Ресей және Кеңес мемлекеттерінің тарихы



бет166/194
Дата05.02.2022
өлшемі3,54 Mb.
#19429
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   194

1-сұрақ.


Соғыстан кейінгі кезеңдегі КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық - саяси дамуы өте күрделі жағдайда болды. Ұлы Отан соғысындағы жеңіс орасан зор адам және материалдық шығындар нәтижесі болатын. Ел ұлттық табыстың 1/3 айырылды. Фашистік германияның КСРО-ға қарсы соғысы елді толық жою мақсатын қойды. Окупацияланған аудандардың барлық өндіріс орындары, әлеуметтік сфера түгел қиратылды. Гитлердің бір директивасында «жау территориясында өмірге қажетті бірде-бір өндіріс орыны, халқы, тұрағы қалмау керек» деген еді.
Соғыстан кейінгі жылдарда экономиканы бейбіт жолға салу негізгі міндет болып есептелінді. Бұл әрине орасан зор қажыр-қайратты, ұйымшылдықты қажет етті. 1945 ж. қыркүйекте елде орныққан төтенше жағдай жойылды, Мемлекеттік қорғаныс Кеңесі жұмысын тоқтатты. Елді басқарудың барлық функциялары ХК Кеңесіне берілді, бұл орган 1946 ж. наурызда КСРО министрлер Кеңесі болып қайта құрылды.
1945 ж. маусым айынан бастап – ақ 500 өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс қажеттерін өндіруге көшірілді, 8 сағаттық жұмыс күні қалпына келтірілді. Соғыстан бейбіт тұрмысқа көшудің тағы бір күрделі проблемасы армияны демобилизациялау болатын. 1945-1948 жж. 8,5 млн. адам бейбіт тұрмысқа қайта оралып, оларға мемлекет тарапынан әр алуан көмек берілді. КСРО Қарулы күштері 11,5 млн-нан 2 млн. 874 мыңға дейін қысқарды.
Соғыстан кейінгі кезеңдегі халық шаруашылығын қалпына келтірудің негізгі бағыттары халық шаруашылық жоспарларында анықталды. Партия1945 ж. тамызда Мемлекеттік Жоспарлау Комитетіне 1946 -1950 жж. аралығындағы бесінші халық шаруашылығын дамытудың жоспарын әзірлеуді тапсырды. Негізгі міндет – елдің халық шаруашылығын қалпына келтіру. Әсіресе тұтас экономиканың базасы болып саналатын ауыр өнеркәсіпті дамытуға ерекше мән берілді.
1946 ж. наурызда КСРО Жоғарғы Кеңес сессиясында бесінші бес жылдық жоспар бекітілді. Жоспар міндеттерін жүзеге асырудың ішкі, сыртқы қиындықтары бар. 1946 ж. бастап-ақ анти гитлерлік коалиция құрамындағы КСРО одақтастары «Қырғи қабақ соғыс» саясатына көшті. У. Черчилльдің Фултон қаласындағы сөйлеген сөзінде «қырғи қабақ» соғыс саясатының принциптерімен негізгі мазмұны айқындалған болатын. Батыс әлемінде орныққан антикомунистік саясат өзінің жаңа сатысына көтерілді. Сондықтан КСРО халық шаруашылығын қалпына келтіруде КСРО тек өзінің ішкі мүмкіндіктеріне ғана сүйенді.
Өте қысқа мерзімде халық шаруашылығы орнына келтірілді, жаңа өнеркәсіп орындары да салынды. Орал, Сібір, Орта Азия, Закавказье аудандарында алып өндіріс орындары іске қосылды. Барлығы 6200-дей өнеркәсіп обьектілері қалпына келтірілді. Сонымен қатар елдің Қарулы күштерін жаңадан қалыптастыру, елдің қорғаныс қабылетін күшейту бағытында да бірқатар шаралар жүргізілді. Бұл салаға бюджеттен финанс қаражаттары бөлінді, ғылыми потенциал мүмкіндіктері де ескерілді. Осы соғыстан кейінгі кезеңде әскери-өнеркәсіп комплексінің (ВПК) жаңа ғылыми жетістіктері негізінде көлемді қалыптасу жүзеге асты. Ракета құрылысына, авиацияны дамытуға ерекше мән берді. 1949 ж. тұңғыш рет атом бомбасы сынақтан өтті, сөйтіп атом бомбасы саласындағы монополия жойылды. 1948 ж. өнеркәсіп деңгейі соғысқа дейінгі сатыға жетті, ал 1950 ж. өнеркәсіптің барлық көрсеткіштері жоспардан асып түсті.
Төртінші бесжылдық ресми статистика мәліметтері бойынша 4 жыл 3 айда орындалды. Совет халқының қажырлы еңбегі және ел тағдырына деген патриотттық сезім еңбек энтузиазмын қалыптастырды. «Халық шаруашылығын қалпына келтіруге барлық күш жұмсалсын» деген ұран күнделікті өндіріс тәртібінің ережесіне айналды.
40-50 жж. тоғысында колхоздарды жаппай ірілендіру ісі басталды, 225 мың колхоздан 94 мың колхоз ұйымдастырылды. 1947 ж. карточкалық жүйе жойылды және күнделікті тұтыну тауарларына баға төмендетілді. Әрине әлеуметтік салада әлі де шешілмеген мәселелер көп болатын.
Соғыстан кейінгі кезеңде қоғамның рухани тұрмысында елеулі өзгерістер болды. 1946-1947 жж. партия жиналыстарында КСРО конституциясын және ВКП (б) Уставының жаңа жобаларын талқылау ұйымдастырылды. Конституция жобасында бірқатар прогрессивті идеялар айтылды:

  1. Жеке бас құқығы мен еркіндігін кеңейту.

  2. Қоғамдық тұрмысты демокритизациялау.

  3. Партия ішіндегі демократиялық принциптерді күшейту.

  4. Кадрларды ротациялау принципі. т.б.

Бірақ бұл идеялардың бірде-біреуі де жарияланбады.
Соғыстан кейінгі кезеңде репрессиялық саясат одан әрі күшейе берді. 1945 ж. ГУЛАГ жүйесінде 1,5 млн-дай адам болса, ал 1950 ж. 2,5 млн-дай адам болды.
1946 ж. көктемінен бастап интеллегенция үстінен саяси бақылау күшейтілді. Тамыз айында А.Ахматова, М. Зощенко шығармалары қатаң сынға алынды. ВКП (б) ОК «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы қаулысы шықты. Сол сияқты «Драма театрларының репертуары» туралы және «Үлкен өмір» кинофильмі туралы қаулылар шықты. Бұл қаулыларда көрнекті мәдениет қайраткерлері сынға алынды. Д. Шостакович, С. Прокофьев, В. Мурадели, А. Хачатурян сияқты әлемге аты әйгілі композиторлардың шығармашылығы анти халықтық, формалистік бағытта деп айыпталды. 1948 ж. белгілі академик Т. Лысенко және т.б. ғалым-генетиктер қуғындалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет