2-сұрақ. Н.С. Хрущев «жылымық» кезеңі 1953-1964 жж. 1953 ж. 5- наурызда Сталин қайтыс болды. Миллиондаған совет халқы жеке басының трагедиясы деп есептеді. Сталиннің өлімі мен совет қоғамының ерлік және қасыретке толы тарихының кезеңі аяқталды. У. Черчилль Сталинді «Шығыс-тираны және Ұлы тұлға» деп есіне алатын. Сталин қайтыс болғаннан кейін партия ішінде саяси билік үшін күрес күшейді. Саяси билік басында Г.М. Маленков, Л.П. Берия, Н.С. Хрущев тобы отырды. Саяси күрес барысында Берия тұтқындалды. 1953 ж., 1955 ж. Совмин төрағасы Г.М. Маленков отставкаға кетті. 1958 ж. партия хатшысы Н.С. Хрущев КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
1956 ж. ақпанда партияның ХХ съезі шақырылды. Съезде «Жеке басқа табынушылық және оның салдарлары» деген баяндаманы Хрущевтің өзі жасаған болатын. Баяндамада Сталин психологиялық портреті сипатталып, саяси қызметіне баға берілді. Жеке басқа табынушылықтың салдарлары туралы айтылды. Баяндамада 1922-1923 жж. жазылған Ленинннің «Съезге хат» деген хатының мазмұндамасы жарияланды. Хатта партияның ОК мүшелерінің бірқатарына сипаттама берілген еді. Сонымен қатар Сталинді өте қатал, мейірімсіз адам ретінде бағалады. Мүмкіндігі болған жағдайда партияның бірінші хатшысы етіп басқа адамды тағайындау туралы айтылған еді.
1956 ж. ВКП (б) ОК «Жеке басқа табынушылық және оның салдарлары» деген қаулысы шықты. Бұл қаулыда жеке басқа табынушылықтың қалыптасуының себептері көрсетіледі. 1. Социолистік қоғам құрылысының қиыншылықтары саяси билікті бір қолға шоғырландыруды қажет етті.
2. Сталиннің жеке басының ерекшеліктері айтылады.
ХХ съезд елдегі «жылымық» дәуірінің басы болды. 1930-1950 жж. репрессияға ұшырағандар реабилитацияланды, жүздеген, мыңдаған адамдар елге қайтты. 1956-1957 жж. шешен, ингуш, балкар, қарачай, қалмақ халықтарының мемлекеттілігі қалпына келтірілді. Троцкий, Бухарин, Зиновьев, Рыков аттары әлі аталмай жатты.
ХХ съезден кейін қоғамдық сана мен мәдениетте үлкен өзгерістер болды, қоғамның рухани жаңғыруы жүрді.
ХХ съезден кейін қоғамдық сана мен мәдени тұрмыста елеулі өзгерістер жүрді. Әсіресе әдебиет саласындағы серпіліс нәтижесінде «Юность», «Наш современник», «Моладая гвардия», «Иностранное литература» журналдары шығарылып, қоғам тұрмысындағы проблемалар талқыланды.
Б. Пастернак, Д. Гранин шығармалары қалың қауымның назарына ілікті.
«Доктор Живаго» романы үшін Б. Пастернакқа Нобель сыйлығы берілді. Сол сияқты А.А. Вознесенский, Э.Н. Нейзвестный, М.М. Худциев т.б. мәдени қайраткерлердің аттары кеңінен танымал болды.
50 ж. басында КСРО-да халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңі аяқталды. 50-60 ж. (6-7- бесжылдық кезеңі) экономикалық даму тұрғысынан алғанда ең сәтті кезең болып есептелінеді. Экономиканың дамуы 5-6 % өсті.
Халық шаруашылығын одан әрі дамытуда 50 ж. жүргізілген шаруашылық реформаларын атауға болады. 1953 ж. СОКП ОК қыркүйек Пленумы ауыл шаруашылығын дамытудың шараларын анықтады. Мемлекеттің ауыл шаруашылық өнімін сатып алу бағасы 3 есе өсті, үй жанындағы шаруашылыққа салынатын салық жойылды.
1954 ж. ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі бағыты тың және тыңайған жерлерді игеру болды. Тыңды көтеру жылдарында 33 млн. гектар жер егістікке айналды. 1956 ж. 125 млн. тонна астық жиналды, соның 40% тың аудандарынан жиналған болатын. Тыңды көтеру науқанында көптеген қиыншылықтарға қарамастан, жалпы халықтық энтузиазм, рухани жаңғыру, патриоттық сезім тұтастай қоғамның рухани-психологиялық мазмұны болды деп айта аламыз.
1958 ж. МТС-ларды реорганизациялау туралы заң шықты. Техника түгелдей колхоздарға сатылды. Бір мезгілде колхоздар ірілендірілді, кейбір колхоздар совхоздарға айналдырылды.
Экономиканы басқаруды децентрализациялау үшін 1954 ж. әкімшілік реформасы жүргізілді. Көптеген одақтық және республикалық Министерстволар жойылып, республикалық және облыстық аймақтық халықшаруашылық Кеңестері құрылды. (СОВ нархоздар) Стратегиялық салалар: қорғаныс, авиация т.б. салаларда ғана орталықтанған басқару жүйелері сақталды. Бірақ бұл жүйе тиімді болмағандықтан 1956 ж. қайтадан министрлік жүйеге оралды.
1961 ж. СОКП-ның ХХІІ съезінде СОКП-ның ІІІ бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама бойынша 1980 ж. коммунистік қоғамның материалдық-техникалық базасын жасау белгіленді. Бағдарлама утопиялық мазмұндағы бағдарлама болатын.
1954 ж. Н.С. Хрущев барлық партия және мемлекеттік қызметінен босатылды. Хрущев дәуірінің өзіндік қиыншылықтары болды. Дағдарыстар, қарама-қайшылықтар айқын байқалды. Алайда бұл кезеңді «Жылымық» кезеңі деп атайды. Десталинизация процесі жүрді, сыртқы және ішкі саясаттың бұрынғы стереотиптері өзгерді. КСРО дамуының жаңа басым бағыттары айқындала түсті. Хрущев дәуірін тарихи әдебиетте субьективті саясат дәуірі деп те атайды.