Ресей және Кеңес мемлекеттерінің тарихы


Реформа дәуіріндегі Россияның әлеуметтік экономикалық дамуы



бет131/194
Дата05.02.2022
өлшемі3,54 Mb.
#19429
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   194
Реформа дәуіріндегі Россияның әлеуметтік экономикалық дамуы.
Ресей капитализмі.
ХІХ ғ. 60-70 жж. Ресей капитализмі ескі саяси жүйе жағдайында қалыптасып дамыды, сондықтан да әлеуметтік экономикалық процестер күрделі және қарама – қайшылық жағдайда дамыды.
Крепостниктік правоның жойылуы еркін жұмыс қолын қалыптастырып, капитал қорлануына жағдайлар жасады. 80 ж. басында Россияда өнеркәсіп төңкерілісі аяқталды. Ендігі күн тәртібіндегі негізгі мәселе – индустриализация мәселесі болды. Әлемдік модернизациялау процесінде кенже дамып келе жатқан Россия алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін, техникалық жаңалықтарын және кадрларды пайдаланды. Ең бірінші қатардағы экономиканың басты саласы өнеркәсіп болды. 70 ж. аяғында жүн, мата тоқу өндірісі ірі машиналы өндіріске айналды. Тау кен өндірісі қарқынды дами бастады. 1860-1890 жж. аралығында көмір өндіру 20 есе өсті.
Елдің өнеркәсіп географиясы өзгерді. Оңтүстік (Домбасс, Екатеринослав, Баку) өнеркәсіп ауданы қарқынды дамыды. Транспорт өнеркәсібінің ірі орталықтары Сормоло, Луганско, Колона болды. Ауылшаруашылық техникасы Харьковте, Одессада, Бердянскіде қалыптасты.
Өнеркәсіп дамуы оның шоғырлануымен қатар жүрді. Ірі өнеркәсіп орындары құрылды. Олардағы жұмысшылар саны өсті. Мысалы: 1866-1890 жж. аралығында 100 және одан да көп жұмысшылары бар өнеркәсіп орындары 1,5 есе өсті. Жұмысшылардың шоғырлану деңгейі жоғары болды. 1890 ж. 500 және одан да көп жұмысшылары бар өнеркәсіп орындарында елдің барлық жұмысшыларының 50% -і шоғырланды, ал, АҚШ-та 3/1 болатын.
Елдің индустрияландыру процесінде темір жол жүйесінің дамуы үлкен роль атқарады. 1857 ж. Ресей темір жолдарының Басты қоғамы құрылды. Реформа дәуірінде темір жол ұзындығы 3 есе өсті.
ХІХ ғ. ІІ жартысында ішкі және сыртқы рынок дамуы өте қарқынды болды. Әсіресе ішкі астық рыногы дамыды. Рынокқа түкен астықтың 60%-і ішкі рынокқа, 40%-і сыртқы рынокта сатылды.
Реформа дәуірінде елдің капиталистік жолмен дамуына сай банк және кредит жүйесі қалыптасты. 1860 ж. Мемлекеттік банк құрылды. 90 ж. оның 110 филиалы жұмыс жасады. Сонымен қатар жеке банктар жүйесі қалыптасты. 1864-1870 жж. оның саны 31 жетті. 1864-1879 жж. 15 жылдың ішінде банк салымдары 4 есе өсті.
Елдің экономикасының дамуында шет ел капиталы елеулі роль атқарды. 1890 ж. Ресей экономикасына 200 млн., ал 1900 ж. 900 млн. инвестиция енді. Ресей өнеркәсібіне негізінен Франция, Англия, Германия, Белгия капитал салды. Шетел капиталы үшін тиімді жағдайлар жасалды. Олардың табыс мөлшері өте жоғары болды. Шетел капиталы негізінде ірі өнеркәсіп орындары салынды. Мысалы: Ағылшын-ЮЗ, Швед-ағайынды Новельдер, Француз-Гужун, Неміс-Зингер аттары әлемге әйгілі болды. Әрине шетел капиталының осылайша енуі Ресей экономикасын шетел рыногына тәуелді ете бастады.
ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Ресей экономикасын модернизациялау елдің әлемдік деңгейіндегі жағдайын бекіткенімен, алайда озық дамыған елдерді қуып жету мүмкін болмады, себебі алшақтық өте зор болатын.
Крепостниктік право жойылғаннан кейін ауылшаруашылығы да капиталистік даму жолына түсті. Феодалдық жүйе қалдықтары сақталғанмен, шаруалар мен помещиктер бірте-бірте нарықтық қатынасқа тартыла бастады. Шаруашылықтың негізгі екі типі қалыптасты: 1. Жұмыспен өтеу жүйесі үстем болған шаруашылықтар, 2. Өз қожалықтарын капиталистік даму жолына салып, жалдамалы еңбекті пайдаланған қожалықтар. 80 ж. шаруашылықтың осы екі типі үстем бола бастады.
Крепостниктік право жойылғаннан кейін ауылшаруашылық өндірісінің дамуы байқалады. Бидай егу 1,5 есе өсті 1861-1865 жж. сыртқы рынокқа 80 млн. пұт астық шығарылса, 1805 ж. 609 млн. пұт астық шығарылды.
80 ж. басында ауылшаруашылығы өте қиын жағдайға тап болды. Әлемдік рынокқа АҚШ, Аргентина, Канада шықты да, астықтың бағасы түсті. Бұл әлемдік дағдарыс 20 жылға созылды. Сонымен қатар астықтың шықпай қалуы, қуаңшылық бірқатар аудандарда аштық байқалды. Әсіресе 1891-1892 жж. елдің 29 губерниясында аштық болып, 600 мың адам өлді.
Сонымен реформа дәуіріндегі экономикадағы негізгі процесс капитализм дамуы болатын. Алайда, экономиканың әртүрлі салаларының дамуы, елдің әртүрлі аймақтарының дамуы біркелкі болмады. Капитализм тез және қарқынды өнеркәсіп саласында дамыды, ал ауылшаруашылығында бұл процесс жай жүрді. Ресей экономикасы көпуклатты экономика болатын, яғни капитализммен қатар ұсақтоварлы және патриархалды – натуралды өндіріс сақталды.
Елдің экономикасының дамуында мемлекет зор роль атқарды, капиталистік қайта құрулардың негізгі факторы мемлекет болды. Сондықтан да Ресей капитализмі жоғарыдан басқарылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет