, жоспарлау мәселесінде, негізгі фондыларды пайдалану мәселесінде өзіндік шешім қабылдау құқығын алды. Өндірістен түскен пайданың бір бөлігін өндірісті дамытуға, материалдық ынталандыруға, әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсау құқығын алды.
Реформа 1966 ж. қаңтарда басталды. 1970 ж. аяғында 41 мың өнеркәсіп орындары (барлығы 49 мың болатын) шаруашылықты ұйымдастырудың жаңа жүйесіне көшті. Реформаның позетивті нәтижелерін көруге болады. Мысалы: 1966-1970 жж. сегізінші бесжылдық барлық көрсеткіштері жағынан осы кезге дейнгі бесжылдықтар нәтижелерінен асып түсті. Экономиканың тұрақты даму тенденциялары қалыптасты.
Өндіріс көлемінің өсу қарқыны ұлғайды.
Ұлттық табыс өсті.
Еңбек өнімділігі артты. Екі мыңдай жаңа өнеркәсіп орындары салынды.
Сонымен соғыстан кейінгі он жыл ішінде индустрилизация міндеті
жүзеге асты. 60 ж. реформалар елдің экономикалық дамуында үлкен роль атқарғандығын баса айтуға болады. Алайда бұл қарқын қысқа мерзімді болды. Реформа басқарудың экономикалық әдістерінің ролін күшейткенімен, ескі шаруашылық механизмді өзгерте алмады. Жоспарлы-директивалық экономика жаңа басқару әдістерін тез бейтараптандырды. 70 ж. басында реформалар бірте-бірте тоқырады.
1970-1985 жж. аралығында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында күрделі, қарама-қайшы процестер жүрді. Экономика көлемі ұлғайды. Ұлттық табыс 4 есе өсті. Ауыл шаруашылық өндірісі 1,7 есе өсті. КСРО-да бірыңғай халық – шаруашылық комплексі қалыптасты, бірыңғай энергетикалық, транспорт жүйесі қалыптасты. 1960-1985 жж. 9 мың жаңа өнеркәсіп орындары іске қосылды. Территориялық-өндірістік комплекстер құрылды. (ТӨК). 70 ж. Батыс-Сібір, Павлодар-Екібастұз, Красноярск-Ачинска, Саян-Шушенска ТӨК құрылды.
Алайда осы аталған жетістіктер мен қатар экономикада тоқырау, дағдарыс белгілері байқала бастады. 1971-1985 жж. аралығында ұлттық табыстың өсу қарқыны 2,4 есе төмендеді, өнеркәсіп саласында 2,5 есе, ауыл шаруашылығында 3,5 есе 1981-1985 жж. аралығындағы ХІ бесжылдықтың көрсеткіштері орындалмады. Тоқырау-стагнация жағдайы қалыптасты. Бұл құбылыстың әралуан себептері болды, көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша негізгі себеп экономикалық моделге байланысты болды:
Директивалық экономика экстенцивтік дамудың барлық факторларын сарқып, прогресті қамтамасыз ету қабылетінен айырылды.
Экономиканы милитаризациялау. Ұлттық табыстың 20% әскери салаға жұмсалды. Машина жасау заводтарының 60-80% Әскери Өнеркәсіп Комплекс тапсырыстарын орындап жатты.
АҚШ-пен әскери саладағы жарыс нәтижесінде екі елдің әскери қуаты тепе-тең жағдайға жетіп еді (паритет). Міне, осының өзі экономиканы тұралатып, қоғамдағы тоқырау тенденцияларын қалыптастырды.
Кеңес экономикасы ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін баяу енгізіп, батыстағы технологиялық революцияға қатыса алмады.
Партияның ХХІҮ-ХХҮІ съездерінде елдегі қалыптасқан жағдайлар жан-жақты талқыланғанымен, ондаған қаулы-қарарлар қабылданғанымен жағдайды түзету мүмкін болмады. Директивалық экономика негізінде тоқыраудан шығу мүмкін емес. Тоқыраудың ең басты көрсеткіші ретінде мысал келтіруге болады. КСРО халқының жан басына шаққандағы табыс деңгейі тұрғысынан әлемде 77 орында болды.