Ресей және Кеңес мемлекеттерінің тарихы


-сұрақ Ақпан революциясы және оның тарихи маңызы



бет146/194
Дата05.02.2022
өлшемі3,54 Mb.
#19429
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   194
1-сұрақ Ақпан революциясы және оның тарихи маңызы.

1917 ж. Ақпан революциясы 1905-1907 жж. тарихи циклды аяқтап шыққан буржуазиялық - демократиялық революция болды және буржуазиялық революцияға тән міндеттерді шешті.


1. Конституциялық құрылысты қалыптастырды.
2. Азаматтық және саяси бостандықтарды орнатты.
3. Капиталистік қатынастардың дамуына қолайлы жағдайлар туғызды.
Россиядағы 2 буржуазиялық-демократиялық революциялардың арасында логикалық байланыс бар. Елдің капиталистік эволюциясының ерекшеліктері революциялар себептеріне айналды, яғни, самодержавиялық үкімет күні жеткен әлеуметтік-экономикалық және саяси проблемаларды шешуге қабылетсіз болды. 2 революциялар барысында патша үкіметі бұрын- соңды кездеспеген жаппай оппазициялық қозғалысқа тап болды.
Екі революцияларды туғызған жалпы себептермен қатар (жұмысшы табын қанау, шаруалардың жерсізденуі, полицайлық және рухани қанау) Ақпан революциясы І-дүниежүзілік соғыс туғызған дағдарыстарға байланысты басталған да болатын.
Соғыс Россияны экономикалық күйреу шегіне алып келді. Күн сайынғы әскери шығын 50 млн. сомға жетті. Өнеркәсіп өндірісі 20% және одан да көп деңгейде қысқарды. Соғыс жылдарында 1000-дай өнеркәсіп орыны жабылды. Транспорт, жағармай өндірісінің жағдайы қиындады. Нарықтық байланыстар бұзылды.
Экономикалық дағдарыс саяси дағдарысқа ұласты. Қоғамның моральдық жағдайы күрделенді. Материалдық жағдайдың төмендеуі патша үкіметіне қарсы саяси наразылықты туғызды. Елде әртүрлі бағыттағы оппазициялық қозғалыстар күшейді. Буржуазия саяси билікке ұмтылды. Радикалды оппазиция кәсіподақтарды құрып, жұмысшы партияларының қызметін ресімдеуді талап етті.
Соғыс жылдарында жұмысшы шаруа қозғалысы күшейді. Оппазициялық көңіл-күй армияны қамтыды. 11 млн-дық армия негізінен жұмысшылар мен шаруалардан тұрды. Сонымен 1917 жылдың басында елде терең әлеуметтік-экономикалық, саяси дағдарыс қалыптасты.
Революция 1917 ж. 23-ақпанда басталды. 120 мың Петроград жұмысшылары «Нан!», «Соғыс тоқтатылсын!» деген ұрандармен көшеге шықты. Қозғалыс тез қанат жайып, 25-ақпан күнгі ереуілге 305 мыңдай адам қатынасты. Бұл Петроград жұмысшыларының 80% болатын. 27-ақпанда Петроград гарнизоны көтерілісшілер жағына шықты. Бұл революцияның жеңісі болып есептелінеді. Революция барысында большевиктер жұмысшы депутаттар Кеңесін құру туралы шешім қабылданды. 27-ақпан күні жұмысшы депутаттар Кеңесінің І отырысы ашылды. Кеңес төрағасы болып, меньшевик Н.С. Чхеидзе және оның құрамына А.Ф. Керинский (эсер) және М.С. Скоблев (меньшевик).
(846 депутаттың 50-і большевиктер).
Кеңес «Ресей халқына үндеу» қабылдады. Елде құрылтай жиналысын шақырып, тең, тіке сайлау өткізу жөнінде шешім қабылданды.
2- наурыз күні Уақытша үкімет құрылды. Төрағасы Г.Е. Львов. Үкімет құрамына 12 адам – 6 кадет, 5-октябрис кірді. А.Ф, Керинскии юстиция министрі болып тағайындалды.
3-наурызда Уақытша үкімет Декларация қабылдады. Декларацияда:
1) өлім жазасына тыйым салынды.
2) Саяси амистия.
3) Сөз, жиналыс жасау бостандығы жарияланды.
Ақпан буржуазиялық-революциясы ерекше саяси жағдаймен аяқталды. Қос үкімет құрылды.

    1. Революциялық-демократиялық (Петроград кеңесі).

    2. Буржуазиялық уақытша үкімет.

1917 ж. 2-ақпанда Николай ІІ тақтан бас тартатындығы туралы монифеске қол қойды. 300 жылға созылған Романовтар династиясының тарихы аяқталды. Ақпан революциясының ең басты тарихи маңызы саяси жүйе ретіндегі монархияны жойды. Алайда елде екі типтегі мемлекеттілік қалыптасты. 1. Буржуазиялық республика.


2. Кеңестер республикасы.
Бұндай қосарланған саяси биліктің ұзаққа созылуы мүмкін емес. Мәселе түбегейлі Құрылтай жиналысында шешілуге тиісті болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет